Баяндама Та?ырыбы: «ЗДО ?дебиет, театр орталы?тарын жас шамалы?ына байланысты жабды?талу ерекшеліктері»


МКҚК №5 сәбилер бақшасы

Тақырыбы: «ЗДО әдебиет, театр орталықтарын жас шамалығына байланысты жабдықталу ерекшеліктері»

Орындағандар: С.Оспантаева
М.Какеева
Павлодар қаласы
2014-2015 о.ж.
«ЗДО әдебиет, театр орталықтарын жас шамалығына байланысты жабдықталу ерекшеліктері»
Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды дамытуда күтілетін нәтижелер анықталды.
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды дамыту және тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру мазмұнын таңдау және шарттарын анықтау негізінде «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» және «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» бағдарламаларының арасындағы сабақтастық міндетін шешуді қарастырады.
2-ші сәбилер 3-4 жастағы балалар «Зерек бағдарламасы»
4 жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Эмоционалдылық балада ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоғары болады, өзінің сезімдерін - қуаныш, реніш, қорқыныш, таңырқау, рақаттану т.б. айқын көрсетеді. - шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуды;
- тәрбиешінің сұрақтары арқылы көркем әдебиет шығармаларын мазмұндауды;
Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар) «Зерек бағдарламасы»
Көркем әдебиет
Халық ауыз әдебиеті мен балалар көркем әдебиеті шығармаларына эмоционалды ықыластылығын дамиды, кейіпкерлердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалай біледі.
Ертегі, әңгімелер, өлеңдер тыңдап, шығармалардың мағынасын түсініп, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын бағалай білуді тәрбиелеу.
Ересектер мен басқа балалармен жақындасу ниетін қолдап, дамыту. Құрдастарына ешқашан қиянат жасамай, тиісті жерде көмек көрсетуге тәрбиелеу. Бірлесіп, бір-бірімен татулықта ойнауға тәрбиелеу.
Ересек топ (5-6 жастағы балалар) «Біз мектепке барамыз».
Дайындық топ (6-7 жастағы балалар) «Біз мектепке барамыз»
Көркем әдебиет
Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиетіне өнер түрлері ретінде алғашқы қызығушылықтарын қалыптастырады.
Шығарманың мағынасын түсінеді, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы негізінде адамгершілікке тәрбиелейді.
Шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді (мейірімді, зұлым, батыл) сипаттайды және өлеңдерді мәнерлеп айтуға үйретеміз.
Балаларды қоршаған ортамен, адамдардың сезімдерімен және көркемдік-таным әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті шығармалары арқылы өзара қарым-қатынастарымен таныстырады.
Шығарма жанрының көзқарасымен, бейнелілік пен тілдік мәнерлілігімен көркем шығармаларға түсінікті талдау жасауға үйретеді.
Көркем мәнерлеу құралын (эпитет, салыстыру), заттарды суреттеуді, ертегі айтуда, оқиғаларды құрастыруда орынды қолдануға үйретеді.
Көрнекіліктердің көмегінсіз-ақ өлеңдерді жатқа, мәнерлеп айтуға үйренеді.
Театрландырлыған ойын балаға үлкен қуаныш пен таңғалуына тудырады. Соның арқасында бала ересек адамды елемей, оның басшылығын, бағытын қабылдайды.
Мысалы, А.Н.Граборов балалардың белсенділігін қамтамасыз ететін, олардың назарын қолдайтын драматизация олардың оқу материалын түсініп меңгеруіне жағдай жасайды, - деп атап өтседе, түзету-дамыту мүмкіндіктері бар театрландырылған ойын толық қолданылмайды. Шетел әдебиетінде түзету жұмыстарында драматизацияны қолдану мектеп жасына дейінгі баланың өзіне-өзі қызмет ету, мәнерлеп оқу, арифметика сияқты маңызды мәселелердің бірі ретінде көңіл бөледі. Сондықтан рөлдерді бөле отырып қойылым, әңгімелер мен өлеңдерді сахналау, ойындар, пантомимика және ым (әндерді орындауда, өлеңдер мен әдеби мәтіндерді оқуда, әңгімелерді құрастыруда) кең түрде қолданылынуымыз керек.
Барлық театрландырылған ойындарды екі топқа бөлуге болады.
Режиссерлік
Драматизациялау
