Жас а?ындар сайысы Алтын ж?рек анамыз


Тақырыбы: «Алтын жүрек анамыз» атты өлең шығарудан сайыс
Мақсаты:Оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Назарбаева Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу.Дүниедегі жақсылық атауының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғынуға жетелеу
Көрнекіліктер:слайд «Бөбек қоры», слайд «С. А. Назарбаева» суреттер,шарлар, қанатты сөздер, коллаждар.
Барысы:
І. Кіріспе
ІІІ.Назарбаева Сара Алпысқызының «Бөбек» қайырымдылық қорындағы
бейнеролигі.
IV.7- 10 сынып оқушыларының авторлық өлеңдері мен мәнерлепоқудан сайыс
V.Оқушылардың анаға, туған жерге, достыққа, өмірге арнаған шығармаларынан сайыс.
VI.Әділқазы алқаларының қорытынды сөздері.
Шаттық шеңбер
Барлығымыз шаттық шенберіне тұрып, қол ұстасып, көңілді қимылдармен өрнектей , «Нұрлы арман» әнін шырқаймыз.
Кіріспе сөз «Өзін – өзі « тану пәнінің мұғалімі Ғ.Жамбылбаева Құрметті ұстаздар мен оқушылар қазіргі қоғамда өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру.Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.Ендеше, біздің бүгінгі мәнерлеп оқу сайысымыз Назарбаева Сара Алпысқызына арналмақ. «Даналық шыңы - махаббат» десек балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы. Олай болса осы абзал жанның өмір дерегіне қысқаша тоқталайық
8 «Г» сынып оқушысы Шырын:
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды обылысы, Қызыл – Жар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. 1962 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа күйеуге шықты.Сара Алпысқызының 3 - қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.Немере ұлдары:
Нұрәлі, Алтай, Айсұлтанал немере қыздары: Венера, Дениза, Тиара және шөбересі Алан. Сара Алпысқызы немере, шөбере сүйген ардақты да бақытты ана. Қарағандының металлург комбинатының ВТУЗ зауытын бітірді. Оқуды бітіргеннен кейін “Қарағандыккөмір” зауытында жұмыс істеді.1992 жылдан бастап ақпан айында Республикалық балалар “Бөбек” қорының президенті болып тағайындалды.
1992 жылдан бастап Сара Алпысқызы балаларға рухани - адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгінде «Бөбек» – республиканың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет елдерде де мойындалған ең белсенді қайырымдылық қоры.Қор жүздеген және мыңдаған қайырымдылық шараларын өткізіп, жетім балалар мен мүгедектерге көмек, аналарға қолдау көрсетіп келеді.
Сара Назарбаева – 1994 жылғы шілдеден бастап «SOS – Қазақстанның балалар қалашықтары» қорының президенті. 1999 жылғы наурыздан бастап «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы
ІІ. Мұғалім Ғалия Жамбылбаева:
Ендігі кезекте сайысымызды бастамас бұрын сіздерді әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Мектебіміздің педагог ұйымдастырушы Бекмурзина Айнур, геграфия пәні мұғалімі Ибраимова Айгүл, қазақ тілі пәні мұғалімі Дандыбаева Әлия, биология пәні мұғалімі Батырханова Айгерім. Ортаға оқушыларымызды шақырып жеребе алуларын сұраймыз. Әр сайыскер өзін таныстырып өтуі шарт. «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп өлең оқу сайысына қатысушылары:
8 «Б» сынып оқушысы Тұрғанбекова Адина
9 «Ә» сынып оқушысы Дәулетқасым Шуақ
8 «Б» сынып оқушысы Калиев Бейбарыс
«Г» сынып оқушысы Нұржан Мейір
9 «Г» сынып оқушысы Сайдағали Әсел
8 «Г» сынып оқушысы Арайлым Ниязбекова
7 «в» сынып оқушысы Жұмабек Балғын
8 «А» сынып оқушысы Көптілеу Абылайхан
7 «А» сынып оқушысы Тұрарбек Жайна
8 «Г» сынып оқушысы Мейрхан Шырын
ІІ. Ең үздік шығарма байқауы «Өмір қымбатсың маған», «Отбасым –алтын бесігім»
ІІІ. «Атамекен алтын бесік» тақырыбында сурет байқауы
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына берледі
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі педагог ұйымдастырушы БекмурзинаАйнұр оқушылардың өнерлеріне шығармашылық табыс тілеп, әділқазылар шешімі бойынша ең үздік шығарма байқауын жариялады. Қатысқан оқушылардың барлығы мараппатталды.