Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы к?рес


Тақырыбы: « Жемқорлық індет, жою міндет»Мақсаты: 1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. 2.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту 3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасадыКөрнекілігі: Суреттер, слайдтар, плакаттар, элетронды құралдарӨткізудің формасы: Тәрбие сағатыӨткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик
Барысы: Хор: «Қазақстан Республикасының ән ұраны» орындаладыОқушылар біз бүгін « Сыбайлас жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіземіз. Енді жүргізушілерімізді ортаға шақырайық
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Жемқорлық індет, жою міндет» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2-жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру.
1-жүргізуші: Қанағат етсе екен барлық жандар, Адал жолмен астарын тапса екен. Арам жолмен тапқан бар пайдасын, Көріп тұр көктегі жалғыз- Алла!!! Көрініс: Парақор салықшылар
2-жүргізуші: Адам - ғалам ғажайып, жеке-дара,  Жан құмары ізденген мәңгі сана.  Өзіңді-өзің танысаң, істің басы,  Түзеген өз ғаламын болған дана. Ақындардың түсініктері: Асылзат.: Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол» Нұржігіт: Ұлы Абай: “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ” Бағдәулет: Ғ. Мүсірепов: Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек. Нұрғазы :Аристотель: «Ең бастысы — әрбір мемлекеттік құрылыстың жанындағы істі, лауазымды тұлғалар пайдаға батпайтындай етіп қою керек».
1-жүргізуші: Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.
2-жүргізуші: АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады. Хор: «Ұстазым менің»
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.
Тақпақтар: 1-Инара Сүйетініме шүбәм жоқ, Сүймей ме деген күмән көп. Түстім бе деген тура жол Көрінбейді тұман боп
2-Құндызай Адалдық өміріңе керек нәрсе Олда гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе Халыққа өз пайдасын тигізе алмай Адам боп өзін өзі меңгермесе
3-Назира Несиені, қарызды жек көреді Өсім берсе,- ептелеп еп көреді Құлағын да ұстатпай, бездіреді Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені
4-Айшабибі Адалдық ар жанымның садақасы Көрмегем тар қолтықта шалыс басып Үмітім ізгіліктен үзілмейді Намысым талабымды қамшыласып Адалдық- табынарым таңдай таза, Жүдейді жаным реңін кіршік шалса Жүргінші көшедегі жәбір көрсе Төрдегі жүрегімде болмас маза
2-жүргізуші: Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.Ойын жалғасын тап
Мақал-мәтелдер: Адалдық- ардың ісі
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.
Асылдың бірі — адалдық
Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде
Шындық жоқ жерде сұмдық көп
Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады, Саудаң әділ болмаса нарық бұзыладыВидеоролик көрсетіледі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
1-жүргізуші: Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды, Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қосуға болады. 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заң қабылданды
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мынандай бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді:- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою;- мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту;- мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау;- сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту; - әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану;-халықаралық институттардың, отандық үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партия-лардың, мемлекеттік органдар-дың өзара іс-қимыл жасасуы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңының 1-тарауы       5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi               принциптерi
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:       1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;      2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;      3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;      4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;      5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;      5-1) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыз етуі;      6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;      7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;      8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;      9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау;      10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ құқыққа қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;      11) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу;      12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
1-жүргізуші: Енді тәрбие сағатымызды аяқтамас бұрын аса қадірменді ұстаздарымызға сөз кезегін берейік
2-дүргізуші: Құрметті № 211 А. Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебінің ұстаздары сіздердің келгендеріңізге көп рахмет Осы кезде оқушылар тұрып хормен: «Келгендеріңізге көп рахмет»
1-жүргізуші: Ақырын жүріп, анық бас,   Еңбегің кетпес далаға.  Ұстаздық еткен жалықпас,   Үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі « Жемқорлықм індет, жою міндет» атты ашық тәрбие сағатымызға келгендеріңізге рахмет!!! Сау болыңыздар!!!
Жүргізушілер: Рахмет. Спасибо. Thank youХор: Атамекен