?аза? тілінен саба? жоспары Болымды ж?не болымсыз етістік 4-сынып


Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістікМақсаты:1. Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету.
2. Сөздік қорын, тілін дамыту.Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық-ізденушілік әрекетін белсендіру.
3. Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұлттық мәдениетті бағалауға тәрбиелеу.
Әдісі: үш өлшемді әдістемелік жүйе (ҮӘЖ ) технологиясы, талдау, жинақтау, тірек сызба арқылы оқыту, рефлексия, көрнекілік,топтау.
Көрнекілігі: тірек сызба, деңгейлік тапсырмалар
Сабақ барысы
I кезең
Мотивациялық- бағдарлау кезеңі ( Ұйымдастыру кезеңі)
Балалар, қазір қай мезгіл?
Ана тілі пәнінен оқыған «Көктем сәні» мәтінін еске түсірейік, сонда көктем сәні нелер деп аңдар айтты?
Неліктен көктем сәнінің бірі – шуақты күн деп ойлайсыңдар?
Барлықтарыңызға күндей шуақты көңіл күй тілеймін.
Сонымен Күн не істейтінін сызбаға түсірейікші
71501013335007150101333500ерітеді тірілтеді
жылытады қарайды
төгеді жандандырады
Осы сөздерге сұрақ қояйықшы, нені білдіреді, ендеше қандай сөз табына жатады?
Етістік туралы анықтаманы қысқаша сызбаға түсірейік?
Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Заттың қимылы
Етістік
«Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбаға түсіру:
140081090170003721109017000дара негізгі
14008101054090057531010540900күрделі етістік туынды
Сабақ тақырыбын, міндетін хабарлау
Үй тапсырмасын тексеру
Деңгейлік тапсырмалар бойынша нәтижесін талқылап, ашық журналға баға қою
26-жаттығудың орындалысын тексеру
Етістік сөзінен баспалдақ жасау 3 қатар өз баспалдағын құрады:
Е Т І С Т І К II кезең Синтетикалық бөлім (Операциялық –орындаушылық кезең)
а) Өз бетімен тақырыпты меңгеру.
28- жаттығу
Етістіктерді салыстыру, мағынасындағы өзгешелікті тапқызу, қосымшалы етістікті сөз құрамына талдап, болымсыз етістіктердің жасалуы туралы қорытынды тұжырымдату
29- жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазу, болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдап, жасалу жолын сызбаға түсірту.
б) Жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.
30- жаттығу. (Ауызша жұппен жұмыс)
Берілген етістіктерге сұрақ қойып, болымды екенін дәлелдеу, жұрнақ жалғап болымсыз етістік құрастыру
Көру диктанты (31- жаттығу)
Мақалдарды жатқа жазу, болымды, болымсыз етістіктердің астын сызу, сөз құрамына талдау.
1-нұсқа 1-мақал 2-нұсқа 2-мақалды
Атаңның баласы болма, Киіміңе мақтанба,
Адамның баласы бол. Біліміңе мақтан.
Терме диктант (32-жаттығу) Қазақтың тыйым сөздерін оқып, етістіктерді табу, олардың болымды, болымсыз екенін ажырату
III кезең Нәтижеге бағытталған кезең
Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмаларды орындау, ашық журнал парағын толтыру)
1-деңгей
Семантикалық картаны толтыр:
Етістік Болымды етістік Болымсыз етістік
жинады есептемеді дірілдейді сыбырлады азаймайды сескенбе кіріп келді оятты қақпа тазаламаЕтістік Болымды етістік Болымсыз етістік
тігеді қорықпайды көтермеді қозғалды көбеймейді жасырын жүгіріп барды күзетпеді шақпа ұялма 2-деңгей Сызба бойынша сөзді түрлендір:
715010800100024549109271000Түбір сөз болымды етістік болымсыз етістік
Ой- __________________________________________________________________________
Көркем-______________________________________________________________________
Тегіс--________________________________________________________________________
Тұз -_________________________________________________________________________
3-деңгей Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр, қорытынды жаса
Үйілген сұр төбешік күл ме?
Досыңды мұқатып күлме.
Көліктен секіріп түспе.
Жылтыраған қызыл түс пе?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Y. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
«Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбасын толықтыру
140081090170003721109017000дара негізгі
14008101054090057531010540900күрделі етістік туынды
109601010160007785101016000
болымды болымсыз
«Ара ұясы» техникасы
(жаңа тақырып бойынша жұптасып, «Қайсысы артық?» ойыны негізінде 2 сұрақтан дайындау)
Үйге тапсырма: 33, 34 - жаттығу
Бағалау