сан аралы?тары математика п?ні бойынша
Сабақ жоспары
+Сыныбы: 6 Күні: 31-01. 02.15ж
Пән: Математика 2015 жыл
Сабақ тақырыбы: Сан аралықтары.Санды теңсіздіктің шешімдерін сан аралығында бейнелеу. Есептер шешу.
Сабақтың мақсатты: Оқущыларға сан аралықтарын,санды теңсіздіктің шешімдерін сан аралығында бейнелеуді есептер шешу жолымен түсіндіру.
Өткен тақырыппен байланыстыру, ережелерін түсіндіре отырып есептер шешуге үйрету,есептер шығаруда қолданылатын амалдардың тәртібімен жұмыс жасауды үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1.Тақырып бойынша оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Деңгейлік білім беру, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету,есептер шешуге жаттықтыру.
2.Ақыл-ой тәрбиесін беру. Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Оқушыларды бүгінгі өмір талабына сай, рухта тәрбиелеу. Оқуға, саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы,аралас сабақ,стсндартты сабақ, деңгейлеп оқыту сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару, сұрақ –жауап.
Көрнекілік: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық материалдардан,оқулық,кесте,сурет,есептернден пайдалану.
, Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, психологиалық даярлық,оқушыларды сабаққа дайындау.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша есептер мен ережелерді тексеру,дәптерлерді жиып алып, бағалау.
3. Сабақтың барысымен таныстыру,қысқаша шолу, жаңа сабақ түсіндіру:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Өткен тақырыптағы ережелерді ауызша қайталап,жаңа тақырыппен байланыстыру.
б) Жаңа санды теңсіздіктерді көбейту және бөлуді түсіндіру және тақырыпқа берілген есептердің шешу тәсілдерін түсіндіру.
№ 1-5 мысалдар шешу , тәсілдерін есептермен түсіндіру. № 985-987
№ 994-996
4 . Жаттығу жұмыстары. А, Вдеңгейінің тапсырмалары. Оқулықпен жұмыс,есептер шешу.
№988-989 №997-998
5. Дидактикалық тапсырмаға берілген ауызша есептер.
6.Өз бетінше есептер шешу. № 990-991 № 999-1001
7. Қорытынды:Сұрақтар қойып ,оқушының білімін тексеру. Бүгінгі сабақта үйренген ережелерді, есептерді шешуде пайдалана білуге үйрендің бе? Қиын емес пе? Өз бетіңше есептер шешуге үйрендің бе?Өзіңді үйге берілген тапсырманы шешіп тексеріп көр.
8. Үйге тапсырма: № 992-993 №1003-1004
9. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау,есептер шешуде жіберілген кемшіліктерін айтып,білімдерін бағалау.