?аза? тілі. 6-сынып. септеулік шылау


Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 6 «Б»
Пән мұғалімі Анесова Ж.К.
Сабақтың тақырыбы: Септеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты:білімділік: септеулік шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру. Өзге сөз таптарынан ерекшелігін таныту, кейбір ұқсас формаларын ажырату жолдарын түсіндіру;
дамытушылық: өтілген теориялық ұғымды практикада қолдана білуге үйрету, берілген материалды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету;
тәрбиелік: оқушыларды білімді, ақылды, өнегелі тұлға етіп тәрбиелеу. Эстетикалық өнегелі ортаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: репродуктивті,іздендіру, түсіндіру, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: : тақырыпқа байланысты слайдтар,үлестірмелер
Тех.құрал-жабдық: мультимедиялық қондырғы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих, музыка
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білім тексеру
ІV. Мақсат қою
V. Жаңа материалды түсіндіру
VІ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу
VIІ. Бекіту
VІIІ.Үйге тапсырма беру
IX. Оқушылар білімін бағалау
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Сөзге сөзді байлаймын,
Сөйлемге мүше болмаймын.
Жауап бермей сұраққа
Адамдарды алдаймын, - деп өлең шығарған қай сөз табы, балалар?
II. Үй тапсырмасын тексеру
1.Шылау. Шылау сөздер туралы түсінік
2. 349 –жаттығу. Мәтіннен шылауларды теріп жазыңдар және алғашқы екі сөйлемді құрамына қарай талдаңдар.
Үлестірме қағаз №1
Шылауды тап және оған матеметикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме бер.
Киіз үй көшкенде қолайлы, өйткені ол – жиналмалы.
Үлестірме қағаз №2
Шылауды тауып, мақалдың мағынасын ашу, сөз табына талдау.
Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта. (Б.Момышұлы)
(Ұлы жеңістің 70 жылдығы туралы айту)
III. Өтілген материалдар бойынша білім тексеру
Зымыран сұрақтар
Үстеу деген не және оның мағыналық түрлерін ата?
Көсемше және есімшенің жұрнақтары қандай?
Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай
айырмашылықтары бар?
4. Етіс және оның түрлерін атап шық.
IV. Мақсат қою
Мына өлең жолдарына назар аударайықшы, балалар, бұл өлеңді кім жазды екен?
( «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін бір оқушы оқиды)
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
- Өлеңде Абай ақындық өнер еріккеннің ермегі емес, ол-қоғамды түзетуші ұлы күш деп қарады.Өлеңдерінде жастарды өнер-білімге шақырды. Білім адамды қараңғы қапастан жарық әлемге алып шығады. Кемеңгер Абай да өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде бұл тақырыпқа жиі тоқталады. Ол ақылды, білімді болу ұғымын адам болу, толық адам деген сөздермен белгілейді.- Өлеңнен жеке тұрғанда өзіндік мағынасы жоқ сөздерді тауып көрейік.(- Бұл өлеңде үшін деген лексикалық мағынасы жоқ сөздер бар).
-Үшін сөзінің толық мағынасы жоқ, бірақ олар сөйлемде өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Үшін шылауы ермек, термек, бермек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын және жазамын сөздеріне бағындыра байланыстырып тұр.
Үшін шылауымен тіркескен ермек, термек, бермек сөздеріне сұрақ қойып көрейікші, қандай сұраққа жауап беріп тұр және қай септікте тұр?
Ендеше, балалар, бүгін біз белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылатын септеулік шылаулармен танысамыз.
(Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау)
V. Жаңа материалды түсіндіру
*Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті. Мысалдағы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті деген баяндауышпен амалдық қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр. (Телефон сөзі қай септікте тұр? Атау септік)
*Түске дейін жүзге жуық хат жібердік. Дейін шылауы түске сөзін хат жібердік деген сөзбен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр. Жуық шылауы хат жібердік деген сөзбен мөлшерлік қатынаста байланыстырып, сөз тіркесін құрап тұр. (Түске дейін, жүзге жуық сөздері қай септікте тұр? Барыс септік)
*Жұмыстан кейін жалғыз жан тыныс — осы. Кейін шылауы жұмыстан сөзін жан тыныс деген сөзбен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр.(Жұмыстан кейін сөзі қай септікте тұр? Шығыс септік)*Мен әкеммен бірге кешке шейін жұмыс істедім. Бірге шылауы әкеммен деген сөзбен тіркесіп келіп, жұмыс істедім деген сөзбен амалдық қатынаста байланыстырып, сөз тіркесін құрап тұр. (әкеммен бірге сөзі қай септікте тұр? көмектес септік). Шейін шылауы кешке деген сөзбен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркесін құрап тұр. (Кешке сөзі барыс септікте тұр)Ереже шығару
Септеулік шылаулар – белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп,оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық, мөлшерлік, т.б ) мән үстеп , оны екінші сөзбен сабақтастыра ( бағындыра) байланыстыратын шылау түрлері. Септеулік шылаулар септеуліктер деп те аталады.
Мысалдармен берілген кесте
Септіктер Септеулік шылаулар Мысалдар
Атау септіктегі сөзбен тіркесетін септеуліктер арқылы, жайында, (жөнінде,туралы), үшін, сайын, тәрізді , сияқты,(секілді,сықылды). Әкем туралы жазылған ән еді.
Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер дейін , шейін, таман , қарай, салым, жуық, тарта,қарай.
Мен айтқанға дейін,ол жазып бітірді.
Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі.
Соғыстан келгеннен соң, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер қатар, қабат, бірге, қоса.
Менімен бірге үйірмеге барасың ба?
