Та?ырыбы: О?ытуды? жа?а т?сілдері: Диалогтік о?ыту
Коучинг
Тақырыбы: Оқытудың жаңа тәсілдері: Диалогтік оқыту.
Күні: Коучинг тақырыбы: Оқытудың жаңа тәсілдері: Диалогтік оқыту.
Мақсаты: Мұғалімдердің тәжірибесіне диалогтік оқытуды енгізу; диалогтік оқыту туралы түсінік қалаптастыру; диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал жасау.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірмелі материалдар( екінші апта)
Оқу нәтижесі: Диалогтік оқыту туралы түсінеді, тиімді пайдалану жолдарын үйренеді, қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесе ойластырады, жаңа идеялармен алмасады.
Түйінді идеялар: Диалог арқылы мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Сабақта қолданылатын материалдар. Интерактивті тақта, маркер, стикер, критериалды бағалау парағы, постер
Оқыту әдістері: Диалог. Жеке жұмыс, топтық жұмыс
Тапсырмалар: Топқа бөліну, постер қорғау
Коучинг сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекетті
Өткізу кезеңдері Уақыты Қатысушылардың
іс-әрекетті Коучтің
іс-әрекетті
Сәлемдесу, топтарға бөлу 5 минут Топтарға геометриялық фигуралар арқылы бөлу, презентация «Диалогтік оқыту» Диалогтік оқыту презентациясы арқылы түсінік қалаптастыру
Бейнежазба 10 минут Қаздар сабағы. Бірлескен оқу Табыс критерийлері 3 минут Критерийлер белгілейді Интерактивті тақтаға жазу
Тапсырма -1: «Әңгіменің бес үлгіс» ресурс бойынша әңгіме түрлерін анықтау, жұппен жұмыс, топқа салу. 10 минут Нұсқаулықты, ресурстарды пайдалана отырып бірлескен жұмыс жүргізіледі Тапсырма беру постер жасауға, парақтар, маркер
Сергіту сәті 3 минут Музыка «Қызыл өрік» Тапсырма-2:
Әңгіме бойынша ойларын стикерге жазу 10 минут Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орналасқан. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машина қаланы улы түтінмен ластап тұр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресе желсіз күндері демалу қиын. Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түседі.
-Бұл проблеманы қалай шешуге болады? (Ойларын стикерге жазу) Сұрақ:
-Бұл қандай әңгімеге жатады?
-Осы әңгіме түрлерінің қайсысын сабақтарыңызда қолданар едіңіз?
Топта пікірлесіп, шешу жолдарын ідестіру. Әр топ осы проблемаға байланысты шешу жолын іздестіреді.
(Зерттеушілік әңгіме) Сұрақтарға жауап беру.
Кері байланыс: 4 минут -Сіз үшін сабақтың құнды жайттары қандай болды?
-Бүгін не нәрсе үйрендіңіз?
-Көңіліңізден шықпаған не болды? Кері байланыс парақтарын тарату, жинап алу.