Жемірілу ж?не онымен к?ресу жолдары. 9 сынып. Презентация
Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданының Бұлдырты Жалпы білім беретін мектебі Бегайдарова Гүлжихан БолатқызыХимия пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Жемірілу және онымен күресу жолдары САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ: Ұйымдастыру кезеңіҮй тапсырмасын сұрау (Оқушылардың шығармашылық жұмыстары, ).Өткен материалдарды қорыту (сұрақ-жауап)Жаңа сабаққа кірісу кезеңі (көкейкестілігі, мақсаты мен міндеті)Жаңа сабақЖаңа сабақты бекіту кезеңіОқушыны бағалауҮй тапсырмасы Үйге берілген тапсырма: Қазақстандағы металдар кеңі. Темірдің биологиялық рөлі. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев “Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам,бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес”.Қ.И.Сәтбаев. Қазақстандағы темір кеңі Темірдің биологиялық рөлі . «Мақал сөзде де металл жүреді» «Ел іші... От көмір жейді, ..... Арпа, бидай ас екен, .... Қойдың сүті ... Ақыл арымас.... Мына құбылыс қалай аталады? МЕТАЛДАРДЫҢ ЖЕМІРІЛУІ Жемірілумен күресу жолдары Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінде жемірілу деген сөз қандай мағына береді? Жеміру – жемір етістігінің қимыл атауы. Бірте-бірте құртып тауысу, қыспаққа алу, қажыту. Қазір біздің қызыл батырлар жер жүзінің байларының, патшаларының тілеуі болып отырған Врангель лағнаттың әскерін қамап, күннен-күнге қысып жеміруде. (С.Сейфуллин, шығ) Жемірілу = ет. мүжілу, қажалып түсу. Жалынмын мен, келме жақын, жаңарсын,Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсын.Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,Көз қырымен күліп қана қарармын. (М.Жұмабаев. Шығ) Жемірілу сөзінің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасы қандай? Жемірілу:Орысша – Ағылшынша - КОРРОЗИЯcorrosion САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ Жемірілу туралы түсінікЖемірілудің зиянды әсерлеріЖемірілудің түрлеріЖемірілу жүру үшін қажетті факторларЖемірілу процесінің химизміЖемірілумен күресу жолдары АҚПАРАТТЫҚ КЕЗЕҢІ ЖЕМІРІЛУ- қоршаған орта факторларының әсерінен (химиялық, электрохимиялық) металдардың бүліну құбылысыБұл – тотығу-тотықсыздану реакциясына жатады, метал атомы ионға айналады. Металл неғұрлым белсенді болса соғұрлым тез бұзылады.Тотығу процесіне атмосферадағы оттегі мен су буы әсер етеді. Металдардың жемірілуі Жемірілу жүретін орта Процесі бойынша газдық атмосфералық топырақтық Ерітіндіде (қышқылдық, сілтілік, тұзды) химиялық Электро-химиялық Металдардың жемірілуі жүретін жерлер: Оттегі және сулы атмосфераКөмірқышқыл және күкіртті газдың атмосферада кездесуіТеңіз суыҚалдық сулар ХИМИЯЛЫҚ – металдар мен оның құймаларының жемірілуі электр тогын өткізбейтін ортада болады.Ол металдардың әртүрлі бейэлектролиттермен, газдармен, сұйықтармен әрекеттесуінен пайда болады ХИМИЯЛЫҚ ЖЕМІРІЛУ Химиялық коррозияның реакция теңдеулері: ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ – электролит ортада (қышқыл, сілті, мұхит суы) электр тогы пайда болуы арқылы жүреді. Химиялық процесс – бұл металдардың тотығуы арқылы жүредіЭлектрохимиялық процесс – бір металдын электроны басқа металға ауысуы арқылы жүреді Электрохимиялық коррозияның жүруін тездететін жағдайлар: Екі белсенді металдың қатар орналасуы;Металдардың белсенділігі;Металда пайда болған жарықшақтар;Лас сулар, теңіз суы, электролит орта;Температураның жоғарылауы;Микроорганизмдердің әсері (саңырауқұлақтар мен бактериялар). ЖЕМІРІЛУДІҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ Мұнай-газ тасымалын, басқа да химиялық өнімдерді бүлдіреді. Көптеген химиялық өңдірістерді жарамсыз етеді: авиациялық, химиялық, машина жасау.Адамдардың өмірі мен денсаулығына кері әсер етеді. Жемірілуден қорғану жолдары: Металдарды қорғаныштық беттік қабаттармен қаптау (лактау, сырлау); Металдың бетін басқа металмен қаптау (мырыш, қалайы, никель, хром) ;Жемірілуге тұрақты құймалар алу (болат) Сүйенішті (протекторлық) қорғау;Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен (пластмассалар, шыны пласиктер т.б.) алмастыру. Жаңа терминдер: Жемірілу – Сүйенішті қорғану – Құйма – Электролиз – Пирометаллургия – Гидрометалургия – Электрометаллургия - Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Жемірілу дегеніміз не?Жемірілудің қандай түрлері бар?Химиялық жемірілу дегеніміз не?Электролит пен бейэлектролит дегеніміз не?Жемірілуден қорғанудың қандай жолдары бар? Үй тапсырмасы: §34 Металдардың жемірілуі.