Елімні? ба?ытын тербеткен Т?уелсіздік!Сынып са?аты


Ковыленка негізгі орта мектебі

Тақырыбы:

162998436049Өткізген: Жантасова А.Б.
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»
Мақсаты:
Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған 22 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін тереңдету.
Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, дүниетанымын, ойлау және есте сақтау қабілетін, сөздік қорын дамыту, ой қорыта білуге дағдыландыру.
Топта ынтымақтаса жұмыс жасауға, тіл дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылық жұмыс түрлеріне баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, флипчарт, маркерлер, түрлі-түсті стикерлер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мемлекеттік әнұран орындалады.
«Сағат бойынша достар» тренингі
ІІ. Үй тапсырмасы
Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХV ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХVІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау тоспасын, горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.
«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Міне, біз сіздермен бірге тарихқа қысқаша шолу жасадық. Егемен еліміздің тарихы және оның болашағын бүгінгі ұрпақ қалай елестетені туралы топтар дайындап келген жобалардан көре аламыз.
Әр топ өздерінің таныстырылымдарын қорғайды.
«Қыран» тобы – Қазақстан: кеше
«Тұлпар» тобы – Қазақстан: бүгін
«Шаңырақ» тобы – Қазақстан: ертең
Әр топ басқа топтың таныстырылымын «екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды.
ІІІ. Мәнерлеп өлең оқу
Әр топқа өлеңдер беріледі. Оқушылар өлеңді алдымен жеке оқиды, содан кейін әр топтан бір оқушы өлеңді класқа мәнерлеп оқып беріп, өлеңнің мазмұнынын айтады.
«Қыран» тобы – М. Шаханов «Төрт ана»
«Тұлпар» тобы – М. Шаханов «Желтоқсан алаңы»
«Шаңырақ» тобы – Ұ. Есдәулетов «Қазақстан»ІV. Өткен жылдар жемісі
Әр топ Қазақстан тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерге шолу жасайды.
V. Өз тарихыңды білесің бе?
Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (XV ғасыр)
«Көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр (Құтылығұлы Күл-тегін)
Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым (Әбу Насыр Әл-Фараби)
«Көмекей әулие» атанған қазақтың ұлы жырауы (Бұқар жырау)
Қорқыт Ата ескерткіштерінің қандай ерекшелігі бар? (ескерткіш жел соққанда қобыз сарындас үн шығарады)
Соңғы Конституция қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл)
Ұлттық валютамыз теңге қай жылы айналымға енгізілді? (1993 жыл)
«Менің Қазақстаным» әні қай жылы жаңа әнұран болып қабылданды? (7 қаңтар 2006 жыл)
Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)
VІ. Ой толғау
«Тәуелсіздік – тәу етер тұғырымсың» тақырыбына эссе жазу.
VІІ. Кері байланыс
«Шығу картасы»
Маған оңай болды ______________________________________________________________.
Мен өзімді _____________________ мақтай аламын.
Мен топтағы кластастарымды _____________________ мақтай аламын.
Менің ойымша _____________________ орындай алмадым, себебі _____________________.
Келесіде _____________________ ескеремін.
VІІІ. Қорытынды
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Елімізді өркендетуге сендер де болашақта ат салысады деп сенемін.
Бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған класс сағатымызды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.
Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы.
Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз.
Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.
Лайым бетімізден жарылқасын!
Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың
аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!» деген сөзімен аяқтағым келеді.