Шешендик онер жумыс даптери жане хрестоматия 5 сынып
418211070427854
004
6515102216785ШЕШЕНДІК
ӨНЕР
00ШЕШЕНДІК
ӨНЕР
8293105493385хрестоматия
00хрестоматия
1767840-15875МАЗМҰНЫ
00МАЗМҰНЫ
Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік .......................................... 3-4
От ауызды, орақ тілді батыр – билер ................................................... 5-6
Шешендік және сөз мәдениеті
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы ................................ 7
Шешенге қойылатын талаптар .............................................................. 8
Шешендік өнер және көркем әдебиет .................................................. 9
Қазіргі шешендіктің түрлері ................................................................. 10
Күміс көмей, темір жақ шешендер
Асанқайғы би-шешен ............................................................................ 11-12
Жиренше шешен .................................................................................... 13
Төле бидің даналығы ............................................................................. 14
Қаздауысты Қазыбек би мен Әйтеке би-шешен ................................. 15-17
Сырым батыр – әрі шешен, әрі би ........................................................ 18
Шешендік сөз – ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы
«Түгел сөздің – түбі бір» ....................................................................... 19
Темірғали шешеннің жұбатуы .............................................................. 20
Қара Дос пен Маман би ......................................................................... 21-22
Бұқар жыраудың толғауы ..................................................................... 23
Көкірек таза болмаса .............................................................................. 24
Шоқан мен Саққұлақ шешен ................................................................. 25
Аттары аңызға айналған уәзірлер ........................................................ 26-27
Ғылым артық па, мал артық па? ........................................................... 28
Сөз тапқанға қолқа жоқ.......................................................................... 29
Бала би мен Сырым ................................................................................ 30
Сырымның сыннан өтуі ......................................................................... 31
Қорытынды ............................................................................................. 32
884633128270Пайдаланылған
әдебиеттер
00Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Адамбаев Б. Шешендік өнер Алматы 1984ж. 2. Қазақ Әдебиетінің тарихы І-том. Алматы 1962ж. 3. Қазақ әдебиетінің тарихы ІІІ-том. Алматы «Ғылым»4. Қазақ халқының ауыз әдебиеті 1-кітап Алматы 97 ж5. Шешендік сөздер жинағы Алматы 2000 ж. 6.Қосымша материалдар
Құрастырған:
Жамбыл Жабаев атындағы № 15 Қарсақбай
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Қамбарова Айгерім Әбікенқызы
1873250447675АЛҒЫ СӨЗ
00АЛҒЫ СӨЗ
«Шешендік өнер» хрестоматиясындағы материалдар негізінен оқушының өз бетінше оқуына арналады. Сондай-ақ «Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік»,
«Шешендік және сөз мәдениеті», «Күміс көмей, темір жақ шешендер», « Шешендік сөз – ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы» деген тараулардан тұрады. Хрестоматияда тек би, шешендер жайлы мағлұмат алып қана қоймай, олардың қара қылды қақ жарған әділдігіне куә бола отырып, адам ойы, логикасы, психологиясы, философиясының біріккен биігі – сөз өнері шыңы екеніне тағы да көз жеткізесіңдер. Шешендік өнер – өзінің нақты зерттеу нысанасы, белгіленген теориясы, сандаған жылдардан бергі тарихы бар пәндердің бірі. Шешендік өнерді меңгеру, азамат болып өсудің алды. Бұл жолда қажет кезде өз ойларыңды асқан сабырмен, дәлелдер мен дәйектер келтіре отырып, дәлелдеуге, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығаруға, сөздеріңді мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен өрнектеуге дағдыланасыңдар. Қосымша құралдағы мәтіндер балалардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын арттырып, тілін ұстартуға, білімін толықтыруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұл білім сөйлеу этикасын жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу, өз пікірін жеткізу, сендірумен бірге сөз арқылы оқыту, тәрбиелеу мақсаттарын қояды. Пікірлесе алу, ой сала білу, пікірталастыра білу адамның білімін, білігін, сөз байлығын танытумен бірге қоғамдағы орнын да анықтайды. Қоғамның осындай талаптарына сай сөйлесе білу, пікірлесу мәдениетінің негіздерін үйренуіміз керек. Оқушының әрбір шешендік сөздерді дұрыс оқып, тиісті қорытынды жасай алуына ата-аналар да көмектескені абзал. Жалпы, бұл қосымша құрал оқушының кітап оқуға құштарлық сезімі мен би-шешендердің сөздерін түсініп оқу қабілетін қалыптастырып, тиянақты білім алуға көмегін тигізеді деген сенімдеміз. Шешендік өнерді меңгеру үшін тек бір кітапты оқып, тапсырмаларды орындаумен ғана шектелмей, қосымша әдебиеттерден, теледидар, радио құралдарын, баспасөз құралдарынан кеңірек пайдалану қажет. «Шешендік өнер» хрестоматиясы сендердің серіктерің болуға тиіс.
Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік
Бізге жеткен деректерге сүйене отырып, қазақтың шешендік өнерінің атасы – Жиренше деп айтуға болады. Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі XVII-XVIII ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер. Би-халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Би – табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстан болжайтын көсем, тілінен бал тамған шешен. Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат, Шөже, Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын – жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі. Қазақ шешендік өнерін үш кезеңге бөліп қарауға болады:
XI-XII ғ – Майқы би, Аяз би
XIV-XVI ғ – Асанқайғы, Жиренше
XVIII ғ – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер
Қазақтың шешендік өнері туралы пікір айтқандар – Ш.Уәлиханов, А. Құнанбаевтар. Шешендік сөздің табиғаты туралы еңбек жазғандар – А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Мәметова, Х.Досмағамбетовтер. Ал соңғы кезде шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқандар – Б.Адамбаев, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбырев, С.Негімовтер. Әбіш Кекілбаев: «Бірі бастап берген әңгімені екіншісі қостай жөнелгенде, тоты құстың қауырсынындай құлпырып, аяқ астынан ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің аузының дуасындай бірлік бергенде, қазақтың жұлдызы қалай-қалай жарқырар еді. Қандай қиын түйінде де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді. Қандай қиқар дау кезінде Әйтеке айтқанда құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда қоштамасқа, Төле айтқанда «төресі осы» деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты. «Әйтеке жарып, Қазыбек қазып, Төле тауып айтады» деген сөз осыдан қалған екен. Үш арысты қазақ сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей босанып,тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау?». Қазақ әдебиеті, мәдениеті көшпелі тұрмысқа байланысты ауызша жеткеніне қарай шешендік өнер де ауызша таралып дамыған. Қазақ шешендерінің сөздері де ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық есіңде сақталған. Қазақ даласына саяхат жасаған ғалымдар, саяхатшылар қазақ тілі, мәдениетінің тереңдігі мен сан-салалығына таңдай қағып, таңданып, таным шексіздігін мойындаған жазбаларды да білеміз. Қазақ халқында шешендік өнердің дамуы елдің саяси өмірімен байланысты. Ел аңыздары мен кейінгі жұртқа жеткен үлгілі сөздерінен қазақтың шешендік сөздері Әз Жәнібек хан тұсынан бастап айтылады. Тәуке ханның тұсында қазақтың алғашқы «Жеті жарғы» әдет-ғұрып, қарым-қатынас заңы жазылған. Қазақ халқы үшін аузы дуалы би-шешендердің орны ерекше. Оның басты себебі қоғамдық құрылымға қатысты. Жұрт ішіндегі істің барлығы ата жолы, ұлт әдеті бойынша атқарылатын рулық қоғамдағы тұрмыстық, шаруашылық тізгіні ел ағасының, ауыл ақсақалының қолында болды. Көптің ісі көсемнің бір ауыз сөзінен шешілген жерде сөздің де сөзі керек екені белгілі. 3
Қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының бірі – шешендік сөздер. Шешендік өнер –ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.
«Шешендік өнер» (грекше – риторика) деген ұғым «шешен сөйлеу» дегенді білдіреді, әу баста латын тілінен алынған «шешендік өнер» термині «әдемі,сенімді сөйлей білу қабілеті» деген мағынада жұмсалады.
Шешендік сөз дегеніміз – ел ішіндегі өткір ойшылдардың, билер мен ел ағаларының тауып айтқан дуалы, өнегелі қасиетті сөздері.
Шешендер – ұлттық салт-дәстүрлерін жетік білетін, тарихқа, халық шежіресіне жетік, сауатты да білімді, ең бастысы, ойын көркем де, ұтымды айта білетін адамдар.
Шешендік өнер үш нәрсеге негізделеді:
1) табиғи дарын, тума талант;
2) жан-жақты білім;
3) тынымсыз еңбек, жүйелі жаттығу. Әдетте шешендік өнер айтыс-дауларда дамиды. Жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған балалар жаттап алып, жүрген жерлерінде, ойын- жиындарда айтып жүрген. Оны зерттеп, талдау, оқып-үйрену, ана тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, әдеби тілімізді дамытып, ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болған.
Шешендік сөздер мазмұнына қарай: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.
Шешендік сөздерді құрылысына қарай: термелі сөз, пернелі сөз деп екіге бөлуге болады. Негізінде, халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың алдында бағаланған. Әр халықтың ана тілі-оның бақыты, қуанышы. Тіл дамытудың негізгі қайнар көзі-ең алдымен ана сүтімен бастау алса, әсіресе халық ауыз әдебиетін оқумен, шешендік сөздер оқумен жалғасын табады. Қазақ халқының ауыз әдебиеті, соның ішінде дәстүрлі шешендік сөздері, міне сондай халық сақтаған, халық өңдеуінен өткен құнды мұралардың, асыл қазыналардың бірі болып табылады.
Шешендік арнау- бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата.
Шешендік толғау – шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап.
Шешендік дау – заттық, рухани мәселелерді зерттейтін әдет заңы.
Шешендік сөздердің құндылығы шындығы мен тапқырлығы.
Шешендік сөздер терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
4
От ауызды, орақ тілді батыр – билер
lefttop00
Жәнібек батыр
(1714-1792)
Тарихта Жәнібек батыр екеу: бірі-Қошқарұлы, екіншісі-Бердәулетұлы. Сөз болғалы отырған Жәнібек –сол екеуінің біріншісі. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады. Жәнібек ел аузындағы аңыз-әңгімелерде, көбіне Шақшақұлы деп те аталады, шындығында Шақшақ – Жәнібектің үшінші атасы. Жәнібек батыр тек ел аузындағы аңыз-жырда ғана емес, тарихи жазба деректерде де жауынгер батыр, дарынды қолбасы дәрежесінде көрінеді. Жәнібек – әрі шешен, ділмар болған кісі. Аңыз-әңгімелерде, шешендік сөздерде оның есімі әрқашан белгілі шешен билермен бірге аталады. Әнеттің Кеңгірбаймен арадағы бір мал дауында Жәнібек батыр: «жылқымда жылжыған жорға, жылмиған жүйрік және майдан жортпайтын мес бар. Солардың көзі қайтсын, басқаларының ізі қайтса,ризамын» –дейді.
lefttop
Ағыбай батыр
(1802-1885)
Халық Ағыбайдың батырлығын, ақылын, тапқырлығын, көрегендігін жоғары бағалаған. Ел аузында оның көзі өткір, жітілігі, жершілдігі, сапарда жолы болғыш, жұмыста тындырымдылығы аңыз түрінде көп айтылады. Ағыбай батырлығымен бірге шешен болған. Ағыбайды күндеп кейбір әлді ауылдастары : «Ағыбайда не тұр, ол да кісі, бізде кісі. Біз сияқты алдында айдаған малы да жоқ...» дейді екен. Бір күні әлгі байлардың жылқысына жау тиіп, жылқышыларын,өздерін сойылға жығып, жылқыларын айдап әкетеді. Жаудан беті қайтқан байлар жылап батырға келеді. Ағыбай батырдың белдеуден аты, белінен қылышы кетпейді екен, дереу атына міне салып, ұрыларды қуып жетіп, шетінен ұрып жығып, аулының жылқысын жаудан айырып алады. Малды ауылға айдап келіп тұрып:
Мал да кісі, байда кісі,
Соның бәрі жайда кісі.
