?лгерімі т?мен о?ушымен жеке ж?мыс жоспары
«Бекітемін» «Тексерілді»
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі
_________________ ____________________
Қаржауов Р.С Демесинова А.А
«____» ______ 2016 ж «____» ________ 2016 ж
Математика пәні мұғалімі
Елубай Мейіржан Қайыржанұлының
үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс жоспары
2016-2017 оқу жылы. Қопа орта мектебі.
«Үлгірмеудің психотерапиясы»
Өз білімінің бағалануына қанағаттанбай, көмек күтеді.
Минутына кем дегенде бір кемшілік. Оқушының бойындағы кемшіліктердің біреуін ғана таңдап, онымен күресуге көмектесіңіз
«Бір оқпен екі қоянды» Оқушының өзі үшін маңызды үш қиындығымен күресті бастаңыз.
Орындаушыны мадақтап, орындағанына сын айту керек.
Үлгірмеушінің бүгінгі жетістіктерін, кешегі кемшіліктерімен салыстырып отырыңыз.
Мадақтаудан аянбаңыз.
Бағалаудың қауіпсіздік ережелері «Білмеймін, бірақ білгім келеді» деген оқуға қызығушылығы арттады.
Үлгірмеушіге нақты талаптар қойыңыз.
Өз-өзін бағалай білу, оқудың қиындығын жеңудегі негізгі әдіс.
Жетістіктерің салыстырып отыру.
Оқушылардың мотивациясы төмен болу себептері мен анықтау мінездемесі.
Үлгермеушілік себептері;
Айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынас;
Дұрыс тәрбиелемеу нәтижесінің зияткерлік тұрғыдан кері әсер беруі. Зияткерлігі төмен оқушылар – ойлау дағдысының қалыптасуына және дамуына жағдай жасалмаған, машығы мен дағдысы қалыптаспағы оқушыларға мұғалім оқыту негізін құрайды;
Оқытушы тарапынан қажетті талаптың дұрыс қойылмауы, оқыту жұмысы машығын дұрыс қоймауы;
Оқу еңбегіне дұрыс қатынастын қалыптаспауы;
Тәрбие берудегі жеткіліксіздіктер (үнемі еңбек жауапкершілігінің жоқтығы, ұқыпты орындауға үйретілмеу, еркелік, ұйымдастырылмаған оқушылар);
Оқу үрдісі қызметінің дұрыс үйымдастырылмауы;
Оқу және таным қызығушылығы дамуының әлсіздігі не болмаса мүлдем болмауы – бұл мәселеге деген ата-ана мен педагогтардың немқұрайлылығы.
Айқындау мінездемесі
Білімнің қоғамдамдағы орнын түсіне алмау, оқуға деген қарым-қатынастың дұрыс қалыптаспау. Оқу барысында нәтижеге жетуге талпынбаушылық (жақсы баға алуға ұмтылмаушылық, қанағаттанарлық бағамен қанағат ету);
Оқыту тапсырмаларын орындауда және ойлау белсенділігін талап ететін іс-әрекетті орындауға деген талпынысы болмайды. Керісінше, белсенді ойлаудың орнына: жаттау, көшіру, жолдастарының айтқанын тындау, дұрыс жауап нұсқасын белгілей салу т. б. түрлерін қолданады. Мұндай оқушылар сабақтан тыс уақытта өте ақылды, белсенді болады;
Оқушылар өздігінен жұмыс істей алмайды, өйткені оқыту жұмысының тиімді жақтарын қолданбайды: мәтінді жаттау, анықтамасын жатамай, практикасын орындауға ұмтылу, тапасырманы орындауда белгілі бір шапшандық қалыптаспайды;
Көп уақыт алатын, қиын, өте қызықты емес тапсырмаларды құлықсыздық таныту;
Оқу тапсырмаларын орындауға жауапсыздықпен қарайды;
Үй тапсырмаларын толық орындамайды;
Оқу құралдарына ұқыпсыздықпен қарайды;
Білуге қызығушылығы аз, тындағаны мен ұққанын жүзеге асырғысы келмейді.
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс:
№ Оқушының аты жөні Сыныбы Үлгермейтін пәні Оқушының тәртібі Сабақтан үлгермеудің себептері Оқушымен қандай жұмыстар атқарылуда Жұмыс мерзімі
1 Бақыт Жантілеу 5 Математика жақсы Жоспар бойыншы Сабақ барысында және әр аптаның бейсенбі күні
2 Байбақтин Жалғас 7 Алгебра Жақсы Жоспар бойыншы Сабақ барысында және әр аптаның дүйсенбі күні
3 Абиев Ұлан 9 Алгкбра Орташа Жоспар бойыншы Сабақ барысында және әр аптаның сәрсенбі күні
4 Жеңіс Айжан 9 Алгебра Жақсы Жоспар бойыншы Сабақ барысында және әр аптаның сәрсенбі күні