Ашы? саба? та?ырыбы: Кальций ж?не оны? ?осылыстары
Хромтау ауданы,Коктау 2 ауылы
Нұрлы-көш орта мектебі
Химия пәнінің мұғалімі
Суйеуова Ж.А
Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары 9 класс
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз бетінше кальцийдің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеуге жағдай жасау, пәндік және жалпы танымдық дағдыларын одан әрі дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
Оқушылардың кальцийдің элемент және жай зат туралы білімдерін кеңейту.
Кальцийдің қасиеттері ондағы металдық байланыстың болуына байланысты екендігін, атом құрылысының негізінде металдың химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін көрсету.
Кальций қосылыстарының мысалында оксидтер мен гидроксидтер туралы білімді еске түсіру.
Дамытушылық:
Тұжырымдамалар құрып, оларды тәжірибелер, іс әрекет жүргізу арқылы дәлелдеу дағдыларын дамыту.
Алған білімдерін өңдеп, сараптау дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.
Оқушылардың ойлау қабілеттері мен зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау, себеп салдар байланыстарын анықтау, жауаптарын нақтылау, өорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Ойлау мәдениетін тәрбиелеу.
Тұлғаның коммуникативтілігін дамыту.
«Химиялық тіл» мәдениетін қалыптастыруды жалғастыру.
Оқушылар білуі қажет: кальций атомының құрылысы, жай зат ретіндегі физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылу аймақтары, кальйий қосылыстарының қасиеттері.
Оқушылар дағдылануы қажет: кальцийдің химиялық элемент және жай зат ретіндегі сипаттамаларын беру;кальций мен оның қосылыстарының химиялық қасиеттерін көрсететін реакцияларды молекулалық, иондық және тотығу тотықсыздану түрінде жаза білу;
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру.
Сабақтың түрі: жеке, топтық жұмыс, ой толғаныс.
Оқытудың әдістері: себеп салдар,жартылай ізденіс, ой толғаныс, өзіндік жұмыс, өз өзін тексеру.
Құрал жабдықтар:
презентация (қосымша 3)
металдардың электрохимиялық кернеу қатары
Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі
Жол сілтемелер ( қосымша 1)
тест (қосымша2)
Оқушылардың құралдары: жол сілтемелер, оқулық, жазба құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздерме, оқушылар! Мен сіздерді және бізге келген қонақтарды көргеніме қуаныштымын.
Бүгін біздер металдардың бірімен танысамыз, ыңғайлы отырып, сабағымызды бастайық.
II. Білімді жаңғырту.
Біздің әрбіреімізде жеке мекен жайымыз бар:бұл біздің көшеміз,үйіміз,пәтеріміз. Бүгінгі химиялық элементіміздің де «үйі» бар. Ол қалай аталады?
Кальций атты күміс түсті металмын,
Өмір бойы керегіңе жете алдым.
Менмін ақ бор,әктас,мәрмәр, ғанышпын,
Тіршілікке қажет метал аталдым.
Қыртысында жердің мен де кездесем,
Артық болмас «Жер металы мен десем»
Ғарыштағы ракета да, ұшақтан,
Қолтаңбамды табасың сен іздесең.
Жануардың бақалшағы, қаңқасы,
Жер бетінің минералды әр тасы.
Сан құрылыстың сәулеті мен негізі
Қаланады менен ғана ойланшы.
Сабақтың тақырыбы «Кальций және оның қосылыстары».
Қазір сіздер таңғажайып элемент кальциймен танысу үшін сапарға аттанасыңдар. Химиялық элементтің атауы латын тілінен calcis – «жұмсақ тас», «ізбес» дегенді білдіреді. Бұл металдың атауын оны 1908 жылы ашқан ағылшын химигі Хэмфри Дэви тауып ұсынды. Сапарға шығу үшін сіздерге жол сілтемелер қажет. Сіздер бүгінгі сабақ бойы онымен жұмыс жасайсыңдар. Оған мұқият қарап алыңыз(қосымша 1) да, бүгін қай жерге баратыныңызды айтып беріңіз.
III. Жаңа материалды игеру
1. Жол сілтемелеріңізге бүгінгі сапарыңыздың күні мен сабағымыздың тақырыбын жазып алыңыз.
