Санды ж?не ?ріпті ?рнектер. ?рнектерді ы?шамдау.
5 сынып математика
Сабақтың тақырыбы:Санды және әріпті өрнектер.
Өрнектерді ықшамдау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды саңды және әріпті өрнектер мен есептерді шығаруға үйрету, алған білімдерді тақырыптық есептерді шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік : Адамгершілікке , ұқыптылыққа, алғырлыққа,сыйластық пен әдептілікке баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі :аралас
Сабақтың әдісі: АКТ технология,деңгейлеп саралап оқыту технология элементтері.
Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта ,оқулық.
Сабақ барысы:
Сабақтың құрылымы :
Оқушылық деңгей
Алгоритімдік деңгей
Эвристикалық деңгей
Шығармашылық деңгей
І.Ұйымдастыру кезені
Сәлемдесу,отырғызу ,тугендеу, сабаққа ынтасын аудару.
ІІ.Үй жұмысын тексеру:
Жаттығу №1007 тақтада шығару
ІІІ Негізгі бөлім.
І саты. «Міндетті оқушылық саты»
Санды өрнек сандардан,амалдардың белгілерінен тұрады.Сонымен қатар жақшалар да болуы мүмкін.Сан да санды өрнек болып табылады.
Мысалы,2+3; 9-2; 60* 20; 30 2;
74-(65+37):3;
725- санды өрнектер
Әріпті өрнек сандар мен әріптерден тұрады немесе әріптерден,амалдардың белгілерінен тұрады.
Мысалы,n+13;20-х;65* у;3а :2;7* b-9; b+23; 352*(а-51): 3- әріпті өрнектер
Өрнекте берілген амалдарды орындаудың нәтижесінде шыққан сан санды өрнектің мәні болады.
Мысалы,3+5 өрнегінің мәнін табу үшін 3 және 5 сандарын қосамыз.Сонда 3+5=8 болғандықтан,8 саны 3+5 санды өрнегінің мәні.
Күрделі санды өрнектің мәнін табу үшін өрнектердегі амалдарды орындау реті қолданылады.
Мысалы,
3 2 1 4
32 – 8:(34- 30)+70
Әріпті өрнектердегі әріптерді берілген сандармен алмастырғанда шыққан санды өрнектің мәні әріпті өрнектің мәнін береді.
ІІ саты. «Алгоритмдік деңгей»:
Есептер шығару: І деңгей:№135 (а,б)
ІІ деңгей:№ 137(1,2)
ІІІ деңгей:№145 (1,2)
ІІІ саты. «Эвристикалық деңгей»
Сиқырлы шаршы
3 17
43 32 1)Көлденен және тігінен алынған кез келген сандардың қосындысы 100 болатын етіп толтырындар
2) Көлденен және тігінен алынған кез келген сандардың қосындысы 250 болатын етіп толтырындар
88 46
33 48 26 53
94 45 61
IV саты. «Шығармашылық деңгей» :
Синквейн:сан,әріп,өрнек сөздерді қолданып бес жол өлен шығару.
1 V. Үй тапсырмасын беру: §8 №138
V.Сабақты қорытындылау.
VI.Бағалау.