Презентация по химии на тему К?кірт ж?не оны? ?осылыстары


Күкірт және оның қосылыстары Күкіртсутек Н2S Табиғатта таралуы және физикалық қасиеттері Күкіртсутек –шіріген жұмыртқа йісті,түссіз газ.-60°с-та сұйық күйге ауысады.ал -86° с-та қатады.Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында,емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі(Алма-Арасан т.б)Күкіртсутек өте улы,оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып,тіпті өліп те кетуі мүмкін.Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып,сал ауруын туғызады.Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек. Химиялық қасиеттері Күкіртсутеке тотықсыздандырғыш қасиет тән.2Н2S +O2→2S+2H2O S- тот-с-ш , O2- т-т-шМеталдармен әрекеттесіп сутек бөледі,активтік қатарында сутекке дейін тұрған металдармен:Н2S+Mg → Mg S+ Н2↑Галогендермен әрекеттескенде сәйкес галогенсутек қышқылдарын түзеді: Br2 + Н2S →2HBr+SКүкіртсутек екі негізді қышқыл болғандықтан,орта(сульфидтер)және қышқыл тұздар(гидросульфаттар) түзеді. Н2S+КОН →КНS+H2O Алынуы: Зертханада: Н2S Кипп аппаратында алынады:ҒеS+ 2HCI → Н2S↑ + ҒеCI2 Қолданылуы: Күкіртсутек емдік қасиеті бар,буын ауруларын емдеуде күкіртті сутек ванналарында қолданыладыКүкірттісутектің тұздарымен түсі әр түрлі тұнба түзуі аналитикалық химияда ерітіндіден сәйкес металл катиондарын бөлуде және анықтауда қолданылады SO2 SO3 Физикалық қасиеттері Күкірт екі түрлі оксид түзеді:S(ІҮ)оксиді-SO2(күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді),бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар,түссіз газS(ҮІ)оксиді-күкірт ангидриді- SO3,ұшқыш,түссіз сұйықтық;олар суда жақсы ериді,нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі,олай болса бұлар қышқылдық оксидтер Алынуы Зертханада: Күкіртті ауада жағу арқылы 2S+O2→ SO2Өндірісте: 2ZnS+3O2 → 2ZnO+ 2SO22SO2+O2 → 2SO3 Химиялық қасиеттері Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді: SO2+Na2O→Na2SO3Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзе жүредіSO2+2 NaOH →Na2SO3+H2O Қолданылуы SO2-қантты,маталарды,сабынды ағарту үшін,қоймаларды аластау үшін қолданылады. КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ Н2SO4 Физикалық қасиеттері Күкірт қышқылы-түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1,84г\мл майлы сұйықтық Кейде оны “купорос майы” деп атайды.Ылғал тартқыш Күкірт қышқылы суда жақсы ериді. Еру кезінде көп мөлшерде жылу бөлінедіАуадан және басқа газдардан су буын жақсы тартады Химиялық қасиеттері Күкірт қышқылы күшті және белгілі минералды қышқылдар ішіндегі тұрақтысыСұйылтылған күкірт қышқылына күшті қышқылдың барлық қасиеттері тән. Олар негіздік оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттеседі.Кернеу қатарындағы сутектің оң жағындағы металдар сұйылтылған күкірт қышқылында ерімейді. Сульфат иондарына сапалық реакция Күкірт қышқылына және оның тұздарына барий тұздарының ерітіндісі реактив болып табылады. Ва2 катионы SО4 анионымен іс жүзінде ерімейтін ақ тұнба түзеді: Ba2 + SO4 = BaSO4 Қолданылуы Күкірт қышқылымен тікелей немесе жанама байланыспаған химиялық өндіріс салаларын айту қиын. Күкірт қышқылы жан-жақты қолданылуы бойынша бірінші орында тұр. Оны химия өнеркәсібінің “наны” деп санайды, себебі басқа қышқылдарды алуда, мұнай өнімдерін тазалауда, қант өндірісінде, өсімдік майын тазалауда, газдарды құрғатуда, сода, бояу, жасанды талшық өндірісінде, органикалық синтез және т.б. қолданыладыНегізгі химиялық өнеркәсіпте күкірт қышқылы тыңайтқыштар алуда қолданылады Сульфаттар Күкірт қышқылының тұздарын сульфаттар деп атайды. Күкірт қышқылы екінегізді болғандықтан, ол тұздарды екі қатарына түзеді: орта-сульфаттар және қышқыл-гидросульфаттар Күкірт қышқылының тұздары да өте көп қолданылады. Күкірт қышқылы тұздарының ішіндегі тұздарына маңыздыларына мыналар жатады:Кальций сульфатыCASO4 кристалгидрат түрінде кездеседі:гипс,алебастр.Гипсті кыздырганда ол алебастрга айналады.Алебастрды медицинада сынақтың сыртынан орап таңуда және тіс протезін дайындауда қоолданады Күкірт S Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы Физикалық қасиеттері Күкірт –сары түсті,қатты кристалды затОның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық,моноклинді,пластикалықҚалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түріндетұйықталған сегіз атомнан тұрадыСуда күкірт ерімейді,спирт пен эфирде нашар ериді;бензолда,күкіртті көміртекте және т.б.жақсы ериді Химиялық қасиеттері Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та бола аладыкүкірттің жай заттармен әрекеттесуікүкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседіЖоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі(жанады) Табиғатта таралуыКүкірттің табиғи қосылыстары Балқаш,Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер( ZnS,PbS, FeS,т.б)күйінде болса,сульфаттары(СаSO4. 2 H2 O, Na2 SO4 .10H2 O, MgSO4 . 7H2 O) т.б боладыКүкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседіБос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады