Зертханалы? ж?мыс жоспары Механика зертханалы? ж?мыс 4
1-зертханалық жұмыс
Тең үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау
Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу.
Ол үшін шардың белгелі бір t уақытта жүріп өтетін s орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді. Бастапқы жылдамдықсыз (v0=0) теңүдемелі қозғалыс кезінде s=at22 болатындықтан, s пен t-ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады:
a=2st2Өлшеу құралдары: өлшеуіш таспа, метроном.
Құрал – жабдықтар: науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.
Жұмысты орындау:
1.Тұрғы арқылы науаны көжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек (1.35 – сурет). Науаның төменгі шетіне металл цилиндрді қоясыңдар.
2.Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.
3.Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады (соғу арасы – үш толас).
4.Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.
5.Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар.Науаның көлбеулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзшгермеуі тиіс), метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады), тәжірибені бес рет қайталау керек.
6.sорт=s1+s2+s3+s4+s55 формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң модулінің орташа мәнін табыңда: sорт=2sортt2 .
7.Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:
Тәжірибе нөмірі s, м sорт, м Метрономның соғу саны t, с a, м/с2
1.
2.
3.
4.
5. Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды. Өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты қалайда қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей,өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған өлшеген жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәні есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.
2-зертханалық жұмыс
Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу
Жұмыстың мақсаты:горизонталь бағытта лақтырылған дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.
Құрал – жабдықтар: тұрғы, диаметрі 25 мм болат шар, шар домалайтын науа, миллиметрлік бөлігі бар сызғыш, ақ және көшірме (қара) қағаздар.
Жұмысты орындалу реті:
1.Науаны тұрғыға бекітіңдер (2.32 – сурет). Оның имек басы горизонталь қалыпта болуына назар аударыңдар. Науаның алдына ақ қағаз жайып, оның үстіне көшірме қағаздар салыңдар. Науаның бойымен домалаған шардың үстелге түскен жері ақ қағаз бетіне белгі түсіреді.
2.Науадан домалаған шардың үстелге қандай h биіктіктен түскенін және l ұшу қашықтығын өлшеңдер.
3.t=2hg формуласы бойынша шардың ұшу уақытын есептеңдер.
4.Алынған нәтижені v0=lt формуласы бойныша шардың горизонталь бағытта ұшу жылдамдығын есептеу үшін пайдаланыңдар.
5.Алынған нәтиженің дұрыс екендігін тексеру үшін науаны шар басқа биіктіктен түсетіндей етіп орналастырыңдар.Оның ұшу қашықтығын тағыда есептеңдер. Шардың түсу нүктесін ақ қағазда белгілеңдер.
6.Шарды науаның белгілі бір жерінен бірнеше рет домалатып жіберіп, тәжірибені қайталаңдар.
7.Алынған нәтижені төмендегі кестеге жазыңдар.
Тәжірибе реті h, м l, м lорт, м t, с v0, м/с vорт, м/с
8.Өлшеу дәлдігін бағалаңдар (1-зертханалық жұмыстағы ескертуге қараңдар).
3-зертханалық жұмыс
Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
Жұмыстың мақсаты: математикалық маятниктің тербеліс периодының T=2πlg формуласы бойынша еркін түсу үдеуін анықтау.
Ол үшін тербеліс периоды мен маятниктің ұзындығын өлшеп алу қажет. Сонда жоғарыдағы формуладан еркін түсу үдеуін анықтауға болады:
g=4π2lT2Өлшеу құралдары: секундтық тілі бар сағат, өлшеуіш таспа.
Құрал – жабдықтар: саңылауы бар шар, жіп, қысқышы мен сақинасы бар тұрғы.
Жұмысты орындау:
1.Тұрғыны үстелдің шетіне 4.19 – суретте көрсетілгендей етіп орнатыңдар. Оның жоғарғы жағына қысқыш арқылы сақина бекітіп, оған жіпке байланған жүкті іліңдер. Жүк еденнен 3 – 5 см жоғары тұруы керек.
2.Маятникті тепе – теңдік күйінен 5 – 8 см-ге ауытқытып, содан кейін оны жібере салыңдар.
3.Маятниктің ұзындығын өлшеуіш таспамен өлшеп алыңдар.
4.Толық 40 тербеліс N жасауға кеткен ∆t уақытта өлшеңдер.
5. ∆t уақытта қайтадан өлшеп (тәжірибе шартын өзгертпей), оның ∆tорт орташа мәнін анықтаңдар.
6.Уақыттың ∆tорт орташа мәні бойынша тербеліс периодының ∆Tорторташа мәнін анықтаңдар.
7. gорт=4π2lT2орт формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің gорт мәнін есептеп шығаруға болады.
8.Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Тәжірибе нөмірі l, м N ∆t, с ∆tорт, с Tорт=∆tортNgорт,м/с2
1. 2. 3. 9.Еркін түсу үдеуінің алынған gорт орташ мәнін g=9.8 м/с2 мәнімен салыстырыңдар.
10. Өлшеу дәлдігін бағалаңдар (1-зертханалық жұмыстағы ескертуге қараңдар).
4-зертханалық жұмыс
Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: судағы беттік толқындардың таралу жалдамдығын анықтау.
Құрал – жабдықтар: зертханалық жұмыстарға арналған ұзындығы 0,5 – 1 м болатын кең ыдыс, қалтқы, пластилин, секундтық бөліктері бар сағат немесе секундомер,сызғыш.
Жұмысты орындау:
1.Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.
2.Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетінен су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.
3.Осы кезде пайда болатын толқындардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.
4.Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның l қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.
5.Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.
6.Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.
Тәжірибе нөмірі Уақыт t, с Уақыттың орташа мәні, tорт, с Қашықтық, l, м Толқын жылдамдығы v, м/с
1.
2.
3.
4.
5. 7.Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.