Аша? т?рбие са?аты, та?ырыбы: «Наша?орлы? – ?ауіпті індет, алдын алу — міндет » (6 сынып)
Тақырыбы: «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет »Мақсаты: Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.Мұғалім сөзі: Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге мектебіміздегі 6 сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу - міндет» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз.Елбасымыздың «Қазақстан -2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Бүгінгі сабағымыз конференция түрінде өткізгелі отырмыз. Сабақ 2 бөлімнен тұрады .
Ендеше бүгінгі сабағымызды жақсы тілктермен сәттілік видиоролигі арқылы көңіл күйімізді көтеріп алайып бастайық. (видио ролик сәттілік)
Мен саған ... тілеймін. «Жүректен – жүрекке» әдісімен тілегімізді жазып қолымыздағы гүлді мұғалімдерге сыйлайық..
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»Өмірге адам бір ақ рет келеді,Жастық шағың өміріңнің кемелі.Күте білсең саулығыңды өрелі,Табиғаттың бергеннен көп берері.Осы конференцияға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін: 1. Мектебіміздің мейірбикесі - Байсабаева Мейірім .3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Елібекова Гулвира апай.4. Биология пәнінің мұғалімдері - Бурумбаева Гулмира апай.5. Мектебіміздің психологы - Досалиева Гулбану 6. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдер-і Құлатаев Аркади7. Жасөспірімдер ісі жөніндегі ішкі істер бөлімінің қызметкері ағай.Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.
І бөлім: Темекі Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен.Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері. Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.
Көрініс Отбасылық жағдай (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды). Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.Шешесі: Тартпайды дей сал.
Мұғалім: Өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.
1 – оқушы сұрақ : дәрігерге қояр сұрағым, Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері?
Дәрігер. - Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.
2 – оқушы сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.
Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.
Мұғалім: Сізге көп рахмет, сұрауларыңыз бар ма?
3 – оқушы сұрақ : Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?
Тарихшы, ғалым. - Бұл сұрақка мен жауап берейін. Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.
Мұғалім : Сізге рахмет, біз темекі тартудың себептерін, шығу тарихы жөнінде біраз мәліметгер алдық, енді біздің қатысушыларымыз жасөспірімдердің көбі темекінің адам ағзасына зияны жөнінде көп біле бермеңді. Сондықтан құрметгі маман иелері енді темекінің зияны неде, осыған токталайық
Слайд1: Мына көріп отырғандарыңыз темекі тартпайтын , никотинмен уланбаған адамның таза өкпесі, ал мынау темкінің никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған .Осылай біртіндеп рак ауруына шалдығуы мүмкін.Темекіден пайда болатын ауруларды болашақ дәрігерлер айтып берсе.
4 – оқушы сұрақ: егер маған жоғарғы сынып оқушылары күштеп темекі тартуға мәжбүрлесе мен қалай бұл жолдан арылуым керек.
Психолог тың жауабы.
Психологтың тренингі:
Құралай: Өмірің болсын десең сенің сәнді Ойланып, айналаңа қара мәнді. Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан Өзіне сүйсіндірер басқа жанды. Салауатты мақсатың - өмір сүру, Өмірдің мағынасын керек білу. Ішімдік, нашақорлық сенің жауың, Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
Мұғалім: Балалар біздің ортамызда көптеген мамандықтармен бірге жұмыс жасап темекі мен есірткіге зерттеулер жүргізген оқушылар бар екен. Ендеше сол оқушылардың зерттеп келген жұмыстарын көрейік.
Биолог(Медина): Темекі алқатұқымдас класына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грамында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады.Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі. Дүниежүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.Мұғалім: Оқушының берген осы ақпаратына биолог мамандардың алып-қосары бар маекен? Сөз кезегін Бурумбаева Гулмира тәтилеріңе сөз береміз. Қысқаша шолу жасап өтсеңіздер.Айдина : Темекі шегу әдетке айналады не себепті.
Мұғалім: Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізген Салтанаттан алсақ.Дәрігер (Салтанат): Темекі түтігіндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.Дариға: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі мен нашаны шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді?
Мұғалім: Бұл туралы сыныбымыздың социологы не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.Социолог (Дастан): Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, тбірақ темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деп ауыл тұрғындарына сұрақ қойып көрдім. Көп адамдар «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.Айдина: Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме?
Мұғалім: Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде зерттеу жүргізген Батырханға сөз береміз.Химик (Батырхан): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-90 0 – қа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиян түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунд ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг дейін никотин тартады. Темекі түтінінде никотиннен басқа да улы заттар бар. Олар: аммиак, иіс газы, синиль қышқылы, мышьяк, висмут, 20 жыл ішінде өкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады.
Халықта мынадай дана сөз бар: «Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның, Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның, Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның». «Дені сау бала әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» /С.Назарбаева/
2 –бөлім .
Мұғалім: Балалар есірткінің басы темекіден басталғанын көріп отырмыз. Сондықтан, темекі – есірткіге апаратын бірден-бір жол.Есірткі деген не деген сұраққа Өзінің баяндамасын даярлап келген екен Айдина.
(Оқушының ой – толғауын тыңдап, пікірталас жүргізу.)
Айдина:
Мен - есіркіге қарсымын!
Есірткі деген сөздің өзі бір зұлымдық сияқты құлаққа жағымсыз естіледі. Есірткі - адамның санасын жаулап қана қоймай, әрдайым өзіне еліктіретін бір қасиеті бар химиялық зат. Есірткі түрлері: гераин, какаин, анаша, канапля және тағы басқалары. Көбінесе есірткіні Ауғанстан мен Батыс мемлекеттерінде өндіреді. Оны қолдану тәсілдері көп. Оны ине шаншу немесе дәрі сияқты капсулаларда қолданады. Есірткінің дәрі немесе қант пудрасы сияқты болып келуі оның бір елден екінші елге тасымалдануына мүмкіндік береді, себебі оларды дәрі немесе витаминдер сияқты шекарадан тасымалдау оңайға түседі.
