Разработка открытого урока по казахскому языку на тему: «ЕСІМДІКТІ? ЕМЛЕСІ» (6 класс)


Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіАШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «ЕСІМДІКТІҢ ЕМЛЕСІ»
Өткізілген күні: 24.12.16
Сыныбы: 6 «А»
Байқоңыр қаласы Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Есімдіктің емлесі»
Сабақтың мақсты:
1.Білімділік : есімдік туралы алған теориялық білімдеріне сүйене отырып, оның емлесін түсіндіру. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық: ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: тілімізді қадірлей білуге, сөз мағынасын ұғынуға тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік әдісі, репродуктивті, ішінара іздену, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, перфокарта, «Білім шыңы» суретті плакат
Техникалық құрал-жабдық: кодоскоп
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өткен оқу материалын қорыту
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
VII. Үйге тапсырма беру
VIII. Оқушылардың білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.
Сабақтың «Тіл – ұлттың байлығы» атты онкүндік аясында өткізіліп отырғаны туралы айтылып, «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым қазақ тілім», - дей келе кемеңгер, ғұлама ақын-жазушыларымыздың тілі – қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тарсырмасын сұрау
А) 207- жаттығу. Өздерінің қалауы бойынша бір ақынның өлеңін жазып, белгісіздік есімдігінің
астын сызып, сатылай кешенді талдау жасап келу.
Ә) перфокарталар тарату
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
А) Есімдік деген не?
Ә) Есімдікті неліктен «орынбасар» сөздер деп атайды?
Б) Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?
В) Олрды ата?
IV. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы есімдіктің емлесі екендігін айтып, мақсатын түсіндіріп кетемін.
Сабақты түсіндіру.
А) Жіктеу, сілтеу, өздік жалпылау есімдіктері негізгі түбір, сондықтан олар дара есімдіктер болып табылады.
Мысалы: мен, сен, ол, бұл, ана, сол, қанша, бәрі, түгел, өзім, т.б
Ә) Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір сөздері мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері күрделі есімдіктер болып табылады, олар бірге жазылады.
Мысалы: ешкім, ешқашан, әлдекім, әрбір, кейбір, әрқалай, әрқашан, т.б
Б) Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір сөздері басқа сөз таптарымен ( зат есім, кейде қатыстық сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады.
Мысалы: еш уақытта, әр адам, кей шақты, бір мезгілде, әр түрлі, т.б
В) түсіндірмелі- көрнекілікті сөйлемдерді дәптерлеріне жаздыру.
V. Жаңа сабақты бекіту
Бүгінгі сабақта жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін «Білім шыңының» кедергілерден өту керек екендігін, ао ол үшін ондағы әр кедергініңөз тапсырмасы бар екенін айтамын.
А) 1- тапсырма. Оқулықтың 208- жаттығу. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері берілген. Ақын туралы білетіндерін сұраймын. Өлеңдерді оқытамын, мазмұны туралы түсінік беремін. І. Бөліміндегі қайсы бірі деген күрделі есімдікке ауызша сатылай кешенді талдау жасатамын, қайсысы есімдігіне фонологиялық талдау, сөйлем мүшелеріне талдау ауызша жасалады.
Жаттығудың ІІ бөліміндегі өлеңін үш шумағы үш қатарға бөлініп беріледі.
Ә) «Қайсыбірі» деген сөзге сатылай кешенді талдау жасатамын, бір оқушы тақтада, қалғандары орындарында отырып талдайды.
«Қайсыбірі»

Бұл сөз 3 құрамнан тұр: қайсы + бір+і
Тұлғасына қарай туынды, себебі екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған
Құрылысына қарай күрделі біріккен сөз
Сөзде бір лексикалық, 2 грамматикалық мағына бар
Лексикалық мағынасы белгіздік мағынасында жұмсалып тұрған сөз
6.1.1 –грамматикалық мағынасы – есімдік
– грамматикалық мағынасы – і тәуелдік
Қайсыбірі – қайсысы? Деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл есімдік.
Мағынасына қарай белгісіздік есімдігі.
Сергіту сәті «Қызықты сұрақтар» Бұл қай есімдіктер?
А) Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қандай түрі?
(Біз – жіктеу есімдігі)
Ә) Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.
(Сұрау есімдігі)
Б) Жақтас жалғауға жіктеле қояды,
Жақтас емесіне жоламай қояды.
(Мен, сен жіктеу есімдігінің жіктелуі)
В) Көпшіл және көңілшек, ештеңені бөліп жарамайды.
Көптік ұғым береді, көпшілікті қарамайды.
(Жалпылау есімдігі)
Г) Біреулері көрсетіп, нұсқап тұрады,
Біреулері мәлімсіз есімдердің орнына тұрады.
(Сілтеу, белгісіздік)
Д) Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты,
Алдында бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.
(белгісіздік, болымсыздық)
Е) Тәуелденгенде «л» орнына «н» келеді,
Олай етпесе сөз мағынасы өзгереді.
(сол,бұл,ол)
«Білім шыңының» 2 – тапсырмасы бойынша оқулықтың 209- жаттығуды орындату.
А) Сөйлемдемдерден күрделі есімдіктерді теріп жаздыру.
Ә)Қандай түбірлерден бірігіп тұратындығын анықтау.
Б) Мағынасына қарай түрлерін ажырату.
«Білім шыңының 3 тапсырмасы «Кім тапқыр?» ойыны. Ішінде есімдігі бар мақал-мәтел айтқызу.
«Білім шыңының» 4- тапсырмасы. Графикалық сынақхат.
Ешқандай, қай жыл, ешқашан, кей оқушы, еш нарсе, әркім, қай көше, бір кезде, кейбіреу, әрқашан, кейбір, бір топ.
«Білім шыңының» 5 – тапсырмасы «Не артық?» атты танымдық ойын.
Әркім, әрнеге, кейбір, әр кез.
Ешбір, ештеңе, еш жер, ешқашан.
Бірнеше, бір кезде, біреу, әрбір.
Еш адам, ешқандай, ештеңе.
Кейбіреу, әлдекім, кей құрбы, әлдене.
VI. «Білім шыңының» 6 –тапсырмасы. «Ашық сабақта» ойыны арқылы оқушылардың өздеріне сабақты қорыттыру.
Ойынның шарты.
3 қатарға төмендегідей тірек сөздер беріледі.
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Бүгін
Әсерлі
есімдік Ашық сабақ
Біріншіден
үйрендім Есімдік емлесі
Ойындар
Мақал-мәтел
Осы сөздер арқылы сөйлемдер құратып, сабақта алған білімдерін қорыту.
Сөйтіп, «Білім шыңына» шығып, ту тігу.
VIІ. Үйге тапсырма беру.
210- жаттығу
Өздері оқыған көркем шығармалардан ішінде есімдіктері бар сөйлемдер жазып келу.
VIІІ. Оқушыларды бағалау