2. Сіздер «Химиялық элемент визиткасы» бекетіне келдіңіздер. Кальцийді периодтық жүйеден тауып, сілтеменің бірінші бөлімін толтырыңыз.
Мәтіннің бос жерлері толтырылған соң, алынған жауаптар талқыланады.Әңгіме барысында мұғалім ұяшықтарға сандар мен таңбаларды қояды.Сөйтіп, кальций – бұл металл. Кальций сілтілік жер металдарына жатады.Бұл топтың металдарына кальций, стронций, барий, радий ( кейде бериллий және магний) жатады. Олардың атаулары оксидтерінің ертеректе «жерлер» деп аталған соң және судағы ерітінділері сілітік орта түзетіндіктен пайда болды .
Металдардың электрохимиялыө кернеу қатарына қарайық. Бұл жерде кальций қатардың бас жағында орналасқандықтан, белсенді болып келетіні көрініп тұр.
«Химиялық элемент визиткасы» бекетінен алынған мәліметтер кальцийдің белсенділігі туралы толық мағлұмат бермейтіндіктен, біздер келесі бекетке аттанайық.
3. Бекет 2 . «Табиғаттағы кальций».
Кальций, сілтілік және сілтілік жер металдары сияқты табиғатта тек қана қосылыс түрінде ғана кездеседі.
Олар мәрмәр, бор, ізбестас кеңінен танымал минералдар.Ізбестас тамаша құрылыс тасы,шыны, сөндірілген әк пен цемент алуға қажет шикізат.Бор мектеп боры, тіс пастасы, резеңке, қағаз бен ағартқыш заттар алуда қолданылады.Мәрмәр скульпторлар мен архитекторлардың минералы, табиғатта алдыңғыларына қарағанда сирек кездеседі. Ғаныш,флюорит,доломит деген минералдары кең таралған.Бұдан басқа, кальций тұздары табиғи судың құрамында болып, оның кермектілігңн арттырады.Оның қосылыстары барлық дерлік тірі ағзаларда кездеседі. Кальций жер қыртысының 3.38% құрайды ( оттек, кремний, алюминий және темірден кейінгі бесінші орын).
4. Бекет 3. «Жай заттың құрылысы мен физикалық қасиеттері».
Оқушылар физикалық қасиеттерін сілтеме беттеріне теріп жазады.
Келесі бекетке бармас бұрын кішкене демалайық. Периодтық жүйеден Металдардың Гиннес рекордтаро кітабына қайсысын жатқызар едіңіз? Неге?
5. Келесі бекет «Кальцийдің химиялық қасиеттері».
Келесі аялдама тәжірибелік.Химиялық қасиеттерді қарастырамыз.
Біздің металға қандай қасиеттер тән екен? Оқушылар тақтаға шығып, реакция теңдеулерін жазады. (Біреуін тотығу тотықсыздану ретінде қарастырады)
6. Келесі бекет «Кальцийдің қосылыстары».
Оқушылар кальций оксидінің формуласын жазып, оны сипаттайды. Негіздік оксидтердің қасиеттерін еске түсіреді.
Кальций гидроксиді (сөндірілген әк) сілтілерге жатады.
7. Келесі бекет «Міне, кальций осындай!»
Кальций – бұл жай ғана химиялық элемент емес.Бқл адм ағзасында кең таралған макроэлемент.Оның көп бөлігі қаңқа мен тісте фосфаттар түрінде кездеседі.Кальций иондары қанның қюы мен бұлшықеттер реакцияларына қатысып, жүрек жұмысын реттейді.
IV. Сабақты бекіту.
8. Ал енді алған білімімізді «бекітейік»
Реакцияның реагенттері мен өнімдерінің арасындағы сәйкестікті табыңыз. Оқушылар жеке тест орындайды.қосымша 2. Жауаптарын тексереді.
9. «Соңғы аялдама» бекетінде сіздер үй жұмысын табасыздар.
V. Қорытындылау.
Химия – ғылымдардың патшайымы
Таңғажайып,ақылды
Мектептегі нақты ғылым
Бүгін бәрін жинадыҚосылыстың сан мың түрі
Оны ешкім сана алмас!
Барлығы сондай керемет,
Назарларыңызға рахмет!!!