Поурочный план по казахскому языку на тему: Маманды??а к?з?арас ?згерді. Септеулік шылаулар (для студентов колледжей)
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________ М.Ерманова
Сабақ жоспары № 25
Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: _____________
Тобы: ПО-17
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Мамандыққа көзқарас өзгерді
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Септеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Студенттерге септеулік шылаулар туралы теориялық білім беру, олардың жасалуы, ерекшелігі туралы түсінік беру;
Ә) Дамытушылық: Студенттердің сөздік қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қосымшаларды дұрыс жалғау дағдыларын қалыптастыру;
Б) Тәрбиелік: Студенттерді бірін-бірі сыйлап, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау
Оқыту құралдары: Мультимедиалық проектор, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Студенттермен сәлемдесу.
2. Студенттерді түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Студенттерге сабақтың мақсатын айту
Грамматикалық тақырып: Септеулік шылаулар
Өзінің алдындағы сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылауларды септеулік шылаулар дейміз.
Септеулік шылаулар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, кейін, бері, әрі, соң, бұрын, бірге, таман, қарай т.б.
1. «Мамандыққа көзқарас өзгерді» мәтінін оқу.
2.Мәтінді аудару.
3.Сөздікпен жұмыс.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
Жаттығулармен жұмыс
1.2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, септеулік шылауларды табыңдар.
1.Қалаға дейін атпен, одан әрі мәшинемен жүреміз. 2.Біраздан бері хат та жазбапты. 3.Мен сіз туралы аз біледі екенбін. 4.Сіз сияқты мырзамен танысқаныма қуаныштымын. 5. Пойыз жарты сағаттан кейін келеді. 6.Сөйлеуден бұрын ойлану керек. 7. Рақмет, мен сізден кейін кіремін. 8.Мынау есік кіру үшін, ал анау есік шығу үшін қызмет етеді.
1.3-жаттығу. Жақшаның ішіндегі қажетті шылауды қойып жазыңдар.
1.Бұл мәжілісте мұнай бағасын төмендету (бойы, жөнінде) мәселе көтерілді. 2.Кейінгі екі ай (бойы, ішінде) әуе қатынасының бағасы күрт өзгерді. 3.Әкем мектепке (кейін, дейін) жаяу келіп жүр. 4.Құрбылар кездесуден (кейін, бұрын) бұл жайды келісіп алған. 5.Өнеркәсіп құлдырауы тоқтағаннан (кейін,соң) ғана өрлеу басталды.
V. Қорытындылау:
Сабақты қорытындылап, студенттердің білімін бағалау.
VІ.Үйге тапсырма беру:
83 бет, 1.4-жаттығу. Берілген сөздермен тіркесе алатын шылауларды жазыңдар.
Пән оқытушысы: Б.Мукашева