План развития школы на 2014-2015 учебный год учителя первого уровня
БЕКІТЕМІН:
Мектеп директоры: Алиахмет Б.Т
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Абай негізгі мектеп» КММ
дамытудың 2014-2015 оқу жылына арналған жоспары
Уақыты: 01.09.2014 ж- 25.05.2015 ж
Мектептің даму жоспарының басымдықтары
«Мектеп оқушыларының әдеби кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» Нәтиже және табыс критерийлері
оқушылардың рухани байлықтарын толықтыру
өмірге оптимистік көзқараспен қарауды
Бір-бірімен мәдениетті тұрғыда қарым-қатынас жасауға
Тіл байлықтарын арттыру.
Оқушыларды әдеби кітаптан алған тәлімдерін өмірде қолдануға үйрету
Оқушылардың сөз қорлары толықтырылады.
Оқу машығы дамиды.
Оқушылар рухани азық алады.
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті артады
Ата-ана мен мектеп мұғалімдері арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие негіздері беріледі
Мақсаттар/ шаралар Жауапты адам Әдіс-тәсіл/ ұйымдастыру формасы мерзімі Мониторинг/ талдау нәтиже
Таңдалған басымдық бойынша ақпарат жинау Мақсаты: мектептің бастапқы жай күйін анықтау Мектеп психологы; Сынып жетекшілер; қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Адреисова Г.А Сауалнама /оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардан/
Оқу машығының қорытындыларын талдау /1-7 сыныптар/
Мектеп оқушыларының кітапханаға бару жиіліктерін бақылау қыркүйек Сауалнама алынған соң нәтижесін шығару 1. Оқушылар арасында әдеби кітап оқитын оқушылар саны анықталады
2. Балаларының кітап оқуына мән беретін немесе бермейтін ата-аналар саны анықталады.
3. Оқушыларының қаншалықты әдеби кітап оқитынын білетін немесе білмейтін мұғалімдер саны шығады. /қорытындысы мониторинг кесте түрінде беріледі/
«Бір кітап – бір сыйлық» акциясы. Мектеп кітапханасына әдеби кітап сыйға тарту Сынып жетекшілер, кітапханашы, ата-аналар үндеу қазан Кітап саны Мектептің кітапханасындағы кітап саны артады.
Оқушылар біріккен жұмысқа тартылады.
«Менің сүйікті кейіпкерім» кітап оқырмандар конференциясы Қазақ әдебиеті мұғалімі, кітапханашы Конференция қараша видео Оқушылар рухани азық алады
«Кітапханаға бару» біркүндік бағдарлама Сынып жетекшілері саяхат желтоқсан суреттер Оқушылардың мәдени аясы артады
«Сезіммен ойла, сурет сал» Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Сурет көрмесі қаңтар Көрмеден көріністер Эстетикалық тәрбие беру
«Дауыстап оқу аптасы» Қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, бастауыш сынып мұғалімдері ТВ-шоу ақпан суреттер Оқушылардың оқу машығы артады
Мәнерлеп оқу дағдылары дамиды
Көпшілік алдында сөйлеп, өз ойын ашық жеткізе білуге үйренеді
«Оқу уақыты! Кітапханашылар тергеу жүргізеді» кітапханашы Фильм репортаж наурыз фильм Оқушылардың қаншалықты кітап оқуға бет бұрғанын анықтайды
«Отбасында бірігіп оқу» Сынып жетекшілер Бағдарлама сәуір Пікір дәптері 1. Ата-ана мен мектеп мұғалімдері, оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.
Сабақтарда топтық жұмыс, СТО стратегияларын пайдалану Пән мұғалімдері Сабақ үрдісі үнемі Сабақтың қысқа мерзімді жоспары Оқушылардың сөйлеу мәдениеті артады
Сабаққа деген қызығушылықтары дамиды
Пән мұғалімдерінің әдістемелік шеберліктері шыңдалады
5,7 сынып оқушыларымен LS зерттеу сабақтарын өткізу Фокус топ мүшелері Тізбектелген сабақтар топтамасы Дер кезінде LS зерттеу сабақтарының жоспары, бақылау парақтары, зерттеу нәтижесі Зерттеу мақсаты бойынша мұғалімдер LS зерттеу сабақтарын жүргізуді үйренеді
Тақырып аясында мектеп мұғалімдері, ата-аналармен коучингтер өткізу Адрейсова Г.А Коучинг Жоспар бойынша видео Мұғалім мен ата-аналардың танымдық ой-өрістері артады
Ата-ана мен мектеп мұғалімдері арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды
Бір жылдық жұмысты қорытындылау Адрейсова Г.А Деректер жинақтау, есеп беру мамыр Рефлекстивті
есеп Жұмыс нәтижесі шығып, келесі жылдың жұмыс жоспарына бағыт анықталады