Есін білмес ерді күндер,
Жау келгенде қайда кісі?!- дейді батыр. Ағыбайды сыртынан ғайбаттайтын бай ағайындары жерге қарапты. 5
lefttop Олжабай батыр
Олжабай- қазақ жерін жоңғар-қалмақ басқыншыларынан азат ету күресінде елге ерлігімен танылған батыр, қолбасы. Шыққан жері-орта жүз. Олжабай кезінде Абылайдың қолбасы батыры болғанымен, ханның кейбір саясатын қолдамаған, кейде қарсы шыққан. Бекболат пен Едіге бастаған бүкіл бес Мейрамның баласы көтеріліп – Абылай
ханның ордасын шабуға аттанғанда жеті жүз кісілік қолды бастап барған Олжабай батыр Абылайға былай дейді:
Абылай деген ханым ең,
Бұл орта жүз ішінде
Лаулап оттай жанып ең
Батыр болсаң басында,
Төле бидің түйесін
Сонда неғып бағып ең?
Қалмақпенен соғысып
Қолға түсіп қалғанда
Ажыратып алып ем....- дейді.
lefttop0
Байғозы батыр
(1691-1769)
Байғозының әкесі Наймантай да даңқты батыр болған, қазақтың үш жүзін біріктіріп, оған бауырлас қарақалпақ, қырғызды қосып, орталығы Түркістан ұлы хандық құрған әз Тәуке ханның белгілі қолбасыларының бірі, жоңғар-қалмақ шапқыншыларына қарсы талай қырғын соғыстарға қатысқан, балаларын, солардың ішінде Байғозы батырды ерлікке, елін қорғауға бастап баулыған аға батыр. Байғозы Қанжығалы Бөгенбай батырға жиен екен, ат жалын тартып мінген соң, нағашы атасына сәлем беруге барса «Өзіңе лайық ат таңдап ал!» - деп, Байғозының алдынан мың жарым жылқысын айдап өткізеді.
– Мұнда мен мінетін ат жоққой,- дейді Байғозы. Нағашы атасы тағы да бір айғыр үйір жылқыны өрістен алдырады. Соның ішінен Байғозы бір торы тайға құрық салады. Байғозы ерлігімен ел көзіне ерте түссе керек. Бұхарда болған үш күнге созылған ұзақ қырғын соғыстан кейін қолын дем алуға алып шыққан қолбасы түнгі күзетке кім шығады десе, ешкім ықылас білдіре қоймапты. Сонда Байғозы қолбасыға:
Түнгі күзетке мен шығамын, әскеріңізбен алаңсыз дем ала беріңіз! -депті. Ертесіне риза болған қарт қолбасы «Менен кейін қолды сен баста!» - деп батасын беріпті.
6
Шешендік және сөз мәдениеті
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы
Сөйлеу әдебі
Сөйлегенде мынандай нәрселер ескерілуі тиіс:
1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.
2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе
міңгірлеуге болмайды.
3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін
нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.
4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу
керек.
Сөз туралы халық даналығы :
Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.
Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.
Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.
Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ.
Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы ойдың дами беруінің ішкі заңдылықтарын ескере отырып жасалатын бірнеше бөліктің бірлігінен тұрады.Мазмұны тұтас бір сөздің бөлшектерін құрайтындықтан, олардың орналасуын анықтау автордың өз еркінде.Сөз құрылымы кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады. Көпшілік алдында сөйлей білу үшін қандай талаптар қойылады?
Тапқырлық – ойда-жоқта сөз тауып кететін шешен, тілге бай болу керек.
Батылдық – «ойымды жеткізе алам ба, жоқ па?» дегендей қорқақсоқтық емес, мүдірмес жүректілік керек.
Сабырлық – ештеңеден саспайтын, өз-өзіне, ойының нақты екеніне көз жеткізетіндей салмақтылық, тыңдарманның психологиясын білу керек.
Сенім – менің ойым тыңдарманға қажет, мен ойымды жеткізе аламын деген ой болу керек.
Интонация – тыңдарманның көңілін аударатындай дауыс ырғағы болу керек.
Эмоциялық бірлік – тыңдаушыларға көңіл бөле, көз тастап, жылы жүзбен, жұмсақ дауыспен сөйлеу керек.
Ойы жүйелі – сөйлегенде ойың тыңдаушыларды жалықтыратындай шашыраңқы емес, жинақы, бір-бірімен байланысқан жүйелі болу керек.
Сөз қолданысы - сөздерді орнымен қолдану деген сөз.
7
Шешенге қойылатын талаптар
Шешендік өнердегі ең негізгі-шешеннің өзі. Шешеннің сөзі – монологтардың бірі. Бұның өзі іскерлік, ғылыми, көркем стилінде болуы мүмкін. Шешенге қойылатын талаптар – қабілет-қарымын, білім-білігін шығармашылықпен байланыстыра алуында. Шешенге төмендегідей талаптар қойылады. Белгілі бір тақырып бойынша білім жинау:
қажетті әдебиеттер іріктеу;
жинақталған әдебиеттерді оқып игеру;
жоспар жасау;
сөздің жазбаша мәтінін әзірлеу;
аудиториямен жұмыс істей білу;
уақытты дұрыс пайдалана алу;
тыңдаушылар сұрақтарына жауап беру;
қазіргі техника құралдарын қолдана білу.
Шешен – терең білімді, ақпаратты игеруші әрі оны талдап, тыңдаушыға қажеттісін, сұранысына қарай талқылап жеткізуші. Ендеше шешеннің аудиторияның талап-талғамына сай материалды жинақтап әрі соны жеткізу өнеруіне төселуі керек. Сондай-ақ:
дауыс күші-жағымды дауыс;
сөз арасындағы екпін, кідірістің дұрыс қойылуы;
ым-ишараны орнымен қолдана алуы;
өзін-өзі әдепті ұстай білуі де шешеннің тыңдаушылармен арасын жалғастырады. Осы аталған ерекшеліктерді толығымен игеру еңбекті, төзімділікті, ақылды, білімді қажет етеді.
Шешен – тақырып таңдау, тақырыпқа қажет материалдар, тақырыпты аша білу, стиль, дауыс ырғағы, психологиялық дайындау, аудиториямен байланыс, қосымша құралдарды дұрыс пайдалану. Осындағы ерекшеліктерді игере білумен бірге шешеннің тілдік қоры мол, жан-жақты білімді, ұтымды пікір, ойға тоқтай алатын, шыншыл, ізденгіштік қасиеттері болса, кез келген аудиторияны игере алары сөзсіз.
Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері
Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері:
1. Сұрақтың дұрыс қойылуы.
2. Логикалық заңдардың басшылыққа алынуы.
3. Ойды баяндау тәсілдерінің ұтымды қолданылуы.
4. Ой тығырығына тіреу амалдарын ойластыру.
