?айталау саба?ы. «?аза? ханды?ына саяхат»


Қарағанды қаласы
№18 жалпы білім беретін орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі
Омарова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. «Қазақ хандығына саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Қазақ хандарының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіру.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ, сабақ- саяхат
Әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ- жауап, проблемалық сұрақтар, кесте, сызба, картамен жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интерактив тақта, плакат, хандар суреттері, сызбалар, карта, карточкалар.
Сабақтың барысы:
Эпиграф
Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес.
Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді.
Мұрат Иман Жапар
Бүгін біз сендермен «Қазақ хандығы жеріне» саяхатқа шығамыз,атақты хандарының істерімен танысамыз.
І. Әр ғылымға кілт- сұрақ белгісі болады. Бізге да ең біріншіден Қазақ хандығының қақпасын ашу керек /кілт көрсетіледі/.
Осындан сұрақ: Биыл 2014 ж Қазақ хандығына неше жыл? / 548 жыл /
Қазақ хандығының атақты хандары кімдер? / Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке /
1.Қазақ хандығының іргесін қалаған кім?
(Керей мен Жәнібек)
1.Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп кетті?
(Әбілхайыр хандығы)
2.Қасым хан кімнің баласы?
(Жәнібектің)
3.Жәнібек пен Керейдің алғаш орда тіккен жері?
(Қозыбасы, Батыс Жетісу)
4. Жәнібек пен Керейге жер беруші хан?
(Есенбұға)
5.Қасым ханның заңы қалай аталады?
(«Қасым ханның қасқа жолы»)
6. « Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы қай қала болды?»
(Түркістан)
ІІ. «Картамен жұмыс»:
Қазақ хандығының алғашқы территориясы қандай? /Шу- Талас /
Әбілқайыр хандығы қайда орналасқан? /Дешті- Қыпшақ/
Есен бұға қай елдің билеушісі? /Моғолстан/
Орта ғасырларда Қазақ хандығының солтүстіктегі көршілес елі қандай хандық? /Сібір хандығы/
Елшілер Семен Мальцев және Третьяк Чебуков қай елден келді? /Орыс мемлекеті/
ІІІ. Сәйкестендіру тест: Әр оқушының алдында парақ қағаз:
№ Тапсырма Дұрыс жауап тізімі Қате жауаптар тізімі
1 Қазақ хандығының алғашқы хандары 1. Есім, Тұрсын
2 «Қатаған қырғыны» 2. Қасым, Есім
3 Билер 3. Керей, Жәнібек
4 Заңдар жазды 4. Тәуке, Жәңгір
5 Жоңғарлармен күресті 5. Төле, Қазыбек
ІҮ. Қазақ хандарының жұмысына сипаттама беру:
Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы 1511-1518 ж.ж
Қуатты ел болды Әскерінің саны 300мың болды



Халықтың саны 1млн-ға
Түркістан Қазақ хандығының
астанасы болды Дипломат
Орта Азияға
Қасымхан қасқа белгілі болды
жол заңын шығарды
Қасым ханның қасқа жолы.1. Мүлік заңы ( жер дауы, мал - мүлік дауы);2. Қылмыс заңы ( кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);3. Әскери заң ( қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат, қара қазан мәселелері);4. Елшілік жоралары ( майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері жасауыл және т. б.)А) Хақназар ханның шығу тегіне сипаттама беру
Б) Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі саясаты
В) Хандықтың сыртқы саясаты
Хақназар ханның шығу тегі:
ЖОШЫ ҰРПАҒЫ



Ұрыс хан

Ұрыс
Құйыршық хан



Барақ хан



Жәнібек хан



Қасым хан


Хақназар хан

Қасым ханнан кейін құлдырай бастаған Қазақ хандығының күш куатын арттырып хандықты нығайтты
Көрші елдермен жақсы қарым-қатынас орнатты

Түркістан аймағындағы бірнеше қалалар Түркістан,Сауран Қазақ хандығының құрамында еді






Қолбасшысы
Шебер саясаткер
ХАҚНАЗАР ХАН (1538-1580)



Ноғай ордасының ыдырауымен халықтың саны көбейді, шекарасы кеңейді
Қазақ хандары тарихында ұзақ жыл ел биледі


Ресей патшалығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты

1. Тәуекел хан 1582 жылы өз билігіне нығайған, қуатты мемлекетті алды. Осы тұжырыммен келісесіңдерме? Қандай себептері бар? 2. 1580-1582 жж Бұхар ханы Абдаллах Тәуекел сұлтан мен Шығай ханға Ходжент жерін сыйға береді, ал кейіннен 1583 жылы Тәуекел хан Абдаллахқа шабуылға шығады. Достық қарым қатынас неге бұзылды? 3. Қалай ойлайсындар, сол уақыттағы Тәуекел ханның орыс мемлекетімен қарым –қатынасы қажет болды ма? Ал, қазіргі ҚР –ның Ресеймен қарым-құатынасы қандай? 4. Балалар, Тәуекелді біз кім деп айта аламыз? 
1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі саясаты
2. Хандықтың сыртқы саясаты
1. Тәукенің хан тағына отыруы.. Тың өзгерістер енгізді«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырдыХан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болдыБилер жергілікті атқарушы өкіметке айналдыФеодалдық талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға күш салды2. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы.Елдің ішкі жағдайы өте шиеленісіп тұрдыҮстем тап өкілдері арасында ішкі, талас - тартыс пен алауыздық өрші түстіҚазақ жүздері біртұтас қазақ хандығын мойындағанмен, іс жүзінде олар Ұлы ханға бағынбауүрдісін ұстандыСұлтандардың өздері кіші хандарға бағынғысы келмей, өз алдарына жеке - дара билік жүргізуді көздеді3. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы жағдайыОрыс мемлекетімен экономикалық және саяси - дипломатиялық байланыс орнатуға тырысты1573 жылы С. Малцев пен Т. Чебуков бастаған орыс елшілігі келді1694 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады.Ресей болса қазақ хандығын Сібір ханы Көшімге қарсы одақтас еткісі келді. 1598 жылы Көшім біржолата жеңіліске ұшырады. Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды да тартты.4. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта.4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш - қуатын арттыруды
мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осыдан қалса керек. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы сияқты» байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларының алынды. Зерттеулерге қарағанда «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің таңдаулы жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы, үш кемеңгер деп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс – тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді.
Ү. Қорытынды:
1. 1443+160 = (1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы)2. 1921 – 308 = (1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)3. 1620ж - 1404+217 = (1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды)4. XI+VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтан, Феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды)5. 1333+295= (1628 жылы Есім хан қайтыс болады)6. 1332+281= (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды)7. 1822 - 224= (1598 жылы Есім хан таққа отырады)8. 1219+408= (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады)9. ІХ+VІІ=(XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды)10. 921+690= (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды)ҮІ. Бекіту: Сергіту сәті. Шарады (берілген сөздерді мимика арқылы көрсету)
1. Шашбау, батыр
2. Шаңырақ, сусын
3. Қорғаныс, сәукеле
«Мен сізді білемін» оқушы өз атынан хандарға хат жолдайды.
ҮІІ. Бағалау:ҮІІІ. Үй тапсырмасы: «Егер мен хан болсам» тақырыбына ой-толғау жазу.