Натрий ж?не калий саба? жоспары
Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, өзіндік ой қорытуға баулу, байқампаздыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушыларға натрий және калий металдарының физикалық, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алыну жолдары,қолданылуы туралы ұғымды түсіндіру.Тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін ағалау
Дамытушылық: Пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, тиянақты жауап беру қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше ойлап, ой өрісін,зейінін дамыту.
Сабақтың міндеті:
- Металдардың физикалық қасиетін ажырата білу
- Металдардың табиғатта таралуын есте сақтау
- Металдардың химиялық қасиеттерін анықтайбілу
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа ұғым қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар, демонстрация, тест тапсырмалары,графикалық диктант
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық,тәжірибе, лабораториялық құралдар
Технология түрі: ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Пәнаралық байланыс: биология, медицина, экология, география
Күтілетін нәтиже:
- Натрий, калий қасиеттерін сипаттай білу
- Теориялық білімдерін жүйелей білу
- Есептер мен жаттығуларды өзбетімен шығара білу
- Элементтердің биологиялық маңызын білу
- Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу
Сабақтың жоспары:
1-кезең Ұйымдастыру
2- кезең «Қызығушылықты ояту»
(өтілген тақырып бойынша танымдық қызығушылығын ояту)
- Танымдық сұрақтар
- Тест тапсырмалары
3- кезең «Мағынаны ашу» (жаңа ақпаратпен таныстыру)
4- кезең «Ой толғау» (сабақты бекіту, қорытындылау,ойларын толықтыру)
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру (Екі топқа бөлу)
- Сәлемдесу
- Оқушылардың сабаққа қатысын, сабақ құралын тексеру
ІІ кезең «Қызығушылықты ояту»
Танымдық сұрақтар:
Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?(сол жақ жоғарғы бөлікте,диоганаль бағытта негізгі және қосымша топшада орналасқан)
Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?( S, p, d, f )
S – элементтерге жалпы сипаттама?( эс эелементтер периодтық жүйеде І, ІІ топтық негізгі топшасында орналасқан элементтер )
Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны? ( І топта, негізгі топшада)
Сілтілік металдарды ата? ( Литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций)
Сілтілік металдардың топ бойынша қасиеттері қалай өзгереді?( жоғарыдан төмен қарай атом радиусы артады, электртерістілік кемиді, балқу, қайнау температурасы төмендейді.)
Сілтілік металдардың табиғатта кездесуі?( тек қосылыс түрінде кездеседі, көбінесе сульфаттар, хлоридтер, силикаттар түрінде)
Сілтілік металдардың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштық қасиеті? ( ең күшті тотықсыздандырғыштар, басқа металдарға қарағанда белсенділіктері жоғары аяқталған қабат болу үшін өздерінің бір электрондарын оңай беріп жіберіп тотығады)
Сілтілік металдардың физикалық қасиеті? ( күмістей ақ түсті, жұмсақ, жеңіл балқиды )
Сілтілік металдардың реакциялық қабілеті? ( белсенді металл болғандықтан қабілеттері өте жоғары, сондықтан сілтілік металдарды керосин н\е парафин майы қабатының астында сақтайды.
Тест тапсырмалары:
S- элементтер қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
Оң Теріс Екі жақты
Сілтілік металдар валенттілігі?
ІІІ ІІ І
Ең жеңіл металл?
К Li Rb
Ең ауыр металл?
Темір Хром Осмий
Ең қатты металл?
Темір Хром Осмий
Ең жұмсақ металдар?
Галогендер Сілтілік металдар Сілтілік жер металдар
Франций элементін анықтаған химик?
Г.Дэви М.Пере Д.Менделеев
NаСІ ерітіндісі электролизінде анодта бөлінеді?
Nа СІ Н2
Тұз қышқылымен әрекеттеседі?
Nа, Мg, К Nа, Сu, Аg Сu, Ғе, Нg
Табиғатта алтыншы, жетінші орындарда орналасқан сілтілік металдар?
Li, Rb Сs,Ғr Nа,К
ІІІ – кезең «Мағынаны тану» (жаңа сабақ түсіндіру)
Демек, бүгінгі сабағымызда сілтілік металдардың ішінде кең тараған натрий және калий ұғымымен танысамыз.Ендеше дәптерлеріңізге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып қойыңыздар. Бұл элементтермен күнделікті сабақтарымызда жиі естіп жүрміз.Жаңа сабағымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.
