Ашы? т?рбие са?ат Наурызым д?ст?рлі -мерекем атты презентация


«Наурызым дәстүрлі-мерекем» Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т.б.с Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш Кеш барысы:І. Қонақтарды қабылдау. ІІ. Жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақыру Қош келдіңіздер! Наурыз мерекесі құтты болсын! «Наурызым –дәстүрлі мерекем» атты кешінің жүру бағдарламасы. 1 - Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру. 2 - Халық әндерімен билерін тамашалау. 3 – Ұлттық ойындардан көрініс4-Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау. Наурыз мерекесіне келген қонақтарға сөз беру.