5. Логикалық қателіктер жібермеу.
Қарсыласқа тойтарыс берудің ұтымды тәсілдері ретінде оның ойын жоққа шығару, тұжырымын сынау, өз сөзімен өзін ұру, сұрақпен төпелеу аталады.Психологиялық қыспаққа алуда әзіл, сықақ, мысқылды қолдану қажет.
8
Шешендік өнер және көркем әдебиет
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шешендік арнауға біреуге арнап айтылған шешендік сын, сәлем, бата-тілек, алғыс, естірту, көңіл айту сөздер, шешендік толғауға жалпы жұртқа арналған өсиет-насихат, өнеге мысал, мақал-нақыл сөздер жатады. Ал шешендік дау жерге, жесірге талас, мал-мүлік дауы, өмір-ождан қорғау мәселелеріне байланысты туған шешендік-тапқырлық сөздерді қамтиды. Мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы,көркем тілді жүйелі, үлгілі сөздер ғана шешендік сөз бола алады. Шешендік – кез келген нақтылы бір нәрсе туралы шебер сөйлеу өнері және сонымен ол туралы өзгелерді өз пікіріне ойыстыру деген сөз. Ең алдымен, халық шешендігі-түгел сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні. Оның үстіне ондаған, жүздеген адамның өңдеуінен өтіп, халық арасына кең таралып «қанатты сөзге» айналып кеткен сөздер. Халық шешендігінің тілі ұста, көлемі қысқа, мазмұны айқын келеді, даналық мақал-мәтелге, нақыл-мысалға бай болады. Шешендік сөздер- өзінің сөздік қоры, грамматикалық құрамы жағынан әдеби тілімізге жақын жанр. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп, халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің, әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан,толғауынан өтіп,шешендік сөз «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Мазмұны терең, тілі көркем, ақылға қонымды, сезімге әсерлі сөз ғана шешендік сөз немесе аталы сөз деп аталады. Қазақ тарихынан белгілі батыр-билердің, ақын-жазушылардың акталы, үлгілі сөздерден үйренбеген, үлгі алмағаны жоқ. Әдеби мұрасы бізге ауызша жеткен Бұхар жырау мен Махамбет ақынды айтпағанда, қолжазбалары, кітаптары сақталған Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларының өзінде шешендік сөздердің ықпалы, әсері байқалады. Ыбырай Алтынсарин ақындық, шешендік өнерді қуған жоқ. Бірақ оның ғибраттық өлеңдерінде, әңгімелерінде, аудармаларында, қазақтың мақал, нақыл сөздерін табу, шешендік сөздердің ықпалын, кейбір нұсқаларын байқау қиын емес. Қазақ халқының тіл байлығын, әсіресе ақындық, шешендік өнерін жетік білген және білгенін өзінің шығармаларында шебер қолданған ақын-Абай Құнанбаев. Шешендік сөздерге тән мақал-мәтел,нақыл,ақыл сөздер Абайдың қай өлеңінен болса да табылады. Халық ауыз әдебиетінде мұндай ақылды, ақын, шешен арулар бейнесі аз емес. «Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы» Мақпал мен Күнікей, «Қыз Жібектегі» Аналық, «Қобыландыдағы» Қыз Құртқа, «Ер Тарғындағы» Ақжүніс, Қарашаш сұлу, ақын Сара – міне, сондай шешен арулар болатын. Шешендік өнердің үлгісін тек әдеби шығармалардан ғана емес, сын мақалалардан, ғылыми еңбектерден, баяндама мен дәрістерден де көп ұштастырамыз.
9
Қазіргі шешендіктің түрлері
Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай
бес топқа бөлінеді.
1. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға
жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд
сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша
жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.
2. Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын
лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.
3. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі,
әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі,
айыпкерлердің қорғану сөзі.
4. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерейтойларда, салтанатты
дастарқан басында, қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер
жатады.
5. Діни қызметте жұмсалатын шешендік (уағыз). Бұл топтағы шешендік
сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді. Оған уағыз,
иман сөздері жатады.
Шешендік сөздерде айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын құралдар
сан алуан. Шешендік сөздер мен шешендік өнер қазақтың мәдени дүниесінде
дәстүрі мол, болашағы зор әлеуметтік құбылыс болып танылады.
Шешендік сөздердің кез келгенінде жалпылама қолданылатын сөздердің
үлесі мол, сондықтан олардағы стильдік нормалар да қатып қалған жүйеде
көрінбейді, керісінше олар араласып та келеді. Дегенмен, шешендік
сөздердің әр түрінің негізін құрайтын тілдік сипаттар болады. Бұл сипаттар
бірыңғай стилистік бояулар жүйесіне тірек болады.
Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар, олардың
шекаралары да қозғалмалы сипатта келеді. Мысалы, академиялық шешендік
пен әлеуметтік-саяси шешендіктің арасында көбіне ақырыптық ортақтық жиі
кезедеседі. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағдайы ресми баяндамаға да,
лекцяиға да өзек бола алады.
Таным мен білімнің, рухани дүниені дамыту мен адамгершілік қасиеттерді
қалыптастырудың, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеудің тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет ететін шешендік сөздердің шынайы үлгілері қашан да біздің тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің дамуының айнасы іспетті болып қала бермек.
10
Күміс көмей, темір жақ шешендер
Асанқайғы би-шешен
(XIV соңы – XV басы)
lefttop Асан қайғы ХV ғ. екінші жартысында Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген. Қалың бұқараның қамын жеп, елінің болашағын ойлап, үнемі қайғы-мұңға батып жүргендіктен, халық оны «Асан қайғы» деп атап кеткен. Ол алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ- Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болған, кейін Дешті Қыпшаққа (қазақ даласына) қайтып оралып, Жәнібек, Керей хандардың ақылшы биі болған. Асанды Ш.Уалиханов «көшпенділер философы» деп атаған.Тарихтағы Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі туралы бізге жеткен деректер тым аз
Асанқайғы мен Әз Жәнібек
Асанқайғы қойға қошқар қоймай, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Сол ауып бара жатқан бетінде ноғайлының ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш тойына шақырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты: Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей үй қоңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні ел тауға қонар мезгілде, қараша : «Ханымды шақырып, осы құрт пен майдың алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғымды болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас »-дейді. Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, «әне барамын», «міне барамын» деп, ақыры бармапты. «Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз» деп, әлгі байғұстар ханымды сарғайып күтіп уақыт көшпей отырып қалыпты. Күндердің күнінде ханым шығып, қазыханаға барып қайтып келе жатса, ханның кісі алатын бурасы қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айтқан екен:
- Шақырса келмес ханымды
Бура қуып келтірді.
