Ата-аналар жиналысы Отбасы-т?рбиені? ?ясы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы.
А.Құсайынов атындағы ЖОББМБ бастауыш сынып мұғалімі
Саматова Алмагул Кайрболатовна
Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Отбасы-тәрбиенің ұясыМақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;
Түрі: топтастыру
Көрнекілігі: плакаттар, түрлі түсті қағаз,маркерлер,жүректер,қағаз,қалам.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетіндерін айтады.Түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөлінеді.
Мұғалім:
Ата-ананың басты қуанышы- бала.Ата-ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан –жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бірөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік» ойыны өткізіледі.
Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата-ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
Ойын жаттығу: «Өз жұлдызыңызды табыңыз»
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші,жарық және күңгірт.Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп,жарық шашып бірде алыстап,бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдыздарға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз.Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдарыңызға қойыңыз.
а) Ата-ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады.
ә)Жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестетінін жазады, және балаңызға тілек. Ой толғау. Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не үшін тілейді?
-Өлсем орнымды бассын,-дейді.
- Артымнан құран оқысын,-дейді.
- Қартайғанда асырасын дейді.
Осыдан басқасы бар ма? Сіз қалай ойлайсыз? (Абайдың «Оныншы қара сөзінен».)
-Білімді, жан-жақты, тәрбиелі, т.с.с
- Қандай білім алғанын қалайсыз?
- Сапалы білім.
Әр бала дара тұлға.Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі болуы және мектеппен тығыз байланыста болуы керек. Сонда ғана білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Қорытындылау:
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы-өмірдің тірегі санайды.
Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!