Қазіргі кезде мектеп оқушылары мен студенттер арасында есірткінің дәмін сезіп, сол зұлымдыққа мойынсұнып кеткен жастар барын жоққа шығара алмаймыз.
Нашақорлыққа беріліп, сол "батпақтан" шығудың жолын ойлап, арнайы емдеу орындарында емделетін адамдар арқылы біз мәдени іс-шаралардың жемісін көре аламыз. Тайған жолдарынан қайта жақсы өмірге оралудың өзі үлкен күш-жігерді талап етеді. Жастар, нашақорлыққа берілмей, қызыққа толы өмірдің парасатты азаматы болуға ұмтылайық!
Есірткіні зерттеп келген нарколог зерттеушіміз слайд дайындап келген екен назар аударайық.Мұғалім: балалар біз азымаз ойын ойнайық. Ортаға 6 – оқушы келсе екен. Ойынның шарты: Мына шарлардың ішіндегі сұрақтар ға жауап беру.
Сұрақтар:
Әдепті бала қандай бала? (Мадина)
Сабақтан қандай көңіл күй алдың? (Алуа)
Сабақ саған ұнады ма?( )
Болашақта қандай маман болғың келеді? (Ендеше өз өнеріңді көрсет.) (Бекжан)
Бүгінгі сабақ са ған несімен ұнады?( )
Сабақтан не үйрендің?( )Мұғалім: Нашақорлық туралы өлең шумақтар:
Берік:
Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігінЕй адамдар,аулақ болғын жаманнан,Ұрынсаң егер құр қаларсың бұл жалғаннан,Жамандыққа бет бұрмай, таза жүрсең,Жақсылар да табылады тек жаныңнан.Бұл әлемде лас істің көп қой түрі,Барлығы да адамды күйдірір тірі.Соның бірі нашақорлық жанды жеген,Жақсы мейлі жаманды да қылған жынды.Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін,Қаларсың жалғыз әлемде,қызығын көрмей өмірдің,Өзің көрген азапты өзгелерге көрсетпе,Ата-анаңды ойлағын,олардың бұзба өмірін.Арын сатқан аңқауларға ермегін,Бетке ұста еліңнің ұлы ерлерін.Солардай сен бола алсаң айбындыАта-анаң мен мақтанышы еліңнің.Бірақ рет қана тәуекелдің зардабы,Өміріңнің мәңгі өшпес сортаңы.Одан кейін еш ойлантпас,қиналтып,Сол нәрсенің бойыңды арбап алғаны.Ол әкетер сені де үйір қылып,Құтылып көрші сен одан болсаң жүйрік.Жан-дүниең өртеніп кететіндей,Бір сәт оны қабылдамай тартсаң күйік.Түсінбеймін,осыларды біле тұра,Адамдар неге үйір бұл құрғырға.Бұларсыз-ақ өмір сүріп болмас па еді,Өміріңді бүлдірмегін,жүргін таза!
Арсен:Білсең достар, арақ,шылым-дұшпаның,Мықты болсын оған деген ұстаным.Жырақ жүрсең аулақ салып іргеңді, Бақытыңның жолын тауып ұққаның.
Маржан:
Арақ алдап, сыра жалмап жер үстін,
Күйін кештік күлде қалған кебістің.
Қоғамының жүрегі айналып лоқсиды
Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?
Ішсең қисаңдап жүресің,
Ретсіз ыржыңдап күлесің
Ар-ұяттан айырыласың
Оны өзіңде білесіңБіле тұра ішесіңӨз кебініңді өзің пішесің
Ұрлық та жасайсың
Түрмеге де түсесіңТоңсаң мені іш, жылынасыңҚайғырғанда іш, пәлеге ұрынасыңҰялшақсың ба іш батыл боласың15 тәулік айықтырғышқа қонасың
Мен болдым ғой жексұрында, жауыз да.
Арақ өзі құйылмайды ауызға
Әділетін айтыңдаршы, ағайын
Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?
Аружан:Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.Ей, болашақ!Саулығың өз қолыңда,Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң.Нашақорлық- жайылған індет,білем,Жоймай оны жақсылық күн жоқ ,білем.Ұланымыз туған еліміздің,Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.Салауатты өмірдің әнін тыңдап,Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.Жерде жатқан шылымды,Шошқа келіп иіскеді,Иіскеді,Бірақ,тиіспеді.Жерде жатқан шылымды,Есек келіп иіскеді,Иіскеді,Бірақ ,тиіспеді.Жерде жатқан шылымды,Ит те келіп иіскеді,Иіскеді,Бірақ ,тиіспеді.Сол шылымды алайда,Тауып алды Балғабек.Алақ-жұлақ етеді,-Сіріңкеңіз бар ма ?- деп.Кім мұндайды естіпті,Есірткі жұртты есіртті.Иіскеген жастардың,Жан-тәнін түгел кесіпті.Сақ болайық, ағайын,Қатерлі жау – есірткі.
Мұғалім: (Тренинг тыныштық сәті:)
Адам!Бөлісіп уайымды –Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!Бір-біріңе болыңдар мейірімді,Бір-біріңе болыңдар қайырымды,Дерт шалмасын,Ешқашан өрт шалмасын,Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.Бір-біріңе болыңдар қайырымды, -
(Хорменен ) «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – біздің міндет »
дей отырып, бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.