Ата-аналармен тренинг Берік отбасы — адамны? тірегі
Жарық жалпы орта білім беру мектебі
00Берік отбасы - адамның тірегі
Берік отбасы - адамның тірегі
Отбасы күніне арналған дөңгелек үстел
Жауаптылар: М.А.Шаймерденова
Г.К.Алтайбаева
Л.Б.Майбасова
2016-2017 оқу жылы
Күні: 09.09.16
Тақырыбы: Берік отбасы - адамның тірегі
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Отбасы ынтымағы, қарым-қатынасты нығайту жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Барысы: І.Кіріспе сөз: М.А.Шаймерденова:
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бүгінгі біздің «Берік отбасы-адамның тірегі» атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Танысу тренинг: Г.К.Алтайбаева:
Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Шаңыраққа киіліп,Киіз үйді құрайық- Осы үлкен шаңырақ астында бір отбасыдай болып отырысымыз жарассын.
-Әр ата-ана өз есіміне сын есім қосып айту.
Талқылау:
Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
М.А.Шаймерденова:
- Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.
Ендеше, алдарыңыздағы күн сәулесіне отбасы қасиетін жазып, тақтадағы күнге түсіндіре отырып жапсырамыз.
Ойларыңызға рахмет!
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)
Кофе брейк
Видеоролик көрсету «Әке, мен біздің бір сағат уақытыңызды сатып алайыншы»
https://www.youtube.com/watch?v=BGxkdGwt7O4Г.К.Алтайбаева:- Сіз қаншалықты өз балаңызды толық қанды, жақсы білесіз?Ата - аналардың жауаптары тыңдалады.
- Олай болса, біз балаларымызды қаншалықты жақсы білетінімізді іс жүзінде тексеріп көрейік.ІІ. Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?5. Сүйіп оқитын пәні?6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?Л.Б.Майбасова:
«Үй, жол, жылан, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
Рефлексия:
«Тілек, пікір» әдісі
Г.К.Алтайбаева:
Шыққан өрмегіміз киіз үйдің шаңырағына ұқсайды. Ендеше, құрметті ата-аналар, әрқашанда бір шыңырақтың астында ынтымағымыз жарасып жүрейік, мектебіміздің шаңырағы биік болсын деймін.
Қорытынды: М.А.Шаймерденова:
Тыныштық сәті ақырын «волшебная композиция» музыкасын қосу.- Ал қазір көзімізді жұмамыз да, көз алдымызға таза әрі жайлы ауаны елестетеміз. Әдемі етіп салынған жол бізді бір үлкен үйге апарды. Біз баяу жүріп отырып үй иесінің бар ықыласпен отырғызылған гүлдеріне көз тастаймыз.
- Ендеше, Шаңырақтарыңыз шайқалмай, бауырларыңыз бүтін, отбасыңыз аман, еліміз тыныш болсын!
Л.Б.Майбасова:
- Құрметті қонақтар сіздердің отбасыларыңызда бақытты болыңыздар дей отырып. Бүгінгі «Берік отбасы – адамның тірегі» атты дөңгелек үстелден шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
Осы үйдегі жылулықты молайту үшін бүгінгі отырысымыздан алғандарыңызды жүректе ұстаңыздар.Келгендеріңізге көп рахмет!
Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?__________________________2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?_________________________________3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?____________________4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?_________________________5. Сүйіп оқитын пәні?____________________________________________6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?______________________

Сұрақ-жауапМақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.1. Жақсы көретін түсің қандай?__________________________2. Қандай тағамды сүйсініп жейсің?_________________________________3. Анаң сені еркелеткенде қалай атайды?____________________4. Ең жақын досыңның есімі кім?_________________________5. Сүйіп оқитын пәнің?____________________________________________6. Нешінші кабинетте оқисың?______________________