Олимпиадные задания по казахскому языку
Фонетикалық жаттығулар1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. Ине бұдан 10 мың жыл бұрын .... Ине ағаштан, сүйектен, қоладан, содан соң темірден .... Ал бай адамдар күмістен .... Болаттан істелген тұңғыш инені Еуропаға арабтар .... ХVІ ғасырда Францияда сым созатын машина ойлап табу ине, түйреуішжасау ісіне үлкен жаңалық ....Қазірине химиялық құрамы өте күрделі, сапалы болаттан ....
Берілген сөз тіркестеріне қарсы мəндес сөз тіркестерін жазыңдар, олармен сөйлем құрастырыңдар.
Лексикалық жаттығулар2.Жеңіл жұмыс – ... ; көңілді əн– ... ; терең су – ... ; баяу жел – ... ; қалың шөп – ... ; шалғай жер – ... ; қысқа мерзім – ....
Морфологиялық жаттығулар3.Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңдар. Үлгі: гүл-гүлді – гүлді өсімдік Орман, жапырақ, шырша, қарағай, шөл, көлеңке, алма, бала, ағаш, салмақ, терек, пайда.
4.Мына сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге, ал хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыр. І. 1. Сен баяндамаға дайындалдың ба? 2. Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? 3. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? 4. Арық адамның көзі өткір болады екен-ау? 5. Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді?ІІ. 1. Бұл қыздың жасы он жетіге жаңа толды. 2. Бала атасының бетіне таңдана қарады. 3. Анау кезде отырғызылған жас шыбықтар көктеп қалыпты. 4. Өзінің жақсы көретін оқушыларының бірі Əділ екен. 5. Бүкіл ауылдың малы сол құдықтан суарылады. 6. Ақыры асыға күткен ұшу сəті де жетті.
Логикалық тапсырмалар
5.Ребусты шеш.
Фонетикалық жаттығуларҚарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. 1.Жерді трактормен жыртады. 2. Егінді комбайнмен жинайды. 3. Бригада жұмысқа қызу кірісіп кетті. 4. Мен одан сөзді тоқтатуды талап еттім. 5. Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді. 6. Ұстаздан шəкірт озар. 7. Жиналыста оқу-тəрбие жұмысын жақсарту туралы сөз болды. 8. Өзі қазақ тілінде судай сөйлейді. 9. Жəнібектің мұрны да, көзі де, бет-бейнесі де, басы да атасына тартқан.
Лексикалық жаттығулар2. Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің лайықтысымен қатарластырып сөз тіркесін жаз. Сирек, селдір (шаш, кездесу).Қысқа, келте, шолақ (мұрын, көйлек, ақыл, күртеше).Көп, мол, қыруар (ақша, тамақ, адам, жылқы).Мықты, берік, күшті (еден, ағаш, суретші).
Морфологиялық жаттығулар
3. Сөздерге жіктік жалғауын жалғап, сөйлемдер құрап жаз. (I жақ, жекеше) Жиырмада, жас, үлкен, бала, əке, Өскеменнен.
4.Түбірлес сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.Əн, сурет, өнерпаз, əнші, суретші, əншілік, өнер, ұшқыш, өнерлі, ұшты, суреткер.
Логикалық тапсырмалар
5.Ханталапай сөзінен бірнеше сөз ойлап тап.
Фонетикалық жаттығулар1.Берілген мəтіннен жуан түбірлі сөздерді бір бағанға, жіңішке түбірлі сөздерді екінші бағанға көшіріп жаз. Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен қарсы алды. Абайлар кеш бата ауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні. 2. Лексикалық жаттығулар Төмендегі тіркестерде қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағыналарды білдіретінін айт.
Морфологиялық жаттығулар3.Берілген зат есімдерге көмектес септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар. Ит... , қар... , мені... , тарақ... , күрек... , теңіз... , пойыз... , ұшақ... , досы... , Ілияс... , той... , доп... , аяқ... , адам... , шаңғы... , көше... , тұлға... , сноуборд... , археолог....
Көп нүктенің орнына қажетті пысықтауышты қойыңыз. 4. Менің əжем … жүреді. 2. Саған … барамын. 3. Мəтінді … жаттап ал. 4. … қар ериді. 5. Мен … жылы тудым. 6. Біздің … базар бар. 7. Мен … жақсы сөйлеймін. 8. Біз Жаңа жылды … қарсы алдық. 9. Киім сататын дүкенде … адам бар. 10. Мен оған… айттым. 11. Ол мұнда … келді. 12. … жауап бер.
Логикалық тапсырмалар
5.Ребусты дұрыс шешсең мақал шығады.