ИФМ апталы?ыны? ?орытынды кеші
Күні: 21.11.2015 ж
Тақырыбы: «Әлем нақты ғылымдар тілінде»
Мақсаты: Информатика, физика және математика пәндері бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, пысықтау. Жан – жақты, білімді, өзіндік ой – талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой толғау қабілеттерін дамытып, логикалық біліктерін жетілдіру.Көрнекіліктер: слайд
Жүру барысы:
Топқа бөлу
Оқушыларға монитор, транспортир және амперметр құралдарының суреттері беріледі. Оқушыларды сол суреттерді біріктіру арқылы топқа бөлінеді.
1-топ «Информатика»
2-топ «Физика»
3-топ «Математика»
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық
Әділ-қазылар алқасының төрайымы – Физика пәні мұғалімі Нигметова Г
Мүшелері – математика пәні мұғалімі Каймова С
Математика пәні мұғалімі Махсотова Ж
Сайыс кезеңдері:
І. Сұрақ-жауап кезеңі
ІІ. Ой ашар
ІІІ. Құбылыстар құпиясы
IV. Ифм білгірлері
V. Cен-маған, мен-саған
І. Сұрақ-жауап кезеңі
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
«Информатика» тобына сұрақтар:
Электр қай тілден шыққан, қандай мағынаны білдіреді? (грек сөзі, янтарь)
ах2 +вх+с түріндегі көпмүше қалай аталады? (квадрат үшмүше)
Информатика сөзі қай тілден шыққан және қандай мағынаны білдіреді? (Латынның «informatio» сөзінен шыққан, түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді)
Параллель жалғағанда тұрақты болатын шама (кернеу)
С2=а2+в2 (Пифагор теоремасы)
Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)
Екі өткізгіштен тұратын, ортасына диэлектрик толтырылған құрал (конденсатор)
63= (216)
Компьютердің қосымша құрылғыларын ата
Ең алғаш телескопты ойлап тапқан ғалым? (Исаак Ньютон)
«Физика» тобына сұрақтар:
Сферамен шектелген геометриялық дене: (шар)
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (жүйелік блок, монитор, пернетақта)
Жылдамдықтың сақталу құбылысы не деп аталады? (инерция)
Барлық жақтары параллелограммдар болатын призма: (параллелепипед)
Ең алғашқы есептеу құралы және оның жасы (есепшот, 2000-5000 жылдар шамасында)
Балқу температурасы жоқ нәрсе? (аморфты дене)
Анықталу облысындағы х-тің мәндерінде қабылдайтын у мәндерінің бәрі нені құрайды? (функцияның мәндер облысын)
Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
Цельций және Кельвин шкаласы арасындағы айырмашылық ()
Координаталық жазықтықтағы қандай да бір кез келген нүктелер жиыны қалай аталады? (график)
«Математика» тобына сұрақтар:
Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? (принтер)
Атомның ядросының құрамы неден тұрады? (протон, электрон, нейтрон)
Х айнымалысын тәуелсіз айнымалы немесе басқаша қалай атауға болады? (аргумент)
Чарльз Бэббидж машинасына бағдарлама жазған алғашқы бағдарламалаушы (Ада Лавлейс)
Импульстің түрлері қандай? (күш импульсі, дене импульсі)
Барлық бұрыштары тік және барлық қабырғалары тең параллелограмм (квадрат)
Желінің қандай түрлері бар? (жергілікті, ауқымды)
Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай? (зат бөлшектерден тұрады, олар өзара байланыста болады, бір түрден екінші түрге айналады)
Үш қабырғасы бар көпбұрыш (үшбұрыш)
Компьютер жанында өсетін өсімдік
ІІ –кезең «Ой ашар»
«Ой ашар» кезеңінде топтарға ұяшықтар таңдауға ұсынылады. Ұяшықтардың астында сұрақтар жасырылған.
Физика пәні бойынша:
бұл кім және қандай заңдылық ашты? (Архимед)
бұл кім және қандай заңдылық ашты? (Резерфорд)
бұл кім және қандай заңдылықты ашты? (Г.Галилей)
Математика пәні бойынша сұрақтар:
Профессор кешкі сағат 8-де ұйықтап, сағатының қоңырауын азанғы 9-ға қояды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды? (13 сағат)
Бір кісінің 10 қойы болады. Тоғызынан басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды? (9 қой)
Көбіне ай 30 немесе 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар? (Барлық айда)
Информатика пәні бойынша сұрақтар:
Ұзынтұра жалқаубек, Тұрмай ылғи жатады.Қозғала қалса артынан,Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі (пробел))
Жануарга ұксас атым бар,
Бағдар корсететін затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ен кажетті құралмын (тышқан)
Биологияда бұл паразит,Көзге зорға көрінер.Информатикада өлшем бірлікАқпаратты өлшер (бит)
ІІІ-кезең Капитандар сайысы «Құбылыстар құпиясы»
Ортаға үш топтың капитандарын шақырамыз. Капитандар физика пәні бойынша қызықты тәжірибелер жасап көрсетеді.
Бұрышты тұздан бөліп ал
Қажетті құралдар: бұрыш, тұз, сызғыш, киіз қиындысы
Тиынды судан шығар
Қажетті құралдар: су, тарелка, тиын, стакан, қағаз, сіріңке
Жұмыртқаны ыдыс ішіне түсір
Қажетті құралдар: жұмыртқа, ыдыс, сіріңке, қағаз
IV-кезең
ИФМ білгірлері
Бұл кезең екі бөлімнен тұрады:
1.Заңдылықтар (әр дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады)
2. Құрылғылар мен құралдар (әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады)
Заңдылықтар:
Айнымалысы түбір таңбасының астында болатын теңдеуді қалай атаймыз? (Ирроционал теңдеулер)
Қатты дененің немесе сұйықтың бетіне соғылған кезде электрондардың босап шығуы (Фотоэффект)
Заряд, ток, кернеудің электр және магнит өрістерінің периодты өзгеруі (электромагниттік тербеліс)
Құралдар мен құрылғылар
Бұл бөлімде тақтаға суреттер жасырылады. Оқушыларға суреттің кішкентай бөлігі көрсетіліп, суреттің не екенін табу тапсырылады.
реостат психрометр барометр
модем флешка тышқан
цилиндар транспортир
V. Сен –маған, мен – саған
Бұл кезең бойынша әр топ келесі топқа үш пән бойынша сұрақ қояды.
Марапаттау
Әділ қазылар алқасы топтардың ұпайларын есептеп, қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттайды
Қорытындылау.