Тазалы? — саулы? кепілі
Сынып: 4а.
Пән: қазақ тілі.
Тақырып: Біздің үй.
Саб.мақсаттары:
Білімділік: Берілген тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау; көмекші есімдерді еске түсіру.
Дамытушылық: Оқушылардың тілдік қорларын байытып, суретті әңгімелей алатындай дәрежеге жетелеу.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Саб. түрі: жаңа сабақ
Саб. типі: дәстүрлі
Саб. әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс.
Саб.көрнекілігі: суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. амандасу
2. түгендеу
3. кезекшілік
4. саб.тақырыбын, мақсатын түсіндіру.
5. саб.дайындықтарын тексеру.
6. саб.назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. жаңа сөздер
2. өлеңді жаттау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөздік жұмыс.
Үй, бөлме- деген сөздерді жекеше, көпше түрінде тәуелдеңдер.
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
ІІІ – деңгей.
Көмекші есімдерді есіңе түсір.(үстінде, астында, қасында, жанында, ішінде, артында, сыртында)
Суретке қара.
4-тапсырмадағы сөйлемдерді оқы.
ІІ-деңгей.
Сурет бойынша 2-3 сөз тіркесін құра.
Мәтінді оқы, көмекші есімдерді тап.
3-тапсырмадағы көп нүктенің орнына көмекші есімдерді жаз.
І – деңгей.
Сурет бойынша көмекші есімдермен шағын әңгіме құра.
Мәтінді оқы, көмекші есімдерді тап.
2-тапсырма бойынша сөйлемдер құрап жаз.
Сергіту сәті. «Поезд» ойыны.
Ойынның ережесі: Оқушылар өзара бір әріпке уәделеседі, мәселең «ә» әрпі. Сол әріп бар ең көп сөз тауып жазу керек. Белгіленген уақыттан соң қорытынды шығарылады. Оқушының біреуі тұрып, жазғанын оқиды. Басқа оқушылар өздерінде сол сөз болса , сызып тастап отырады.кейін бәрінін сызылған, сызылмаған сөздері есепке алынады. Ешкімде қайталанбаған сөзі бар оқушы жеңімпаз болады.
IV. Бекіту.
Көмекші есімдерді пысықтау.
V. Үйге тапсырма беру.
Суреттегі екі сөзді тәуелдеу.
VI. Бағалау.
Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар!