Ашы? т?рбие сагаты Наурызым д?ст?рлі -мерекем


Күні:
Сыныбы:9әТақырыбы:«Наурызым –дәстүрлі мерекем»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т.б.с
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш
Кеш барысы:
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақыру
ІІІ. «Наурызым –дәстүрлі мерекем» атты кешінің жүру бағдарламасы.
1 - Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
2 - Халық әндерімен билерін тамашалау.
3 – Ұлттық ойындардан көрініс
4-Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
Кіріспе.Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңакүн» дегенсөз. Бұлкүн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құттыболсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
2-жүргізуші Шашу
1 – жүргізуші:Наурыз – көктеммерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңасерпін, жаңалеп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші:Наурыз – шаруаныңмерекесі. Наурыз – еңбекмерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Наурыз думан»
2-жүргізуші: «сәлемдесу» көрініс
1-жүргізуші: Гүлжанаттай ару қыздың Наурыз атты жыр шумақтарын тыңдайық!
2-жүргізуші: «сәлемдесу» көрініс
1-жүргізуші:
«Қыз қуу ойын»
«Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.«Көрімдік»- жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді.«Бастаңғы»- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі - жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.«Жасау»- ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.«Қырқынан шығару»- әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады.«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.
2- жүргізуші.
Ән: «Мерекең»
1-жүргізуші:Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың Шаш өру шеберлігін тексерейк!Ортаға қыздарымызды шақырайық.
2 - жүргізуші: Ендіжігіттердің мықтылығын сынау барысында күш білектестіріп көрейк! Ортаға жігіттерді шақырайық.1-жүргізуші:Ендігі кезекте мың бұралған қыздарымыздың биін тамашалайық!(БИ)
2- жүргізуші:Олай болса Наурыз мерекесінің мағынасына терең үңіле отырып,көрініс тамашалайық!
-Ата, бұл наурызды неліктен ұлыстың ұлы күні деп атайды?
-Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. ------Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.
-Ал наурыз сөзінің мағынасы қандай?
-Бұл «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді, құлыным. Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше ды- быс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген екен.
-Расында да, осындай көпті көрген ақсақалдарымыздың білімі мол ғой, солай ма?
-Әрине, қазақтың білімі телегей қарттары аман болсын! Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бар.
1-жүргізуші:Кызыр ата бата алу
- Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.(Қыдыр ата келеді)Хормен: Қош келдің Қыдыр ата!Қыдыр ата бата береді.Ұрпақтардың бағы болсын,Арайланған таңы болсын,Ақ батамен қол жайғанның,Тілегінің бәрі болсын,Елдің іргесі берік болсын,Жасқа құрмет, кәріге құрмет болсын.Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! АуминҚорытынды:
Мұғалім сөзі