Поурочные планы по химии на тему Кальций ж?не оны? ?осылыстары (9 класс)


Бекітемін: Сыныбы: 9 «В», 9 «Г» Күні: 12,15. 01. 2016ж
Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары.Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары
Сілтеме 9 сынып оқулығы, есептер жинағы
Сабақтың мақсаты Периодтық  жүйедегі   орны  бойынша  кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра  отырып, алған  білімдерін  жадында  сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
нәтиже Кальцийдің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын сипаттай біледі. Кальцийдің физикалық және химиялық қасиеттерін біледі.Қазақстандағы кальцийдің маңызды кен орындарымен танысады.
Түйінді идеялар Кальций ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан. Тұрақты ІІ валентті. Белсенді металл. Оның қосылыстары құрылыста, медицинада қолданылады.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері СТО, диалог, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Пән аралық байланыс Физика, математика, география
Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Сәлемдесу
2.Ұйымдастыру
3. Сабақ барысымен таныстыру
5.Бағалау парағын таныстыру
6.Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру 1.Сәлемдесу
2.Өздерін ретке келтіру
3.топқа бөліну
4.кітап ,оқу құралдарын ,дәптерлерін дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин.
1. Сұрақ - жауап
2.Жұмыс дәптерлерінен үйге берілген тапсырмаларды тексеру.
Қызығушылықты ояту 2 мин.
Сыныптан бір шықпайды, Жәрдемінсіз бұл заттың                                   Оқушы сабақ ұқпайды  (Бор)
Бұл заттың құрамында қай металл бар? Оқушылар жауабын шешеді.
Тақырыпты ашады.
Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады.Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады)
Сабақтың негізгі бөлімі 20 мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу.Сұрақтарға жауап беру."Миға шабуыл"әдісі.
Металдарға жалпы сипаттама; ПЖО.
Жалпы физикалық қасиеттері.
Жалпы химиялық қасиеттері.
Ме активтік қатарын кім ұсынған?
Ме табиғатта қандай түрінде кездеседі?
Түсіну."Ой қозғау"сатысы.
1.Кальцийдің периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы.
2.Табиғатта таралуы,физикалық қасиеттері.
3.Химиялық қасиеттері.
4.Қосылыстары,қасиеттері,қолданылуы.
Қолдану. 1. Химиялық эстафета
1-топқа.     Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2
2-топқа       CaO→CaCl2→CaCO3→CaO→Ca(OH)2
3-топқа. CaO→Ca(OH)2→Ca(NO3)2
2. Ca→Ca(OH)2→CaCO3→CO2
Талдау. 1. 20% қоспасы бар 7г техникалық кальцийді 100г суда ерітті.Алынған ерітіндідігі кальций гидроксидінің массалық үлесін табу
2. Өнімнің шығымы 75%болса, 6 кг сөндірілмеген әк алу үшін әктастың қаншасын еріту қажет?
Жинақтау. 1.Кальцийдің өздеріңіз білетін, күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қандай қосылыстарын білесіздер?2.Металл күйіндегі  кальций ауада қалса,біртіндеп ақ түсті ұнтаққа айналады.Жүретін реакция теңдеуін жазу
3.Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша:
СаСО3→ СаО + СО2 –180 кДж 200 кг кальций оксидін алу үшін қанша жылу жұмсау керек?
Бағалау. Оқушылар белсене қатысады.
Оқушылар топқа бөлініп,сабақ құрылымымен танысады.
Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс істейді.
Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.
Қорытынды. Күтілетін нәтиже 4 мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақты қорытындылау. Өзін-өзі бағалау,топ басшылары оқушыларды бағалайды.
Қорытынды.Бір-бір сөйлемнен түйінді идея айтады.
Кері байланыс.Оқушылар сабақ туралы өз ойларын білдіреді
Бағалау 5 мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды,бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауы мен өз бағасынан ортақ баға қояды. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма 1 мин. Тақырыпты оқу. № 4-5тапсырма.