Қалжы-бұлжы дегізбей
Тура қуып келтірді.
Бастай көр қатын құртынды,
Сала көр қатын майынды,- депті.
11
Сол айтқандай, үш тойыма шақырдым,келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!
Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен,- дейді Асанқайғы. – Өз бойындағы ақыл, ісіңе ие бола алмаған жан едің. Соңдықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Үшінші той қылдың, Құландыға қу ілдірдім деп.
Оған несіне келейін деп Асан жырлап кетті:
- Ай, Жәнібек хан!
Айтпасам білмейсің,
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Өзеуреп неге сөйлейсің?
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
Он сан ноғай бүлінді,
Мұны неге білмейсің?
Қатын алдын қарадан,
Айрылдың хандық жорадан.
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан.
Мұны неге білмейсің?
Құладын құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүні түледі.
Аққу құстың төресі,
Ен жайлап көлде жүр еді.
Аңдысып жүрген көп дұшпан,
Еліңе жау боп келеді.
Құлың кей сені өлтірер,
Осыны Асан біледі,
Мұны неге білмейсің?
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе де білмейсің.
Әй, Жәнібек! Ойласаң.
Қилы-қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан,
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің?
Айтқан тілді алмасаң,
Енді мені көрмейсің!
Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жанәліні сұрап алып қалыпты.
12
lefttop00Жиренше шешен
Қазақ аңыз - әңгімелерінің белгілі бір кейіпкерлері – Жиренше шешен атынан айтылатын шешендік, тапқырлық сөздер мен аңыздар ерекше өткірлігімен, тілінің шеберлігімен өзге аңыз әңгімелерден оқшау тұрады. Жиренше-қазақ шешендерінің үлгісі. Оның атымен байланысты сөздер мен әңгімелер, әдетте, әз Жәнібектің айналасында өрбиді. Аңыздарда Жиренше жарлыдан шыққан, әкесінен жастай айырылған жетім бала кейпінде көрінеді. Аң аулап, серіктерімен сейілде жүрген Жәнібек хан Жиренше баланы түйе қарап жүрген кезінде кездестіреді.
Түйеңді тұсап қоймайсың ба,бала?-дейді хан.
Тұсауы өліп қалған еді,-деп жауап қайырады бала. Ол мал көздейтін әкем өліп қалған еді дегені екен.
Ауылың қонаққа қой соя ма?-дейді Жәнібек хан.
Тапса, бір қой,таппаса, екі қой сояды, - дейді бала.
Баланың сөзін сынағалы хан нөкерлерімен үйіне келіп түссе, бала буаз саулық әкеп союға бата сұрайды. Сөйтсе, баланың манағы «таппаса екі қой сояды» дегені жарлы таңдап соймайды, буаз да болса, барын сояды деген сөзі екен. Ақылына, жомарттығына разы болған хан баланы қарауына, қамқорлығына алады. Жиренше басқа хандықта тұратын нағашысына барып, қала аралап жүріп, хан сарайының қақпасында жігітше киініп тұрған және жігіт таңдап тұрған хан қызына кездесіп қалады, ақырында сол қызға үйленеді. Атасының хандығына да, байлығына да қызықпай, ханның мұрагері – жалғыз қызы Қаракөз айымды алып еліне қайтады. Хан қызы мен күйеу баласын еліне аман-есен апарып салуға қастарына әскерінен қырық жігіт қосады. Жиренше қайың жұртын хандыққа кіргізбей, әз Жәнібектің көмегімен құрмет көрсетіп, сыйлық беріп ел шегінен қайырады. Бұлай ету себебін ол Жәнібекке «досыңды тоқтатпа, жолынан қалады, дұшпаныңды тоқтатпа, жолынан қалады, дұшпаныңды тоқтатпа, сырыңды алады» деп түсіңдіреді. Аяз би сияқты ханның қызын Жиренше ақылымен қалыңсыз алса, жарлының қызын байдың, кейде ханның малынан қалың мал төлеп алады. Осының өзі Жиреншенің әділдігін, биік адамгершілігін көрсетеді. Оның үстіне ол хан қайным деп жат жұртта қалмай, өзінің еліне келіп азаматтығын, ар-намыстылығын танытады. Жиреншеден қалған немесе Жиренше атынан айтылатын даналық, тапқырлық әңгіме-сөздер көп. Қазақ ауыз әдебиетінде Жиренше аты-жинақы образға айналған тұлға. Жиренше жайындағы аңыздың бәрінен де оның асқан тапқырлығы, шешендігі көрінеді. Жиренше шешен аңыз-әңгімелерге, кейбір жазба деректерге қарағанда Жәнібек ханның замандасы, ақылшысы, бас уәзірі болған, алғашқы қазақ хандығын құрған. Демек, XV-XVI ғасырларда өмір сүрген тарихи адам, мемлекет әрі өнер қайраткері.
13
Төле бидің даналығы
1663 – 1756 ж
-3810381000 Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданының Ақбұрхан деген жерде қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешені, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би мен Түлкі бала
Үйсін Төле би Кіші Жүз Алшын Әйтеке бидің үйіне қонаққа келіпті. Әйтеке қарсы алмапты. Тіпті, жатқан орнынан да тұрмапты. Төле би бұған өкпелеп, қайтып кетіпті . Артынан Әйтеке би сұрастырса, іздеп келген атақты үйсін Төле би екен.
- Шақырыңдар Түлкіні! Бір қайырса Төлені сол қайырар, бар ынтасымен сөз тыңдап отырушы еді,- депті Әйтеке би.
- Рұқсат етсеңіз, барайын,-депті Түлкі деген бала. Бала салт атқа мініп, Төле бидің алдынан орағытып шығып,сәлем беріпті де, әңгіме тыңдап бірге жүріпті.
Бір кезде Төле би:
- Әй, балам жол болсын!-депті.
- Әлей болсын! – депті бала. – Рұқсат етсеңіз бір сұрағым бар еді.
- Үш жүз деген кімдер?
- Қазақтың үш баласы. Үшеу ағайынды.
- Ағайынды кісі өкпелессе өкпесі немен тарқайды?