Режиссерлік ойынға ойыншықтар мен суреттердің, үстел үсті театры, стендты ойындар (стенд-кітапша, көлеңкелі театр, фланелеграф театры) жатады. Мұнда бала өзі сйенарийді құрастырады, ойыншық кейіпкерлердің рөлін ойнайды (көлемді немесе жалпақты). Бұл жағдайда интонация мен ымдау басым болып табылады, ал пантомимика шектелмеген, өйткені бала қозғалмайтын фигура немесе ойыншықпен әрекет жасайды. Бұл аталған ойындар суреттер, сюжетті картиналар сериялары, көрсетілмеген іс-қимылдар бойынша әңгімелер құру кезіндегі сабақтарда қолданылады.
Драматизация ойындарда сценарийге сәйкес қандай да бір сюжет еркін түрде көрсетіледі. (О.А.Карабанова). Олар саусақты пен қуыршақ театрын қолданатын орындаушының қимылдарына негізделеді. Драматзациялау – қандай да бір әдеби шығарманы ондағы әңгімеленген эпизодтардың кезеңділігін сақтай отырып, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын бере ойнау. Бала өзі ойнағандықтан, ол мәнерлі құралының барлық түрлерін (интонацияны, мимиканы, пантомимиканы) қолдана алады. Мұнда балалар әртістер. Рөлдерді бөліп және сценарийлер танысып алып, олар кішкене спекталь көрсетеді. Балалар өзінің даусын, интонацияны, мимиканы, анық артикуляцияны, ымдауды қолдануға үйренеді. Бұл есте сақтауды, фантазияны дамытады, бір-бірімен араласуға үйренеді. Мұндай ойындарды жұмыстың тақырыптық жоспарына сәйкес бір жүйеге келтіру, сергізу сәттерінде, ұйымдастыру кезеңдерін жүргізуге де болады.
Түзету жұмыстарында театрландырылған ойындарды қолданудың жетістігіне тән ойын орталықтарын ұйымдастыру әсер етеді. Олар үшін әртүрлі дидактикалық метериалдар: костюмдер, көлемді және жалпақ түрдегі қуыршақтар, дидактикалық ойыншықтар, әртүрлі иллюстрациялар қажет.
Сабақтарда келесі құралдар қолданылады:
Үстел үсті және едендегі ширмалар
Ертегілер кейіпкерлердің жалпақ, ағаш, пласмассалы және картонды фигуралары.
Декоративті әшекейлер (күн, ағаштар, үйлер және т.б.)
Саусақты театр үшін қуыршақтар жиынтығы
Жануарлар, бет әлпетін бейнеленген қолғаптар
Ертегі кейіпкерлер
Театрландырылған ойындар бірнеше кезеңмен өтеді.
Бірінші кезеңде алдағы драматизациялауға өзіндік бастама болатын мимиканы және пантомимиканы жасауға бағытталған ойын жаттығулары жүйелі түрде орындалады. Соның арқасында қозғалыстарда үлкен сенімділік пен басқарушылық пайда болады. Балалар бір қозғалыстан басқасына жеңілірек ауысып отырады, өз бетімен қозғалу ісін, әрекетін шешуге, беттің, ымның және басқа адамның қозғалыс әрекеттерінің нюанстарын түсінуге үйренеді.
Екінші кезеңде тыныс алу мен сөйлеу аппаратының еркіндігін, дұрыс артикуляциясын, анық дикцияны, әртүрлі интонацияны, сөйлеу логикасын дамытуға бағытталған ойындар мен жаттығулар енгізіледі.
Үшінші кезеңде өлеңдерді, сөз ұйқастыру күлкілі жағдайларды драматизациялауға көшу керек. Балалар алдын ала ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірге шағын мәтінді, яғни мәтіндерді жаттайды, сосын үстел үсті немесе саусақ, қуыршақ театрлары қолдана отырып, оларды ойнайды.
Төртіңші кезеңде шығармашылықтың анағұрлым күрделі түріне –әңгімелер мен ертегілерді драматизациялауға көшуге болады.
Ол үшін келесі әңгімелер сай келеді: «Алдар көсенің әңгімесі», «Әтеш пен түлкі», «Маша қалай үлкен болды», (Е.Пермяк), «Мысық неге тамақтан соң жуынады» (литва ертегісі), «Ит өзіне досты қалай іздеген» (морда ертегісі) және т.б. Мұнда театрдың әр түрі қолданылады: үстел үсті, саусақты. Балалар бетперде мен костюм элементтерін қолдана отырып, актерлер сияқты мәтінді, текстті ойнап бере алады. Бір мәтін әр түрлі сахналауға жарайды. Бұл кезеңде суреттерді, әңгімелерді және ертегілерді («Жануарлар таласы», «Бұл мен кінәлімін», және т.б.) «тірілту» қажет.
Ойын жаттығулары
Мимиканы дамыту.
Қышқыл лимон жейміз. Балалар тыжырынады.
Теңтек балаға ашуланамыз. Балалар қабақтарын түйеді.
Таныс қызды қарсы аламыз. Балалар күлімсірейді.
Ымдауға үйрету
Бойшаң, тапал ұл баланы, кішкене шыбынды, аюды көрсетіңдер.
Бағыттарды көрсетіңдер: аңда, жоғарыда, төменде, айналада.
Әр түрлі адамдарды көрсетіңдер: мен, сен, біз.
Пантомимиканы дамыту
Гүлдер сияқты гүлденеміз
Шөп сияқты соламыз
Құстар сияқты ұшамыз
Аю орманда келе жатыр
Қасқыр қоянның артынан ақырын келе жатыр