Жайдарлы, Алтын к?з! Ша?ын орталы? Балапан тобы


«Жайдарлы ,Алтын күз!»

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға қүз мерекесі екенін сезіндіру.
Балаларға күзде жемістер мен көкөністердің пісіп жетілетінін айту.
Күзгі ауа-райындағы ерекшеліктер мен құбылыстарды бала санасына ойындар арқылы жеткізу.
Балалар ортаға «Күзгі жапырақтар» биін билеп шығады. «Күз» әнін орындайды, кейін балалар орындықтарға отырады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар! Армысыз құрметті қонақтар!
«Жайдарлы, Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіздер!
Балалар, қараңдаршы біздің зал бүгін қандай әдемі!
Балалар қазір жылдын қай мезгілі? Біз оны қайдан білеміз?
Далаға қандай киім киеміз?
Жапырақтардын түсі қандай?
Балалар сендер қандай ақылдысындар, барлығын білесіндер.
Балалардың жауабы.
Елімізге келіпті ғой «Алтын күз»
Жомарттығын бақыладық бәріміз
Кім табады, кім табады
Қандай екен «Алтын күз?»
Залға әуенмен Алтын күз кіреді.
Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін!
Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.
Жүргізіші: Міне күз де келіп қалды!
«Амансынба, «Алтын күз»
Келгенің қандай жақсы
Күтіп қалдық бәріміз!»
Алтын күз: Ой, балалар, мен жазды сапарға шығарып салып, сендерге асыға келдім.
Жүргізуші: Біз сені көруге қуаныштымыз! Алтын күз сен білесінбе, біздің балалар күз мезгілі туралы тақпақтар біледі, кәне бірге тамашалайықшы!
Балалар тақпақтар айтады.
Айым: Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді  Кел, жемісті алтын күз,  Кемелденсін халқымыз.
Жаннұр: Көк аспанға қараймын
Кеткен құсты санаймын
Үшбұрыш боп тырналар
Жылы жаққа оралар.
Арнұр: Көбейді құт-береке Астық толы қамбамыз.  Құтты болсын мереке  Алтын күзді тойлаймыз. 
Ақниет: Алтын,сары,қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырақ
Асем: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Айару: Сау-сау етіп жапырақ.
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Алтын күз: Рахмет балалар! Сендер өнерлі екенсіңдер.
Жүргізуші: Күз біздің балалар тақпақ айтумен бірдей, ойын ойнауды ұнатады. Бірге ойын ойнаймыз ба?
Ойын: «Жапырақтар жауғанда»
Алтын күз балаларға ойын шартын үйретеді: Балалар шашылып жатқан жапырақты теріп алып, түсіне сай шеңберге орналастыру.
Алтын күз: Рахмет балалар! Біз көп жапырақтар жинадық. Сендер сондай шапшаңсыңдар.
Жүргізуші: Балалар рахмет. Орнына кім тез отырады.
Бізде күз туралы тақпақ айтатын балаларды ортаға шақырамыз. Кәне тамашалайық.
Тақпақтар:

Азиада: Астық, жеміс жиналды, Қамбамызға құйылды.  Ардақты күз мың алғыс  Алдық өнім сыйыңды 
Саят Асенбаев: Алақай,алақай,
Шаттанды балақай.
Береке-салты күз
Мереке-алтын күз!
Арыстан: Көк аспанға қараймын
Кеткен құсты санаймын
Үшбұрыш боп тырналар
Жылы жаққа оралар
Бағлан: Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді  Кел,жемісті алтын күз,  Кемелденсін халқымыз.
Лимара: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жүргізуші: Енді біздің әнші қыздарымыз Алтын күзді қуанту үшін «Әйгөйлек» әнін айтып береді.
Алтын күз: Рахмет, балалар сендер өте өнерлі, ақылды балаларсыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз білесіңбе, біздің балалар күз мезгілі туралы ән айтып біледі.
Ән: «Күз»
Алтын күз: Мен қазір, балалардың күз мезгілінде жаңбыр жауған кезде, жауыннан қалай қорғанатынын көргім келеді.
Жауды жаңбыр көлдерге, Арықтарға су толды. Жаңбыр, жаңбыр тоқташы, Ойнайықшы, тоқташы.
Ойын: «Жаңбыр мен күн»
Алтын күз: Балалар сендер өте өнерлі, ақылды балаларсыңдар! Көп тақпақтар мен өлеңдер білесіңдер. Маған барлығы да ұнады. Сендерге көп рахмет. Мен де сендерге бос келген жоқпын. Жаңбырмен жуып сендерге алма жинап қойған едім. Бұл менің сендерге сыйлығым.
Енді мен сендермен қоштасамын, басқа балабақшаға барайын, онда да балалар күтіп жатыр. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Осымен балалар мерекеміз аяқталды, топқа оралып Алтын күздің қалдырған жемістерін жейік.