Урок по казахскому языку на тему: ?аза? — ?она?жай халы?


Сабақ тақырыбы: Қазақ қонақжай халық
Сабақ мақсаты: оқушыларға өз бетінше оқуға, мазмұнын айтуға мүмкіндік беру. «FILA» кестесін толтыру арқылы сұрақтар құруға, жоспар құруға үйрету. Қонақжай болуға шақыру.
Табыс критерийі: өз бетінше мәтінмен жұмыс жасай біледі.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, FILA» кестесін толтыру; рефлексивті экран
Көрнекілігі: топқа бөлу карточкасы, бағалау парағы, А4 форматтағы қағазы;
Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгелдеу,диалог құру.
Үй жұмысын тексеру: 60 бет 4-тапсырма. Сызбадағы сандардың құпиясын танып, адам өміріндегі маңыздылығы туралы диалог құру берілген.
Интернеттен киелі сандар туралы ақпарат тауып келу.
Қызығушылығын ояту. – Ырыс, құт деген не? «Гостеприимный» сөзінің аудармасын айтыңдар. «Қонақжай» сөзінің синонимін табыңдар.
62 бет 3-тапсырма. Қонақ келсе есікке
Жүгіріп шық кешікпе.
Қарсы алмасаң қонақты,
Кесір болар нәсіпке.
Мағынаны тану. Топтық жұмыс. 61 бет 1-тапсырма. (оқушыларды 3 топқа бөлемін, топбасшысы анықталады)
Мәтінді түсініп оқыңдар.
Шеңбер бойымен мазмұнын айтады.
«FILA» кестесін толтыру.
Өз жұмысын қорғайды.
63 бет 6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Қонақкәде дәстүрін бұрын естідің бе?
Сен қонаққа барғанда, сенен үй иесі қонақкәде сұраса, қандай өнеріңді көрсетесің?
Бұл дәстүрдің жастарға қандай әсері бар?
Рефлексия. «Рефлективті экран»
Бүгін мен ... ... туралы білдім.
.... .... қызық болы.
... .... қиын болды.
Мен .... .... тапсырмалар орындадым.
Мен ... ... ... түсіндім.
Мен ... .... сездім.
Енді мен ... ... ... орындай аламын.
Бағалау. Топбасшысы бағалайды.
Үй жұмысы: 63 бет 5-тапсырма.