Т?рбие са?аты Елімні? ба?ытын тербеткен-Т?уелсіздік


Оңтүстік Қазақстан облысы. Төлеби ауданы. Ленгер қаласының.
№8 шағын жинақты жалпы орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты бастауыш сынып оқушыларының арасында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында кең көлемді сыныптан тыс іс-шара өтілді. Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары, мектеп ұжымы және ата-аналар белсене қатыстырылып кең көлемде өтілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Доспаева Карима Ибаддуллақызы

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік»
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы   ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе мендегі қою
-Қазақстан Республикасының гимні. Хор
Анель
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Бақдаулет
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Слайд көрсету
Анель- Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.- Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Оқушылардың   сөзі  Зарина мен Нұртас
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар
алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір
ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.
Бақдаулет
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы
жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері
жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар»,
«Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында
Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары
сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп
құрбан болды.
Көрініс
-Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
-Сен
13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат
-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
-Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).
-Жаным қазақ 1 сынып Илхамов Мирас
Айдана
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты ұшқан күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл
ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. .
Жанарыс
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
Айсулу
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
Адина
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің
арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
Мансұр
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
Ғабидин
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша
ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға
қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)
11-оқушы Абай
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Тәуелсіздіктің шыңы
Сандар сыр шертеді 3 сыныптар
1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8.2000ж. Мәдениет жылы.
9.2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
«Тәуелсіз – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымызғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
Даярлық топ Қуырмаш шаттық шеңбер 
12-оқушы Абдулрахман
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
13-оқушы Даяна
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
14-оқушы Камшат
16-желтоқсан
Тәуелсіздік
алған күн,
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында
қалған күн.
Жасай берсін
ұлы күн,
Үміті боп елінің.
15-оқушы Ерлан
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
16-оқушы Мухаммеджан
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
. 17-оқушы
  Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.
Сескенді бүкіл өктемдік,
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
18-оқушы
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
Әсет-оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
Зейнеп-оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
  2 а сынып оқушылары Бақытты балалы шақ өлең айтады
(музыка жетегінде оқушылар залға кіреді)
Хор Атамекен.