Металдарды? жемірілуі ж?не онымен к?ресу жолдары (9 сынып)
Сабақ: 42 Күні: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Металдардың жемірілуі .Онымен күресу жолдары .
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды лабораторияда бақыланған металдардың химиялық реакцияларының табиғи ортада жүру жағдайларымен және соның нәтижесінде металдардың бүлінетінімен таныстыру.
2 .Металдар жемірілуінің зияны және онымен күрес шаралары туралы білім мен білік қалыптастыру.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа , өзгенің пікірін тыңдап ,өз тұжырымын дәлелдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі ,баяндау , сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі мен керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сынып ,тақта тазалығын тексеру, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау,сабаққа даярлығын тексеру.
ІІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:
1.Металдар қандай химиялық реакцияларға қатынасады? *қосылу, орын басу.
2.Металдар химиялық реакцияда не себепті тотықсышдандырғыш қасиет көрсетеді?
3.Металдардың химиялық қасиеттері олардың атомдарының құрылысына тәуелділігін дәлелдеңдер. *атом радиусы үлкендеу, валенттік электрондары аздау.
4.Электрхимиялық кернеу қатарында металдардың белсенділігі қалай қзгереді? *солдан оңға қарай кемиді .
5.1865 ж. металдардың белсенділік қатарын ұсынған қай ғалым ? *орыс ғалымы Н.Н. Бекетов.
IV. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен ,мақсатымен таныстыру.
V. Жаңа сабақ : Коррозия Ме0 Меn+ және электролиз Men+ Ме0 қарама –қарсы процестер.
Металдардың коррозиясы –тотығу –тотықсыздану процесі, бұл процесс кезінде металл атомдары тотығады да ионға айналады. Fe0+H+CL-=Fe+2CL2-2+H20
Fe0-2e =Fe+2 2 тот-с-ш,тотығу
2H++2e=H20 2 тот-ш ,тот-с-дану.
Металдар мен құймалар әртүрлі заттармен жанасқанда олармен әрекеттесіп , химиялық қосылыстар түзеді. Әсіресе жаңбыр ,топырақ ылғалы, ауа әсерінен ,табиғи суда еріген қышқылдар, тұздар әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлініп ,желінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгеріп , ол біртіндеп бүліне бастайды. Бұл өте зиянды әрі қауіпті процесс жемірілу деп атайды. Жемірілуден келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін.
Сондықтан жемірілу процесінің негізін біліп ,оның зардаптарын болғызбау жолдарын үйрену керек.
Белсенділігі жоғары металдар ( сілтілік жіне сілтілік жер металдары ) кәдімгі жағдайдың өзінде қоршаған ортадағы заттармен оттегі ,сумен оңай әрекеттеседі. Cондықтан қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланылмайды.
Белсенділігі орташа металдар жемірілуге баяу ұшырайды. Олар төзімді, себебі металдардың беттерінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып ,металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтап тұрады. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар « бекзат металдар » немесе «асыл металдар » деп аталады. Олар іс жүзінде бүлінбейді. Мысалы: электрондық өнеркәсіпте, ғарыштық техникада контактілер жасауда алтынды пайдаланады.
Металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен жемірленуі 3-ге бөлінеді:
1.Химиялық. 2. Биохимиялық . 3.Электрхимиялық .
Бүкіл әлемде адамның белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы шекті деңгейге жетіп отыр. Осыған орай металдар мен құймалардың жемірлуі де күшейіп келеді .Қоршаған ортаның әсерінен металдардың бүлінуін ---жемірілу немесе коррозия деп атайды.
Жемірілудің жүру жағдайларын анықтау үшін тәжірибелер қойылады. Тәжірибенің мақсаты : темір металының жемірілуге ұшырау жағдайларын анықтау. Ол үшін тәжірибелер қойылады:
1.сынауық: су, оттек, темір шеге.
2.ас тұзының ерітіндісі, оттек ,темір шеге
3. ас тұзының ерітіндісі, оттек, мыс оралған шеге.
4.ас тұзының ерітіндісі, оттек, мырыш оралған шеге.
5.ас тұзының ерітіндісі, натрий сілтісінің еріттіндісі, оттек, темір шеге.
Жемірілудің белгісі: темір жемірілуге ұшырап , қызыл-қоңыр түсті тұнба береді . Мырыш жемірілуге ұшыраса ақ тұнба түзеді; сынауықтағы оттек жемірілуге жұмсалғандықтан азаяды, оның орнына су көтеріледі . Жемірілудің қалай жүргені тұнбаның мөлшері , судың көтерілген деңгейі арқылы анықталып ,қорытындылар жасалады.
1.Таза суға қарағанда ас тұзының ерітіндісінде жемірілу күшті жүреді. Хлор ионы жемірілуді тездетеді .
2.Натрий гидроксиді , яғни гидроксид ион темірдің жемірілуін баяулатады, тежегіш қызмет атқарады.
3.Орта бірдей болғанда жанасып тұрған белсенді металл тезірек жемірілуге ұшырайды . Мыстан бұрын темір бүлінеді , темірден бұрын мырыш бүлінеді.
Металдардың коррозиясы -1.қандай металмен жанасып тұрғанына
2. металды қоршаған ортаның құрамына байланысты болады.
Коррозияны болдырмау жолдары : 1.Қорғайтын қаптама қолдану металдармен қаптау, никельдеу, хромдау, лактау, сырлау.
2.Коррозияға төзімді құйма дайындау.
3.Электрхимиялық әдіспен қорғау.
4. ортаның құрамын өзгерту ,басытқымалар қосу.
5.сүйенішті протекторлы қорғаныш.
6.Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен алмастыру пластмассалардан жасалған бөлшектерді пайдалану.
VI-VII Бекіту тапсырмалары: тақырып соңындағы жаттығуларды орындау№1-10
VIII.Үйге: &39
IX.Қорытындылау, бағалау.