Дыбыстар еліне саяхат. ?айталау саба?ы.


Күні: 28.10.2016 ж
Сынып: 1 «В» Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Дыбыстар еліне саяхат. Қайталау сабағы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Не білу керек: дыбыстарды қайталап, еске түсіре отырып, сұрақтарға толық жауап беру.
Не істей білу керек: жұппен, топпен ақылдаса отырып, дұрыс шешім қабылдау.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-бірін тыңдап, дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Ана тілі, қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, слайд - презентация
Тілдік құзыреттілік Жарайсың.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3 минут Дала қандай тамаша,
Күн күліп тұр жараса.
Бүгін келген қонақтарға,
Сәлем бердік жарыса. Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
25- 27 минут
Балалар, бүгін біз саяхатқа шығамыз. Ол ғажайып «Дыбыстар» еліне жету үшін, көптеген қызықты тапсырмаларды орындаймыз. Біз жұппен, топпен тапсырмаларды орындаймыз.
Саяхатқа шығуды ұнатасыңдар ма?
Ендеше, саяхатқа шықпас бұрын, сыныптың ережесін құрап алайық.
Сынып ережесі: /слайд/
Кезекпен сөйле!
Уақытты үнемде!
Тез ойлан!
Көркем жаз!
Мұқият бол! Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Бүгін балалар, біз көңілді көліктермен саяхатқа шығамыз.
1.«А» дыбысына саяхатты машинамен шығамыз, тапсырмасы:
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды өз үйлеріне кіргізу.
/тақтада орындау, оқушылар тақтада әріптерді жазады/

2. «Н» дыбысына саяхатты кемемен шығамыз, тапсырмасы:

-Бұл тапсырманы 3 оқушы шығып, дыбыстық талдау жасайды. Ал қалған оқушыларға осындай тақырыпта карточкалар таратылады.
3. «Л» дыбысына саяхатты паровозбен шығамыз, тапсырмасы:
“Кім шапшаң?” ойыны
/оқушылар тізбектеп осы сөздерді интерактивті тақтадан оқып шығады.
Алан, нан, арала, олар, Отан, тон, ата, лаула, аралау, Аруна, аула, анау, ора, арал, ала.
4. «Р» дыбысына саяхатты шағын автобуспен шығамыз, тапсырмасы:
“Жоғалған әріптер” ойыны
/топпен жұмыс/ І топ ІІ топ ІІІ топ Т...л От...н Т...ра а...а а...а а...а на... ол...р ...ақ т...н т...л т...р ба...а н...н на...
5. «О» дыбысына саяхатты тікұшақпен шығамыз, тапсырмасы:
“Адасқан буындар” ойыны
/жұптық жұмыс/ Әр жұпқа конвертте салынған буындар беріледі. Оқушылар өзінің жұбымен ақылдасып, бірлесіп, адасқан буындардан жаңа сөздер жасайды.
6. «Т» дыбысына саяхатты поезбен шығамыз, тапсырмасы:
Жаңылтпаштар айтып жарысайық!
Әр топтағы оқушылар өздері жаңылтпаштарын айтып жарысады.
7. «У» дыбысына саяхатты жүк автокөлігімен шығамыз, тапсырмасы: мына берілген әріптерден сөздер құрастыру
ТЕКМЕП - .........................
ЫСБДЫ - .........................
АЛҚМА - ............................
ПТКАІ - ..........................
Аяқталуы
2-3 минут
Сұрақ-жауап арқылы.
Балалар, біз бүгін қандай дыбыстарға саяхат жасадық?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстарды атаңдар?
Дауыссыз дыбыстарды атаңдар?
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия

Не қиын болды?
Нені білдің?
Бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар?
Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы»ММ
“Дыбыстар еліне саяхат”А, Н, Л, Р, О, Т, У
дыбыстарын қайталау.

Өткізген: Аманбаева Г.К.
2016 оқу жылы