Открытый урок по тему ?аза?-?она?жай халы?


Білім беру саласы: қатынас
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қазақ – қонақжай халық»
Мақсаты: Балаларды қонақжайлыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ қонақжай халық деген тіркестің мән-мағынасын түсіндіру, қабілетін дамыту, инабатты,ибалы болуға тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ме, балалар.
Балалар бүгін біз үшін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін көптеген қонақтар келіп отыр. Ендеше, балалар қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері.
Қош келдіңіздер, қонақтар
Қазақ деген еліне
Қонақжай біз халықпыз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Рахмет балалар.
Балалар, бүгін біздер «Қазақ – қонақжай халық» деген тақырыпта әңгімелесетін боламыз.
Қонақжайлық – «қонағы айтпай қонатын,көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір жасап қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақ жарқын көңілмен жақсылап күту көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес,тіпті міндет болған.
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «құдайы қонақпын» десе болады, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Оның үстіне қазақта «қырықтыңбірі қыдыр» , «қонақты қусаң- құт, ырыс қашады», «қонақпен ырыс, құт келеді» деген мәтелдер бар.
Сурет бойынша әңгімелеу, түсіндіру.
Балалар , біз ұлттық мұражайға барып, мұражайдың ішін тамашалайықшы. Жарай ма?
Жарайды.
Балалар мұражай дегеніміз халықтың тарихи, ұлттық жәдігерін сақтайтын тарихи орын.
Балалар біз ұлттық мұражайға да келіп жеттік. Ендеше қазақ халқының ұлттық бұйымдарымен танысайық.
Домбыра –
Бесік –
Ағаш үй-
Сандық-
Қамшы-
Ұлттық киімдер-
Ыдыстар-
Балалар, ұлттық мұражай сіздерге ұнады ма?
Иә.
Өте тамаша. Енді балалар мына жақта үлкен әжеміздің ауылы бар. Сол әжемізге соғып, амандасып кетейік.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Міне, балалар әжеміздің ауылына да жеттік.
Сәлеметсіз бе, әже.
Қош келдіңіздер, балалар. (шашу шашылады.)Төрлетіңіздер.Дастарханға отырыңыздар.
Біздер балалармен бірге қазақ халқының байлығымен, ұлттық құндылықтарымен жақынырақ танысу үшін саяхатқа шықтық. Жолда сіздің ауылды көріп, соғып амандасып кетуді жөн көрдік. Қазақ халқы бай ғана емес, сонымен қатар қонақжай халық екен. Біздің алдымызға ақ дастархан жайып, күтіп жатқаныңызға көп рахмет.
Ой балалар сідер онда құдайы қонақ болдыңыздар ғо,қазақ қай қонағын болмасын жақсы күтіп, шығарып салған. Мынау қазақтың ұлттық тағамдары ала отырыңыздар.
Балалар, әжеміз сендерге арнап тағамның түрін дайындапты. «Ас атасы нан» демекші наннан бастайық. Бұл қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ.ал мынау қазақтың ұлттық сусыны айран. Оны түйенің ашыған сүтінен дайындайды. Мынау да түйенің айранынан жасалған құрты мен түйенің сүтінен жасалған балқаймағы. Осы дәмдерден ала отырайық.
Балалар енді әжемізге рахмет айтып, қоштасайық.
Қорытынды.
Балалар біз бүгін қазақ еліне саяқат жасадық. Қазақтың ұлттық мұражайын тамашалап, қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстық. Содан кейін әжеміздің ауылына барып, қонақ болдық. Онда әжеміздің дайындаған ұлттық тағамдарымен таныстық. Қазақ халқының қонақжай халық екенін білдік. Балалар бүгінгі сабағымыз да осы қазақ еліне арналған болатын. Барлығыңызда сабаққа жақсы қатыстыңыздар, көп рахмет.Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.
Қоштасу шеңбері.
Сау болыңыздар, балалар.
Сау болыңыздар апайлар.