- Ағайынның өкпесі аса зілді болмайды. Бірін-бірі сағынысып, көрісумен тарқайды.
- Ал, ағасы інісіне өкпелесе ше?
- «Ініні зордан, ағаны бордан»,-деген ғой, іні-тас,аға-бос болады, -депті Төлеби.
- Төрелігіңізге құлдық, ата! Ініңізге өкпелеп, елге қайтып бара жатыр екенсіз. Райдан қайтып, қонақ болып қайтуыңызды сұрай келдім,-депті сонда Түлкі.
- бетің қайтпаған бала екенсің, бір ашуымды байладым,-деп Төле би кейін бұрылған екен.
Ананың тікенектей арқасы балаға мамықтай
Жорықтан оралған жігіт Төле үйіне келіп, жол үстінде көрген-білгенін әңгімелеп отырады.
Ауыл іргесіне жақындай бергенде екі-үш жасар баласын мойнына мінгізіп, бір арқа шеңгелді арқалап келе жатқан әйелді кездестірдім. Тікенек үстінде отырған баланы ерге отырғызып, алдыма алайын десем, шешесінің мойнынан айырылмай қойды, - дейді. Сонда Төле би:
Кірпішешен баласын арқалап жүріп өсіреді емес пе?
Бұл не дегеніңіз, биеке?
Ананың тікенектей арқасы балаға мамықтай жұмсақ тиеді, - депті Төле.
14
Қаздауысты Қазыбек би мен Әйтеке би-шешен
1667 – 1763 ж
762008572500 Қазақтың аса айтулы, айбынды, аруақты биінің бірі- Қаз дауысты Қазыбек би. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Оның өмірі қазақ-қалмақ шапқыншылықтары өршіп тұрған жаугершілік заманда өтті. Қазыбек есімі ел аузындағы әңгімелерде, тарихи деректерде, көбінесе Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады. Халық оны «Қазып айтқан Қазыбек» деп қастерлеген. Қазыбек 14 жасында Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қонтәжіге барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайырып алып қайтады, Қазыбек «Қаз дауысты Қазыбек» деген атаққа ие болады. Қазыбектің бұл елшілік еңбегін Шоқан Уәлиханов та естіген. Ол «XVIII ғасырлардың батырлары туралы тарихи аңыздар» дейтін мақаласында былай дейді: «Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз» деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: «Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып қалған Қаракесек Қазыбек және тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған Уақ Дербісәлі. Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған,ал соңғысы өз ауылында жатып дұшпанын қорқытып алдырған.» деген екен.
* * * * * * *
Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанында:
Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер,- дейді Төле би.
Айтыңыз, айтыңыз?
Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір,екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Отырғандар таң-тамаша болады.
Бұл не жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз?-дейді Қаз дауысты Қазыбек.
15
Рұқсат, рұқсат.
Бір дегеніміз- бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніміз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз- үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніміз-төсектен безген жас жаман.
Бес дегеніміз-белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніміз- асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегеніміз- жас келіншек жесір қалса, сол жаман.
Сегіз дегеніміз- серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніміз- торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніміз- оңалмас кәрілікке дауа болмас деген,-дейді Қазыбек.
Бала – бауыр етің
Қазыбек беріде елге танымал болған кезде бір балаға дауласып екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:
Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам «өз балам» деп бермейді,-дейді.
Екінші әйел тұрып:
Бала өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр,-дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:
Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынандай билік еткім келеді,-дейді де,баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «екеуіңе де қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?» -дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады.
Ал баланы таныған әйел:
Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек :
Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады.
16
1689 – 1766 ж-3810000
Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың немересі. Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.
Тегімді сұрап нетесіз?
Әйтекенің есімі елге ең алдымен ділмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім. Бір аңызда Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек ертеректе өлген бір кісінің құнын даулап, Кіші жүзге келеді. Дау бірнеше күнге созылып, екі жақ келісе алмайды. Бір күні есік жақта отырған бір жігіт:
Асқар тау, сенде бір мін бар – асу бермейсің,
Тасқын су, сенде бір мін бар – өткел бермейсің.
Билер, сендерде бір мін бар – басқаға сөз бермейсің! – деп тұрып кетеді.
Шақыршы, анау жгітті, -дейді Қазыбек. Жігітті шақырып келген соң:
шырағым, қай баласың, аты-жөнің кім?- дейді билер.
Әкемді сұрасаңыз -жетесіз,
Шешемді срасаңыз - некесіз.
Туа салған бір баламын,
Тегімді сұрап нетесіз?-
дейді жігіт.
Балам, сөзің жетті, енді төрелігін айтып, осы дауға өзің ие бола ғой! – дейді Төле би. Сонда қара жігіт түрегеліп тұрып:
Алты атасын арқалап жүргенді сіздерден көрдім, жеті атасын жетектеп жүргенді сіздерден көрдім. Ескіріп кеткен дау екен! Бірақ құр қайтсаңыздар,ағалық назарларыңа қалармын. Ердің құны жүз қара қой. Кіші жүз санын жүзге толтырып тайынша-торпақ берсін, соған разы болыңдар, - дейді. Екі жағы да осы төрелікке тоқтап, разыласып тарайды. Бұл Әйтекенің жас шағында айтқан бір төрелігі екен.
Қара қылды қақ жарған
Төле би мен Қаз дауысты Қазыбектің бір әділ билігіне риза болған Әйтеке би көп адам отырған жиында:
Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе-
Қара қылды қақ жарған әділ болса,- депті.
17
Сырым батыр – әрі шешен, әрі би
righttop(1712-1802)
Сырым батырдың өмірі мен қызметі XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз байланысты. Сырым Датұлы – қазақ тарихындағы елеулі қайраткердің бірі, 1783-1797 жылдардағы отарлауға қарсы және ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы. Әділет үшін арпалысқан, халқының қамын қара бастың мұңынан жоғары қойған ер жастайынан-ақ шешен-шежірелігімен көзге түскен, билікке араласқан. Ел аузында Сырым есіміне байланысты айтылатын аңыз әңгіме, шешендік сөз, билік тоқтам, өлең –жыр көп сақталған. Шешендік өнерді үйренген Сырымның ұстазы- халық, халық ішінде бұқарашыл шешендер мен батырлар. Сырым батыр үлгі алып, сөз үйренген кісілер Тама Есет, Адай Атақозы, Тама Қадір т.б
Байбақты руында Шолан деген кісі болған. Шоланнан Дат, Даттан Сырым туған.
