Открытый урок по казахскому языку на тему ?стеуді? емлесі


Сабақтың күні: 06.03.2012 ж.
Сабақтың тақырыбы: Үстеудің емлесі
Сабақтың мақсаты:
білімділік : үстеулердің емлесін, күрделі үстеулердің дұрыс жазылуын меңгерту;
дамытушылық : үстеудің емлесін берік есте сақтауға дағдыландыру, логикалық
ойлау дағдысын дамыту, тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерге
жетелеу, оқушының тіл байлығын жетілдіру;
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: репродуктивті, ішінара іздендіру, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, семантикалық кесте, сәйкестендіру тесті.
Техникалық құрал - жабдық: мультимедиа проекторы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1.Себеп-салдар үстеуі.
2. 291 – жаттығу. Берілген үстеулерден сөз тіркесін жасап, қай түрге жататынын ажырату.
3. Себеп – салдар үстеуі бар мақал – мәтел жазу.

« Сен білесің бе ?» ойыны (ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру)
1.Үстеу дегеніміз не?
2.Үстеудің құрамына қарай қандай түрлері бар?
3.Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды ата.
4.Үстеудің мағынасына қарай қандай түрлері бар?
5.Мезгіл, мекен үстеулері дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалы.
6.Сын – қимыл (бейне), мөлшер үстеулері дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалы.
7.Күшейткіш, мақсат үстеулері дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалы.
8.Себеп – салдар үстеуі дегеніміз не? Сұрақтары қандай? Мысалы.
IІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың мақсатын хабарлау: үстеуден алған білімдерімізді тереңдетіп, үстеудің емлесін түсіндіру.
Мұғалім сөзі: Емле - дұpыс жазу еpежелеpiнiң жүйесі.
Үстеудің емлесі.
1. Негізгі және туынды түбір үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең, кешке, бұрын, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай, т.б.
2.Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі айтылуынша, яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, ендігәрі, анағұрлым, т.б. сөздер айтылуынша жазылады. Бұлар бұл+күн, бұл+йыл, қыстың+күні, жаздың+күні, ендігіден+әрі, ана+құрылым деген сөздерден біріккен. Ал таңертең (тәңертең емес), бірқыдыру (бәрғыдыру емес), әлдекімше (әлдегімше емес) сияқты күрделі үстеулердің сыңарлары түбір тұлғасын сақтап жазылады.
3.Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез (киді), бірте-бірте (жүріп кетті), жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін (отырды), күні-түні (істеді) т.б.
4.Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Мысалы: таң сәріде (тұрды), күні бойы (дайындалды), қаннен қаперсіз (отыр), ала жаздай (ән салып) т.б.
Оқушылардың өзін қатыстыра отырып, ауызша мысалдар келтіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1. Оқулықпен жұмыс
292 – жаттығу. Үстеулерді тауып, түріне қарай ажыратыңдар.
өте – күшейткіш үстеу, енді – мезгіл үстеуі, күн – түн – мезгіл үстеуі, бұрын – мезгіл үстеуі,ілгері – мекен үстеуі, сонда – мекен үстеуі, күні – түні – мезгіл үстеуі, бірге – сын – қимыл үстеуі, талай – талай – мөлшер үстеуі.
2. Топтық жұмыс.
І топ Семантикалық кесте
Мысалдар Мезгіл Мекен Сын - қимыл Мөлшер Күшейткіш Мақсат Себеп – салдар
1.Өңкей
2.Бірталай
3.Амалсыздан
4.Күндіз
5.Әрең
6.Осында
7.Қасақана +
+ + +
+
+ +

ІІ топ Семантикалық кесте
Мысалдар Негізгі
үстеу Туынды
үстеу Бірігу арқылы жасалатын үстеу Қосарлану арқылы жасалатын үстеу Қайталану арқылы жасалатын үстеу Тіркесу арқылы жасалатын үстеу
1.Жата –жастана
2.Күні кеше
3.Енді-енді
4.Ақырын
5.Сұңқардайын
6.Биыл + + + + + +
ІІІ топ Үстеуді сәйкестендіру тесті
№ Мысалдар
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7. Кейін келді.
Қасақана шегінді.
Шарасыздан қозғалды.
Өте жақсы келісті.
Анағұрлым оқыды.
Бүгін көбейді.
Әрең сөйледі.
3. 293 – жаттығу. Мәтінге сатылай кешенді талдау жасаңдар

1.Тақырыбы. «Көксерек»
2.Авторы. Мұхтар Омарханұлы Әуезов
3. Абзац. 1
4.Сөйлем. 8
5.Үстеулер: әбден ұзап, әлі де бақырады, әлі жақындаған жоқ, онша жақындаған жоқ, енді жүре бастады, ақырын жүре бастады, әрлі – берлі бұрылып.

4. Сөйлемге сатылай кешенді талдау
«... Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып әкелген еді.» (М.Әуезов)


Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып
әкелген еді.
Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:
Хабарлы сөйлем.
Құрылысына қарай:
Жай сөйлем.
Сөйлем мүшелері: не істеген еді? – әкелген еді – күрделі, етістікті баяндауыш, кім әкелген еді? – Абай – дара ,зат есім,атау тұлғалы - бастауыш, кімді әкелген еді? – Әйгерімді- дара,зат есім, -ді табыс септік тұлғалы толықтауыш, қашан әкелген еді? – осыдан үш ай бұрын – күрделі пысықтауыш, қалай әкелген еді? – ұзатып- дара,-ып көсемше тұлғалы пысықтауыш.
5.«Бұрын» сөзіне морфологиялық лексика-грамматикалық талдау жасаңыз

Бұрын
1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: бұрын
2.Тұлғасына қарай: негізгі түбір
3. Құрылысына қарай: дара
4. Лексикалық мағынасы: мезгілге берілген
атау
5.Грамматикалық мағынасы:
лексикалық мағынаның жалпылануынан
жасалған жалпы грамматикалық мағына – үстеу.
Сұрағы: бұрын- қашан?
Мағынасына қарай: мезгіл үстеуі.
6. «Қатені тап» ойыны.
Үстеудің дұрыс жазылу емлесін сақтай отырып, қате сөздерді табу:
Ертең, бұлкүн, тәңертең, кешке, әлдегімше, қыстыңкүні, ендігәрі, күні-түні, таңсәріде, күні бойы, жолжөнекей,әрен, бірте-бірте, тезтез, бұрұн.
V. Жаңа сабақты қорытындылау
Полиглот. Үстеу. Наречие. Adverb.
« Үстеу» топтастыру.
Мекен Мезгіл

Сын-қимыл (бейне) Үстеу Мөлшер

Күшейткіш
Мақсат Себеп-салдар
Бір тамшы ой
«...Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек бағына.
Біле бер, қанша білсең де тағы біл,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле!»
( Ж. Баласағұн )
VI . Үйге тапсырма
1. Үстеудің емлесі.152-бет.
2. 294 – жаттығу мәтінге сатылай кешенді талдау.
3. Үстеуі бар жұмбақтар жазып келу.
VII. Оқушылар білімін бағалау
Абдикалиева Гулхан Самалбековна
Байқоңыр қаласы
№14 Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта мектеп