Септеуліктер орыс тіліндегі «Служебные слова (предлог, союз)» деп аталатын көмекші сөздерге жақын. Септеулік шылаулар атау, барыс, шығыс, көмектес септік тұлғасындағы зат есім, есімдік, заттанған сөздермен ( сын есім, есімше, тұйық етістік, т,б. ) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзбен сабақтастыра байланыстырады. Мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады.
VІ . Жаңа материал бойынша түсініктерін тексеру
Семантикалық кесте
Шылаулар Атау Шығыс Көмектес Барыс
Арқылы, жайында, (жөнінде, туралы), үшін, сайын, тәрізді , сияқты,(секілді, сықылды). + Дейін , шейін, таман , қарай, салым, жуық, тарта, қарай. +
Кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі. + Қатар , қабат, бірге, қоса. + VII. Бекіту. Артық білім – кітапта
351 – жаттығу. Септеулік шылаулардың қай сөз табына тіркесіп, қандай мағына беріп тұрғанын талдаңдар.
1.Қонғаннан бері – бері шылауы қон етістікті сөз табымен тіркесіп, мезгілдік мағына беріп тұр. Қонғаннан бері шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Кеш сайын-сайын шылауы кеш зат есімді сөз табымен тіркесіп, мезгілдік мағына беріп тұр. Кеш сайын атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
2.Жәрмеңкесінен кейін- кейін шылауы жәрмеңке зат есімді сөз табымен тіркесіп, мезгілдік мағына беріп тұр. Жәрмеңкесінен кейін шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .
Оқып болғаннан кейін-кейін шылауы болған етістікті сөз табымен тіркесіп, мезгілдік мағына беріп тұр. Оқып болғаннан кейін шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
3.Нөкерімен бірге- бірге шылауы нөкер зат есімді сөз табымен тіркесіп, мезгілдік мағына беріп тұр. Нөкерімен бірге көмектес септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
4.Биеге қарай- қарай шылауы бие зат есімді сөз табымен тіркесіп, мекендік мағына беріп тұр. Биеге қарай барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
5.Шығардан бұрын-бұрын шылауы шығар етістікті сөз табымен тіркесіп, мезгілдік мағына беріп тұр. Шығардан бұрын шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .
Әкелгеннен кейін-кейін шылауы әкел етістікті сөз табымен тіркесіп, мезгілдік мағына беріп тұр. Әкелгеннен кейін шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Көпке дейін- дейін шылауы көп үстеу сөз табымен тіркесіп, мөлшерлік мағына беріп тұр. Көпке дейін барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Қамысқа қарай-қарай шылауы көп қамыс зат есім сөз табымен тіркесіп, мекендік мағына беріп тұр. Қамысқа қарай барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Адам сияқты-сияқты шылауы адам зат есімді сөз табымен тіркесіп, амалдық қатынаста байланыстырып тұр. Адам сияқты атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .
352 – жаттығу. Септеулік шылауларды тауып,олардың қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын анықтаңдар.
Өткен(нен) соң –шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Шыңғысқа қарай –барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Тобықтыға қарай- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Басқан сайын-атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.(бас-қан есімше есімдерше түрленіп, есім қызметін атқарып тұр, яғни басқан сайын атау септігінде тұр)
Жүзге тарта- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Содан бері- шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Аяғына шейін- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Үйдің ығына қарай- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Отырған сияқты едім- атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Себумен қабат- көмектес септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Көмір тапқаннан кейін- шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Балқашқа дейін-- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Суретті тапсырма
Суреттің орнына сөз, сызықтың орнына шылау қойып оқу.
Биыл балалар біздің жұлдызды қаламыздың құрылғанына қанша жыл болып отыр?
1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылықазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салаларысонымен қатар Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесінен кейін сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.
1991 жылы 10 қазанда Жергеоралды. Ғарыштан оралған соң, Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
Сергіту сәті
353-жаттығу. Шығармашылық тапсырма
Септеулік шылауларды қатыстыра отырып, «Досым туралы» деген тақырыпта ойтолғау жазыңдар.
Әдебиет әлеміне саяхат
Мына сөйлемдерден шылауларды тауып, септеулік шылауларға ажырат. Кімнің сөзі?
-Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ,-деді. (кім?)
Өзіңе дейін неше оқушы қалғанын, сенен қашан сұрауы мүмкін екенін біліп отырасың. (кім?)
“Қап, ұйқы бермеді-ау” деп ренжіді, онан соң: “Қой, тұрайын, болмас” деп ойлады тағы да. (кім?)
-Жарты сағаттан кейін барлық жағдайды толығымен баяндайсың! – дедім Мұхаметқұлға. (кім?)
Жаңа сабақты қорыту
Төрт септікпен тіркесемін,
Сабақтасып күн кешемін.
Мезгіл, мекен, амал, себеп
Қатынасты мен шешемін, - деп өлең шығарған қай шылау екен?
- Бұл шылаумен біз жаңа ғана таныстық. Ол туралы жақсы біліп алдыңдар ма? Ендеше, ол туралы білгендеріңді айтып көріңдерші?
Жаңа танысқан септеулік шылауды есімізде мықтап сақтау үшін ойын ойнап көрейік. Ойынның шарты: артық сөзді тез тауып айту керек.
«Не артық?» ойыны
VIІI. Үйге тапсырма беру
Септеулік шылаулар
354-жаттығу. Көркем шығармадан әрі, бері, кейін, бұрын сөздерінің бірде шылау, бірде үстеу қызметінде қолданылатын жайларына 8 сөйлем жазыңдар.
Әдебиет оқулығындағы “Қылау” әңгімесінен септеулік шылауы бар үш сөйлем жазып, сөз табына талдау жасау.
IX. Оқушылар білімін бағалау