?аза? тілі мен ?дебиетінен тіл апталы?ыны? жоспары
Ана тілім – ардағым
Мақсаты: оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Әдет-ғұрпымызды сақтауға, мемлекеттік тілімізді қастерлеуге және басқа ұлт тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Құрметті қонақта! Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді. Соған орай бүгінгі «Ана тілім – ардағым» атты кешімізге қош келдіңіздер. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тіліміз! Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті, кең тіл ретінде саналады. Қазіргі өркениетте орын алған. Ата-бабаларымыз өзінің асыл мұрасы – тіл өнерін келер ұрпаққа жеткізіп, оны аялап, қастерлеуді тапсырып отырған. Дүние жүзінде 5651 тілдің ішінде 70-орынға ие болуы – осының куәсі іспетті. Көрінеді тілден түйсік білімде. Біле білсең жарылқаушы тілінде,- деген Ж.Баласағұнның сөзін мына өлең жолдарымен жалғастырғым келіп тұр.
Тілім барда қазағым бар, халқым бар.
Дәстүрім бар, ата-жолы, салтым бар.
Жүрегімді суырып-ақ алынджар.
1. - 5-сынып оқушысы Қабидолдина Самира «Ана тілім» атты өлеңін мәнерлеп айтуға ортаға шақырамыз.
СӘТТІЛІК
1. Сыйластық, сенімділік, сөзшендік.
2. Әдептілік
3. Тапқырлық, тәкәппарлық
4. Төзімділік, табандылық
5. Ізеттілік
6. Лайық
7. Іскерлік
8. Күштілік, көрегендік, кеңпейілдік
Дарға түсіп жарыспай, жүйріктің бағы данар ма?!
Білім мен өнер жарысып, тәрбие, білім табар ма?!
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі, кім жүйрік ойға – сол алда!
2. Олай болса жиналған оқушылар екі топқа бөлінсін. (жеребия арқылы)
Тапсырмалар беріледі:
1. «Жаңылтпаштан жаңылмайық»
1-топқа:
1. Апта-апта аптапта,
Аптапта да таптап па?
Жоқ батпақ па, соқпақ та,
Жүретін болдық тақтақта.
2. Зерделі ер керек бұл елге,
Ілгері ел болуға,
Іргелі ел болуға.
3. Құлып, қалып алып барып, беріп-көріп айтып кел,
Ойап болып тұлып сұрап, салып алып қайтып кел.
2-топқа:
1. Шоқша сақал атайдың шақшасы бар,
Күмістей ақ шашы бар.
Бақташы баласының бақшасы бар,
Уыс-уыс ақшасы бар.
2. Су ақпап па,
Енді ақпап па?
Ағар жерін таппап па?
Содан тоқтап қап па?
3. Ер елсіз ер ме,
Ел ерсіз ел ме.
2. «Ойлы болсаң, озып көр» (тұрақты тіркестердің мағынасын ашу)
1. Аузын буған өгіздей – үндемеу
2. Ит терісін басына қаптады – ұрысу
3. Түймедейді түйедей ғып – кішкентай нәрсені үлкен етіп айту.
4. Ит арқасы қиянда – алыс.
5. Тайға таңба басқандай – анық
6. Ә дегенде – көзді ашып – жұмғанша – жылдам.
7. Аты шулы – аты шыққан – атақты
8. Зәресі ұшу – жаны мұрнының ұшына келу – қорқу
9. Көз бен қастың арасында – жақын
10. Қой аузынан шөп алмас – саран
3. Мақал-мәтелдерді жалғастыру
1-топқа:
1. Ағасы бардың – жағасы бар, (Інісі бардың – тынысы бар)
2. Балапан ұядан не көрсе, (Ұшқанда соны іледі)
3. Жаздың бір күні, (Қыстың мың түні)
4. Сумен ойнама батарсың, (Отпен ойнама – жанарсың)
5. Оқу инемен, (құдық қазғандай)
6. Батыр туса ел ырысы, (Жаңбыр жауса жер ырысы)
7. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл)
8. Өзге тілдің бәрін біл, (Өз тілінді құрметте)
9. Үлкенді сыйласаң, қадірлі боларсың, (Кішіні сыйласаң, құрметті боларсың)
10. Жері байдың,(Елі бай)
2-топқа:
1. Асыл тастан шығады, (Өнер жжастан шығады)
2. Туған жердей жер болмас, )Туған елдей ел болмас)
3. Жақсыдан – үйрен, (Жаманнан – жирен)
4. Отан (Оттан да ыстық)
5. Айдағаның – бес ешкі, (Ысқырығың жер жарады)
6. Әзәл айтсаң да, (Әділ айт)
7. Білгенің – бір тоғыз (білмегенің – тоқсан тоғыз)
8. Біреу тонып секіреді, (біреу тойыш секіред)
9. Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)
10. Оқусыз – білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)