Балам кімнің баласысың ?-дейді.
Даттың баласымын, - деп Сырым жолаушыларды үйіне ертіп келеді. Бұл Қараман Малайсары екен. Даттың үйіне түсіп қонақ болып, Малайсары аттанарда Сырымның шешесіне:
Осы баланы жақсылап өсіріңіз,- деп тапсырады. Міне, халық аңызы Сырымды жастайынан-ақ осындай зерек болған дейді. Сырымның үлкен әкесі Шолан бай болған. Оның үстіне Сырымның ханмен құда болуы, атақты батыр, билерге сыйға ат мінгізіп, шапан кигізіп бата алуы-осының бәрі Сырымның ауқатты жерден шыққандығын көрсетеді. Тек Сырымның өз әкесі Дат шаруа баққан, момын, жуас адам болса керек. Сырым 15 жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның аулының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:
Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетеді? – дейді.Тақсыр, даланың отыны олжа,суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық! –деп жауап қайтарады Сырым. «Жүйрік тай-құнаннан, өнер жас ұланнан» дегендей халық Сырымды еңбекке арланбайтын, ешкімнен жасқанбайтын, осындай өжет бала бейнесінде әңгімелейді. Халық Сырымның әкесі Дат жеті ағайынды болған дейді. Ал Сырымның өзі он бір ағайынды болса керек. Халық Сырымды көп балалы үйде өскен әдепті, көпшіл адам етіп суреттейді, үлкенді сыйлау, кішіні есіркеу, жатты жатырқамау Сырымға тән жақсы қасиеттердің бірі болған. Сырымның анасы да адал, ақылды адам болған. Демек, Сырымның әкесі би болмағанмен, үйі би түсетін үй болған. Мектеп-медресесі жоқ елде кісі көп келетін ауылдың баласы сыншыл да көпшіл болатыны белгілі. Сырымдай ақылды, аңғарлы балаға уақытысында ел бастаған шешен, қол бастаған батырлар игі әсер еткен. Сырым батыр қуғын-сүргінді көріп, әр қилы жағдайда елден ұзақ уақыт жырақ жүрген. 1802 жылы 79 жасында қайтыс болған.
18
Шешендік сөз – ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы
«Түгел сөздің – түбі бір»
Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кендігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Оның рухы, жан құпиясы, төзім-сезімі сөз құдіретімен тұтас, туыс. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ. Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасылар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық. Ата-бабамыз ауыз әдебиеті дейтін ғажайып мұра қалдырды. Онда қазақ дейтін қалың елдің қанында, жанында болған қасиеттің бәрі бар. Онда халықтың рухани өресі, мәртебесі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы бар. Қазақтың тілі сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырды; асыл мұра, қазынасы сарқылмас алтын сандық-ауыз әдебиетін жасады. Ауыз әдебиетінің інжу-маржаны деуге боларлық бір түрі-шешендік сөздер. Бұл сөздердің де қаны мен жаны – төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек қайырымдылық сияқты халықтық қасиеттер. Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешкен халықтың өзіндік басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділін, қара қылды қақ жарып айтқан кісі көтерілген. Билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды, қиын мен жеңілді алға тартады. Мал дауы мен жан дауы, ар дауы мен намыс дауына кесім айтады. Би – табиғи дарын, асыл текті ақыл, арғыны көре білген көсем, ақпа-төкпе шешен. Халық қамын ойлаған хандар болған. Елдікті сақтаған, ерлікті тудырған замандар болған. Әз Жәнібек, Әз Тәукеден, Абылайдан жеткен билік жүйесі болған. «Тілмен түйгенді, тіспен шеше алмас» деген тұжырым жасайды. Билерге байланысты айтылатын әңгіме мол, дерек көп бола тұрып, атынан шошып, үрейленген кезеңдер кесіріне көміліп, көңілден таса, көмескіленіп қалғаны да даусыз. Оларды тауып, тасқа басып, хаттап жинап қояр мезгіл жетпек түгіл әлдеқашан өтіп кетті. Билер сөзі әр жылдары жарық көрген «Ел аузынан», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарынан, «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Ана тілі», «Өркен» газеттерінен және басқа басылымдардан іріктеліп алынған. Осы қастерлі мұра, даналық пен қара қылды қақ жарған әділдіктің айғағы шешендікпен айтылған билер сөзі әлі де ұмытылған жоқ, халықтың жадында.
19
Темірғали шешеннің жұбатуы
Патша заманында Көкше өңірінің Қозыбай деген бір жақсы адамы Семей жаққа жер ауып келіпті. Сонда Темірғали деген шешеннің айтқан жұбату сөзі:
Жақсыға жаман-кесір, жақсысы кетсе-жесір. Табыңда жақсы болса, пайдасы тиер, еліңде тентек болса, найзасы тиер, кең қолтық қоғамшыл болсаң, халқың сүйер. Шошынбас жүрек болмас, тосылмас жүйрік болмас, дәміңді алыстан жазса, бармасқа басыңда ерік болмас. Қисық ағаш тезден мұқайды, дау сөзден мұқайды, ел ішінен шыққан дұшпан жаман, өзінен-өзі мұқайды. Ер жігітке тағылған шынжыр, арқан ар емес, қайратпен оны сүйретпеген жігіт нар емес. Біздің елдің жаманы басыңыздан пәле кетпестей көріп жүрген шығар. Дәміңізді алыстан жазса, топырағыңызды туған жерден жазар, еш нәрсе ойламаңыз.
Жұбату
Ел ішіндегі белгілі де беделді Жаппас деген қарияның жалғыз баласы ер жеткен шағында кенеттен қайтыс болып, қатты күйзеледі. Сенім артқан сүйеніші,көрер қызығы бар алданышынан айырылған Жаппасқа бұл қаза қасіреттей батады. Оның жағдайы күннен-күнге төмендеп, төсек тартып қалады. Осы жайды естіген, жастайынан Жаппасты сыйлап өткен Тоқсан би көңіл сұрауға арнайы келеді де, Жаппастың үйінің босағасын аттай бере ағылтып қоя береді:
Ей, Жаппас, көтер беліңді, жылатпа еліңді,
Қас нардың қабырғасынан қол сөгілседе елемес
Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес.
Өткен қайтып келмейді, өшкен қайтып жанбайды.
