?аза? тілі.Саба?ты? та?ырыбы: Болымды ж?не болымсыз етістік
Күні: 16.03.2015
Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік
Мақсаты:
Етістік туралы білімдерін пысықтау, оның болымды, болымсыз түрлерімен таныстыру; Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қасиеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту;
Оқушылардың ана тілдерін құрметтеуге, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Етістік туралы білімдерін пысықтайды, оның болымды, болымсыз түрлерімен танысады:
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі Оқулық, дәптер
Барысы:
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
І.Кіріспе
Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Амандасады, құрал жабдықтарын шығарып, жаңа сабаққа дайындалады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 47- жаттығу. Суретке қара. Сурет мазмұны бойынша шағын әңгіме құрастыр. Құрастырып келген әңгімелерін оқиды.
ІІІ. Негізгі бөлім
Мағынаны тану
49- жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.Жұмбақты көшіріп жазып, болымсыз етістіктердің астын сыз.
50-жаттығу. Берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып, көп нүктенің орнына жаз.
51-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз.Болымсыз етісіктердің астын сыз.
52-жаттығу. Суретке қара. «Анама сыйлық» тақырыбына мәтін құрастыр.Мәтінде қолданған етістіктерді ата.
53-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып, өлеңді көшіріп жаз.
Қаңқылдап, қарқылдап, сымпылдап, шаңқылдап.
54-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады.
49- жаттығу
Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді.
Кейде сипап өтер
Кейде ұйпап кетер.
(жел)
50-жаттығу
Бар-барма
Кел- келме
Кес-кеспе
Аш-ашпа
Жон-жонба
Үз-үзбе
51-жаттығу
Өзіңді зор тұтпа
Өзгені қор тұтпа.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
52-жаттығу.
«Анама сыйлық» тақырыбында мәтін құрастырады.
53-жаттығу.
Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар қарқылдап,
Шағала ұшар шаңқылдап.
Үйрек ұшар сымпылдап.
Қаз ұшады қаңқылдап.
54-жаттығу
Малыңа сүйенбе,
Арыңа сүйен.
Бағалау
ІV. Үйге тапсырма Оқушыларға тиісті бағаларын қояды.
55- жаттығу. Батаны жаттап келу. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.