Ата-аналармен ж?мыс Отбасы ?міріні? за?дары
Ата –аналар жиналысы №2
Тақырыбы: Отбасы өмірінің заңдары, мектеп өмірінің заңдары.
Жиналыстың мақсаты:
Отбасы өмірі мен мектеп өмірі заңдарының байланысы мен ерекшеліктерін талдау.
Ата-анаға бала үшін бағаның маңызын түсіндіру
Ата-аналарға балаларының оқу жетістіктерін қабылдау мәдениетін қалыптастыру.
Күн тәртібінде:
1.Ата-ана мен мектеп өмірі заңдарының айырмашылығы мен талаптары.
2.Мектеп формасы. Балалардың қауіпсіздігі
3,Басқа да сұрақтар
Өткізілу формасы: Тренинг ойын элементімен
Жиналыс барысы:
Шеңберге тұрып, әр түрлі тәсілдермен бір-бірімен амандасу: тізесін сәл бүгіп, басқа тілде, қолын беріп көзін қысып т.б.
Жұптарға бөлініп өздері туралы ақпарат айтады минут уақыт бөлінеді. Жұптағылар бір-бірін керісінше таныстырады: мысалы, Айман-Жанардың, Жанар-Айманның атынан
Ал енді, мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр.Балаларымыз отбасында бізге бақыт болуы үшін не істеуіміз керек? Төмендегі формуланы шығарып көрелік.
Отбасы заңдары = _________+ __________+_____________+___________
Талап бірлігі мадақтау еңбек әрекеті сый бөлісу
Топта ақылдасып отырып, келесі заңдар анықталады:
1 заң –анасы мен әкесінің талаптарының бірлігі
2 заң-бала үшін мадақтаудың маңызы
3 заң-отбасының әр мүшесінің еңбектенуі
4 заң-ересектер мен балалардың сыйды тең бөлісуі
Қай отбасында осы заңдардың орындалатынын анықтау.
Отбасы тәрбиесіндегі бағаға қатысты қателіктерді жоялық.
1 жаттығу – Сіздер үшін балаңыздың бағасы нені білдіреді?
2 жаттығу. –Өздеріңіздің мектептегі алған бағаларыңызды еске түсіріңіздер. Қандай сезімде едіңіздер?
Енді ата-анасыздар. Ата- ана тарапынан өздеріңізге баға нені білдіретінін түсіндіріңіздер?
Табельге қол қойдыру. 1 тоқсан қорытындысымен таныстыру
Жадынама «Балалардың бағасына көзқарасым »
- Балаңызды жаман баға үшін ұрыспаңыздар. Ол сіздің алдыңызда өте жақсы болғысы келеді. Егер ондай бола алма тұрса, онда оның өтірік айтып, тығырықтан шығу жолын ізденуден басқа амалы қалмайды.
- Балаңыз көп еңбектенгеніне қарамастан нәтижесі көп болмай жатса, аяныш сезімін білдіріңіз.
Оған жоғары нәтиже емес, күнделікті еңбектену нәтижесінде алатын білімнің пайдасы туралы айтыңыз.
2 мәселе. Мектеп формасымен сынып оқушыларының 100 пайызы қамтылған.Балалардың қауіпсіздігін талдау
3- мәселе. Туындаған басқа сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары.
Рефлексия
Шеңбер бойында бір-біріне допты бере отырып, жиналыстан алған әсерлерін талдайды.