План урока на тему ?она?жай халы?.
Сабақ тақырыбы: Қонақжай халық
Сабақтың мақсаты: 1. Қонақ күтудің негізгі дәстүрімен таныстырып, өмірде қолдана білуге баулу, тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерте отырып, тілдесімге жетелеу.
2. Қазақ тіліндегі мәтіндер негізінде оқушылардың тілдесім барысында
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. Оқушыны қонақжайлылыққа, бір-біріне деген сыйластық сезіміне тәрбиелеу. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптеу.
Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,«Қонақжай халық» видео, «Армандастар» әні
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, талдау, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, «Ыстық алақан» тренингі, «Өз бетімен меңгеру» техникасы, диалог.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті. Этнография. Тарих.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. «Ыстық алақан» тренингі. (Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.)
-Осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
ІІ. - Өткен сабағымыз қазақтың қонақжайлылығына арналған болатын. Үйге осы тақырып аясында берілген мақалдарды жаттап, оқылған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырылған. Үй тапсырмасын «Бинго» ойыны арқылы тексерейік.
Келген қонақты үйде қай жерге отырғызады? (төрге отырғызады)
Үйге келген қонақты кім қарсы алу керек? (үй иесі қарсы алу керек)
Атың барда ...(жер таны, асың барда ел таны) .
Құтты қонаққа - ... (тәтті тамақ)
Сыйлы қонақ..... (босағада отырмайды). Қонақты.....(сөзбен тойдыра алмайсың)
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақ - қонақжай халық» видеосы көрсетіледі.
2. – Осы видеодан қазақ халқының қонақжайлылығы мен дарқан көңілі туралы кеңінен ақпарат алып, бұл дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқанын байқап отырмыз.
3. Сөздік жұмыс
Арнайы қонақ- официально приглашенный гость
Құдайы қонақ – случайный гость (прибывший нежданно, без приглашения)
Қыдырма қонақ – гость, который любит разъезжать по родственникам
Сыбаға- доля, часть (часть туши с костью, предназначенная для гостя согласно его возрасту или общественному положению)
Ауылдың алтыауызы- обычай, правило гостеприимства(песня в исполнении жителей ауыла )
Қонақкәде – традиция, в соответствии с которой хозяин дома имеет право попросить гостя спеть песню или сыграть на музыкальном инструменте.
4. Үйге келген мейманды қонақ деп атайды. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ», «қыдырма қонақ», «құдайы қонақ» деп бөлген. Арнайы қонақ – арнайы шақырылған қонақ. Құдайы қонақ – жолаушылап келе жатып түстеніп, не бір түнеп шығатын қонақ. Қыдырма қонақ – алыстан туыстарын арнайы іздеп келіп, сый-құрмет көріп қайтатын қонақ. Қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Арнайы қонақ немесе сыйлы кісі келгенде қой сойған. Алдына бас тартқан. Кешке ауыл адамдары ауылдың алтыауызын айтады, содан соң қонаққа қолқа салып, қонақкәдені айтқызады.
Қазақ халқы қандай қонақ болса да құрметтеп қарсы алып, қадірлеп шығарып салған. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталған.
Оқушылар мәтінді оқып, аударады.
Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Сергіту сәті. (Ауылдың алтыауызы) Оқушылар «Армандастар» әнін орындайды.
Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.
Қонақты үй иесінің өзі есікті ашып қарсы алады.
Үйге келген мейманды қонақ деп атайды.
Қазақ халқының дәстүрлері қонақ күтумен байланысып жатыр.
Келген қонақтың бабын табу үшін үй иесі жағдай жасайды.
Берілген мысалдарға мағынасы жақын сөздер мен сөз тіркестерін табу
Мейман (қонақ)
Алдынан шығу (қарсы алу)
Құрметтеу (қадірлеу, сыйлау)
Жоғары шығыңыз! (төрлетіңіз, төрге шығыңыз!)
Алғыс айту (рахмет айту)
Қорытынды
Қонақжайлылық әдеті қай халыққа тән ? (қазақ халқына)
Үйге келген мейманды кім деп атаймыз? (қонақ)
Қонағын қалай қарсы алады? (жылы жүзбен, бабын табуға жағдай жасайды)
- Бүгінгі сабақтан қандай қонақ түрлерін білдіңдер? (арнайы қонақ, қыдырма қонақ, құдайы қонақ)
- Қонақпен бірге не келеді? (құт,береке,ырыс)
- Қазақ қонаққа деп әрқашан не сақтаған? (сыбаға)
- Ауылдың алтыауызын кім айтады? (ауыл адамдары)
- Қонақтан не сұрайды? (қонақкәде сұраған)
Үйге: «Қонақ пен үй иесі» тақырыбына сұхбат құрастыру
Бағалау