?дебиеттік о?у Сіз , біз деген — жылы с?з ?. Т?рманжанов (3 сынып)
Тақырыбы: «Сіз», «біз» деген – жылы сөз. Өтебай ТұрманжановМақсаты: 1. Қазақтың көрнекті ақыны Ө.Тұрманжановтың мен шығармалары туралы түсінік беру.Ақын өлеңіндегі тақырып пен идеясын ашу арқылы өмірмен байланыстыру.2.Оқушыларды өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;3.Өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауапКөрнекілік: оқулық, дәптер,адамның көңіл күйін білдіретін смайликтер суреті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»мазмұндау
2.Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін жазып,талдау.
3.Сұрақтар қою
Жазушы өз отбасындағы қандай әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерді айтқан?(жеті ата,жыл қайыру)
Әңгімелесуа) «Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?ә) Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсетесіңдер?3) Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істегенде қандай сезімге бөлендіңдер?
Қызығушылықты ояту.
3.Қызығушылықты ояту:
Слайд.
Адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді «Фишбоун»(Балық қаңқасы) –жақсы,жаман қасиеттері туралы салыстыру.Балық басы-негізгі сөз(адам).Жоғары жағы жағымды,төменгі жағы жағымсыз.
Жақсы Жаман
Шыншыл болу адам өтірік айту
Адалдық алдау
Үлкенді сыйлау балағаттау
Еңбексүйгіштік мақтаншақтық Т.с.с
4.Жаңа материалды түсіндіру
1.Оқушыларды Ө.Тұрманжанов «Сіз,біз-деген жылы сөз»өлеңімен таныстыру.
2.Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
3.Өтебай Тұрманжанов туралы мәлімет беру.
Өтебай Тұрманжановтың қысқаша өмірбаяны:
Ө.Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында дүниеге келген.Өтебай Тұрманжанов-кеңестік кезеңдегі қазақ ақыны,жазушы,аудармашы,балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға.Тұрманжанов ертегі-кітапшадан бастап,балаларға арналған көптеген өлең-тақпақ,ертегі,әңгіме мысал,дастандар жазды.
5. Оқулықпен жұмыс
-Өлеңді мәнерлеп оқып беру
-Іштей оқыту
-Мазмұнын түсіндіру
-Сұрақ қою
Күнделікті өмірде айтылатын сыпайы сөздерді айту.(рахмет,кешіріңіз,оқасы жоқ,ас болсын)
-Ғ.Мүсіреповтің сөзін слайдтан оқып талдау
Адамға-адам,сөзге-сөз жарығын да,көлеңкесін де түсіріп тұрады.
Жарық-...күн,ашық аспан Көлеңке-...қараңғы,
бұлтты(анықтау сөздерді)
6.Сергіту сәті
7.Дәптермен жұмыс
Топпен жұмыс1.Сыпайы сөздерді пайдаланып әңгіме жазу.
2.Өлеңнен түйген ойларынды жазыңдар.
3.Сөйлеу мәдениеті туралы өз ойыңды жаз.
8.Ойын – жаттығуМақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою,мағынасын ашу.
Көпшіліктен береке кетпес,Берекеден.......... кетпес. (мереке )2. Бірлік бар жерде,.......... бар (тірлік)3. Татулық – табылмас......... (бақыт )4. Игілік басы –............. (ынтымақ)5. Бірлігі....... ел тозады, (жоқ)Бірлігі....... ел озады. (күшті)
Бекіту
Әрбір адам «Сіз» бен «біз» туралы ұмытпаса, оны өмірде қолданса, онда барлық адамдар бір - бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады.8.Жүректен – жүрекке
ӘдепСыйластықты іздеген,Әдеп сақтар ізгі өренСыпайылық белгісі –Үлкендерге «Сіз» деген...
Смайликтер арқылы бір-біріне тілектерін жеткізу.
9.Үйге тапсырма беру: 8 - бет өлең жаттау
10. Бағалау: білімдеріне қарай бағалау