Жоспар: - Натрий, калий металының периодтық жүйедегі орны
- Натрий калий металының физикалық қасиеті
- Натрий, калий металының алынуы
- Натрий, калий металының химиялық қасиеті
- Натрий, калий металының табиғатта таралуы мен қолданылуы
Натрий, калий металының периодтық жүйедегі орны
Реттік нөмірі 11 Nа
Тобы І
Негізгі
Валенттілігі І
К Реттік нөмірі 19
Аr ₌ 23 г Аr ₌ 39 г
Периоды ІІІ Периоды ІV
Қатары 3 Қатары 4
Натрий калий металының физикалық қасиеті
ρ₌0,97 г\см3
Nа Күмістей ақ түсті
Жұмсақ
Жеңіл
Пышақпен оңай кесіледі
Оңай тотығады
К ρ₌0,86 г\см3
Балқу темп. 97,7◦С Балқу темп. 63,5◦С
Жер қыртысында 2,64% Жер қыртысында 2,41%
Натрий, калий металының алынуы
Өнеркәсіпте: электролиздеу әдісі арқылы 1807ж ағылшын ғалымы Г.Дэви алды
2NаСІ→ 2Nа + СІ2
КСІ+ Nа→NаСІ + К (800◦С)
Натрий, калий металының химиялық қасиеті
1.Жалынға әсер ету. Натрий – сары түс береді. Калий – күлгін түс береді
2. Жану реакциясы. 4Nа+О2→2Nа2О 4К+О2→2К2О
3.Бейметалдармен әрек. 2Nа+СІ2→2NаСІ 2К+СІ2→2КСІ
4.Сутекпен әрек. 2Nа+Н2→2NаН 2К+Н2→2КН гидрид түзеді.
5.Сумен әрек. 2Nа+2Н2О→2NаОН+Н2 2К+2Н2О→2КОН+Н2
6.Қышқылдармен әрек. Nа+Н2SО4→Nа2SО4+Н2 К+Н2SО4→К2SО4+Н2
Натрий, калий металының табиғатта таралуы мен қолданылуы
Көбіне қосылыстар түрінде кездеседі.натрий, калий қосылыстары әр түрлі мақсатта қолданылады.
-медицинада
-металлургияда
-транспортта
-органикалық химияда
- адам организмінде
ІV – кезең «Ой толғау» ( толықтыру, сабақты бекіту, қорытындылау)
2.Оқулықпен жұмыс
«Натрий» тобы №3 157 бет
«Калий» тобы №5 158 бет
3. Есептер сыры
- Натрий оксиді құрамында натрийдің, калий оксиді құрамында калийдің мөлшері неше пайыз?
- Қанша грамм калий 11,2л хлормен реакцияласады?(қ.ж)
- 9,2 г натрий сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді түзіледі?
- шығымы 70%-тік 42,6г натрий сульфаты 70%-тік 41,6г барий хлоридімен қосылғанда түзілетін
тұнбаның массасы қандай?
4.Тәжірибе жасау ( реакция теңдеуін аяқтау)
№1 тәжірибе Натрий қосылысын қолданып, газдың бөлінуін бақылаңыз
Nа2СО3 +2 НСІ →2 NаСІ+ СО2↑+Н2О газ көпіршіктері бөлінеді,көмірқышқыл газы
№2 тәжірибе Калий қосылын пайдаланып, тұнба түзілуін бақылаңыз
2 КОН+ҒеSО4 →К2SО4 + Ғе(ОН)2 ↓ қоңыр жасыл тұнба
№3 тәжірибе (экраннан) NаОН + СuСІ2 → NаСІ+Сu(ОН)2 ↓ көк тұнба
№4 тәжірибе (экраннан) NаОН + ZnСІ2 → NаСІ+Zn(ОН)2 ↓ ақшыл тұнба
5.«Химия және адам» шығармашылық жұмыс
6. «Ой-түйін» Графикалық диктант (иә н\е жоқ)
Сілтілік металдар І топта орналасқан - иә
Натрийдің 23 электроны бар - жоқ 11
Калийдің электрондық қабаты 5 - жоқ 4
Натрий жалынды сары түске бояйды – иә
Калий ең жеңіл металл – жоқ Литий
Калийдің нейтрон саны 19 – жоқ 20
Натрий,калий металдары оңай балқиды – иә
Табиғатта таралуы бойынша натрий екінші орында,калий алтыншы орында –жоқ 6-7
Бүгінгі сабақта нені білдім?
Үйге тапсырма §6.3 6,7-жаттығу, шығармашылық жұмыс
Бағалау