Коучинг сессия первого уровня НИШ


Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалім Мектеп шеңберінде даму бағдарламасын іске асыру, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңатәсілдерді енгізуге бағытталған коучингбағдарламасын енгізу барысында бір немесе екіәріптесіне тәлімгер болу. Мониторингті жүзегеасырып, мектепті дамыту үдерісіне қолдаукөрсету, сонымен қатар бағдарламаның ықпалету дәрежесін анықтау. Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімнің басшылығымен коуч-мұғалімдер оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған дамубағдарламасын іске асырады. Коуч-мұғалімдердің басшылығымен мұғалімдер өздерінің оқытушылық тәжірибесіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізеді. Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалім мектепті дамыту бағдарламасының ықпал ету дәрежесінің мониторингін жүзеге асырып, даму бағдарламасын іске асыру барысында мәселелер туындаған жағдайда үдеріске араласады. Жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі– ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Бірінші деңгей бағдарламасының мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған. педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру; қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында қазақстандықмұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету; оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету, қолданылатын әдістер мен тәсілдердің тиімділігін қамтамасыз ету; Бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейіне жетуге және олардың оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін коучинг және тәлімгерлік үдерістерін іске асыру;мұғалімдердің желілік қоғамдастықты және мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыру мен басқаруға дайын болуын қамтамасыз ету.