Технология п?нін о?ытуды? ?зектілігі



Есдаулетова Разия Жардемовна
Алматы облысы Ескелді ауданы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Ж.Жақыпбаеватындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Технология пәнінің мұғалімі
Технология пәнін оқытудың өзектілігі
Білім беру жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі – «Әлемдік білім беру жүйесіне ену, әлемдік озық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын іздену, жан – жақты шығармашылық ізденістегі, дарынды тұлға қалыптастыру. Сондықтан да білім беру жүйелеріндегі оқытуды технологияландыру, білім сапасын арттыру, жан – жақты дамыған шығармашылық тұлға қалыптастыру мен оларды тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мақсаттармен міндеттер, ал ұстаздар қауымына осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жүктеліп отыр. Қазіргі қоғамға сай білімді, сыни тұрғыдан ойлана алатын, өзін – өзі, бірін – бірі оқыта алатын дербес ізденістегі, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу – білім жүйесінің басты ұстанымы.
Ата - бабамыз айтқандай «Өнер көзі халықта», «Халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ», оны жаңғыртып, оқушыларға үйретіп, іске асыру біздің парызымыз.Ұрпаққа деген өсиетін таңғажайып қолөнер туындыларымен жеткізе білген сәндік – қолданбалы қолөнерлерінің бірі – капорннан әртүрлі бұйымдар жасап шығару. Капроннан жасалған бұйымдар өте әдемі, эстетикалық талғамы жағынан жоғары , сезімталдықпен жасалған тамаша туындылар болып табылады.Капрон бұйымдарының жасалу жолдарын үйрену арқылы оқушылар өздерінің қолдарынан әртүрлі туындылар, сәндік бұйымдар жасай алады. Және де әдістерді өз бетінше өзгертіп, өзіне ыңғайлы, әрі тез орындау үшін өзгертуге де болады.
Капроннан гүл жасау үшін келесі құрал – жабдықтар қажет: қалыптар, таяқшалар, түрлі сым темірлер, әртүрлі капрон, қайшы және жіптер.
Капроннан сым темір тарту реттілігі төмендегідей:



Дайын бұралған дөңгелек сым темірге капронды тарту.
Капорн тарту.
Тартылған капорнды түбінен жіппен байлау.
Дайын капрон тартылған жапырақша.
Гүл жасау тәсілі:



Орындалу реті:
Сым темірді қалыпқа бірнеше рет орап, бұрау.
Оралған сым темірдің ортасына созып, бес жапырақша жасау.
Капронды жапырақшаларға тарту.
Талтырылған капронды жіппен орау, байлау.
Калдық капронның артығын кесіп, түбін жіппен тартып орау.
Гүл дайын
Гүлді жинау тәсілі:
Таяқшаның басын ию.
Иілген таяқшаның ортасына аталықты өткізу.
Біріктіріп байлау.
Дайын жапырақшаларды таяқшаға бекітіп орау.
Біртіндеп жасыл жапырақшаларды таяқшаға қосып орау.
Гүл дайын


Мақсатым: оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, пікірлер мен көзқарастарын еркін айта отырып, оны қорғауға, жұппен және топпен қарым – қатынасқа түсуге, туындаған сұрақтарды өзгелерге түсінікті етіп жеткізе білу дағдыларын диалог арқылы оқыту арқылы қалыптастыру.
Сабақтың тақырыптарына сай сыныпты топқа бөліп отырдым. Алғашқы күндері топқа бөлуде уақыттың көп кетуі, шу деңгейінің жоғары болуы, жоғары деңгейлі оқушылардың бір топқа түсіп қалуы сияқты қиыншылықтар кездесті. Бқ\ұл қиыншылықтарды ауыспалы топтарға бөлу арқылы шештім. Топқа ең бірінші ынтықмақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, топтың ережесін құруды ұсындым. Ең алдымен: топтың ережесі дегеніміз не? О не үшін қажет?Ережені құруда нелерді басшыдыққа аламыз? – деген сауалдарды қою арқылы ой қозғам алдым. Әркімнің пікірі құнды деген қағиданы ұстанып, бірлесе ереже құруда қыздар еш қиындықсыз өз ойларын постер құрастыру арқылы жеткізіп, әр топтың спикері шығып қорғады. Оқушылардың ойын білу мақсатында алынған сауалнамадан, постер құраудың оларға қаншалықты ұнағандығын түсіндім. Постер құрған маған ұнады, түгелдей ойыңдағы нәрсені қағаз бетіне түсіріп, қағазды сөйлету өте қызықты. Әсіресе топ ішінде қабілеті төмен, орташа деңгейдегі оқушылар өздерін еркін ұстап, белсенді әрекеттерінің арта түскенін байқадым. Өйткені топтағы қабілеті жоғары оқушым оларды өз назарында ұстап, жетекшілік жасап отырды.
Топтық жұмыстың осындай пайдалы жақтары жұмыс барысында көрініп отырды. Бұл жерде бір байқағаным оқушылардың ұйымшылдығы, мақсатты іс – әрекеттері, дербес ізденістері топтық жұмыстың нәтижесін арттыра түсті. «Маған топпен жұмыс жасаған ұнайды», «Мен топтың арасында жасқанбай өз ойымды айта бастадым», «Топпен жұмыста мен өзімді керек адам екенімді түсіндім, өзімді басқа қырымнан тани бастадым»- деп күнделікке жазған лебіздерінен аңғарып, өзім тағы да бір белесті бағындырғандай сезіндім.
Мен, сабақ барысында сыныптағы белсенді оқушылар жетекшілікке көшіп, тобындағы оқушыларға мүмкіндігінше көмек көрсетіп отырғандарын көрдім.
Тәжірибеде жүзеге асыру кезінде оқушылардың пәнге деген көзқарастары дамып, ынталана, қызыға түсті. Өтілген сабақтар өзімде де, оқушыларға да қатты ұнады. Әр сабақты өткізгенде жоспарланған мақсатыма жетіп отырдым. Себебі балалар еркін, қысылмай өзін және өзгелерді бағалау арқылы бірлескен жұмыс атқарып, бірін – бірі қолдап, құрметтеп, мұғалімнің көшбасшылығымен мақсаттарына жылжыды.
Алдағы уақытта сабақтарымда білім берудің жаңа әдіс – тәсілдерін пайдаланып, сабақты өз дәрежесінде өткізе алатындығыма нық сенімдімін.