Бидің аңқылдаған көңіліне,жарқылдаған асыл сөзіне елең еткен Жаппас жайлап басын көтереді. Сөз арасында ол Тоқсан биді сынамақ ниетімен:
Бұл қайғым қайтсем қалады? – деп сауал тастайды.
Сонда Тоқсан би:
Ей, Жаппас, бұл қайғың,
Келелі бидің кеңесінде қалады.
Биік таудың төбесінде қалады,
Өзен-судың көбесінде қалады.
Қыран құстың қияғында қалады,
Жүйрік аттың тұяғында қалады.
Ұлы дүбір той-ойындаа қалады.
Осы айтқанды орындамасаң,
Өле-өлгенше өзіңнің мойнында қалады,
-деп жауап беріпті.
20
Қара Дос пен Маман би
Ертеде Тау елін жайлаған Шөмекей рулары жұтқа ұшырап, қатты күйзеліпті. Елдің жағдайын көріп қиналған Қара Дос шешен көршілес қарақалпақ елінің биі Маманға барып, бидай сұрамақ болып жолға шығады. Бұлар келгенде Маман би ауыл ақсақалдарымен төбе басында әңгімелесіп отыр екен. Қара Дос Маман бимен қол алысып амандасып, шетке отырады. Маман бидің қонақтармен жұмысы болмай, әңгімесін айта отырып, арасында жігіттеріне дауыстап қояды. Сусын көтеріп екі жігіт келеді. Жігіттің бірі сусынды Досқа ұсына бергенде:
Тарт сусыныңды, біз шөлдеп келгеніміз жоқ, қона жатып сөйлесетін бел деп, келдік. Қонақ күте білетін ел деп келдік. Ағаның үйі – ақ жайлау,жеңгенің үйі- жаз жайлау. Өз үйіміз деп,басып ішеміз бе десек, төбенің басына тасып ішетін болдық па? – деп Дос биге қарайды. Сөзден тосылған Маман би қонақтарды үйіне шақырады.Үйге келген соң:
Ақсақал, өзіңіз қарттықпен қалайсыз?-дейді Дос үйге кіріп-шығып жүрген жас әйелді аңғарып қалып.
Әй, бала, бұл не дегенің. Жақсының жақсы жасын сұраушы ма еді, тұлпардың аузын ашып тісін көруші ме еді,-деп Маман би сөзін жалғастырады.
Қырықта осы елдің қыруары едім,елуде ел перісі болдым, алпыста бөрісі болдым, жетпісте жел перісімін, сексенде сарқарда боламын, тоқсанда топтан торай шалдырмаймын, жүзде де алғанымның көңілін қалдырмаймын,-дейді. Сонда Дос күліп:
Бұл халықтан шыққан мақал емес қой. Жас жеңгейдің көңілін жықпай айттыңыз-ау. Болмаса қырық-қылау, елу-ер жігітке бел емес пе, алпыс-қайта қонған ел емес пе? Жетпісте отыз омыртқа бүгілмей ме? Сексен - сергелдең, тоқсан жоқ сан емес пе? Жүзде ешкім келмейді қасыңа, қарға қонбай ма басыңа?!-дейді.
Өзіңдей ініге олжаға алып едім. Жұдырықтай қара бала, өкшелеп ізімнен қалмадың ғой. Тарпиын ба, қарпиын ба? – дейді Маман би ашуланып.
Ақсақал, бұл айтып отырғаныңыз түйенің әдісі ғой. Мен адамның әдісінен жығылып көрген жан емеспін. Тарпысаң тақырға өскен темір тікенмін, табаныңа кіріп, аяғыңды ақсатармын, қарпысаң улы шөппін, тамағыңды қақсатармын , -деп жауап береді Дос.
Үш жүзді туғанда анасы үш түрлі нәрсеге жерік болған екен. Ұлы жүзді көтергенде, малға жерік болыпты. Кіші жүзді көтергенде, бөрінің бауырына жерік болыпты. Сен бала бастан-аяқ сөздің найзасын түйреп атасың ғой,-деп Маман би ашуланыпты. Сонда әзір отырған Дос:
Әкем ақылды кісі еді. «Елді есі кеткен жамандайды», «Жүзден жүзді кеміткеннің жүзі қара» дейтін. Жүзің қара би екенсің. Аузы кіші, қарны үлкен қой семірсе-көтерер, қарны кіші, аузы үлкен ит семірсе-құтырар. Саған сөздің майдасын беріп, маған найзасын берсе, амалы қанша. Түйрейін бе отырған жеріңде?! – дейді. Сөзден тосылған Маман би айыбын жуып-шаймақ болып:
Жақсы көрген кісіңнің жұмысын келгеннен сұра, кеткенше бітер. Жек көрген кісіңнің жұмысын көтерде сұра, бітсе бітер, бітпесе кете берер деген. Мен сені тәуір көріп қалдым. Жұмысың болса айта отыр,-дейді.
Бөтен жұмыс жоқ, кеусен сұрай жүр едік,-дейді Қара Дос.
21
Сол жолы Маман би Қара Достың жетегіндегі нарларға астық артып жөнелткен екен. Келер жылы Маман би бидайдың бодауына киіз алмақ болып, Қара Достың ауылына барады. Үйге кіріп, амандық-саулық сұрасқан соң:
Ал,шырағым Қара Дос! Отыңның басын көріп, бала шағанның жағдайын білейін деп келіп едім, сонымен бірге көрген түсім бар еді. Түсіңді жақсы көрген адамыңа жорыт немесе ғалымға жорыт деген. Мен түсімді өзіңе жорытқалы келдім. Сексен бас үйім бар екен, сексен басына сексен қарлығаштан бір қарлығаш та қалмапты, -дейді Маман. Сонда Қара Дос:
Бұл түсіңіз бардың жоритын түсі екен. Мен өзім қонақасы беруге жарығанмен, бұндай түсті жоруға шамам келмейді. Бұл түсіңізді Сансызбайға жорытармыз, -депті. Қошқаралы руынан шыққан Сансызбай әрі бай, әрі сақы болған екен. Дос Маман биді ертіп Сансызбайдың ауылына келеді. Сансызбайға Маман бидің түсін айтып береді. Сонда Сансызбай езу тартып күліп:
Бұл келініңіз Айымның жоритын түсі екен,-деп шай құйып отырған әйелі Айымға қарайды. – Қайнағаңның түсін кеткенінше жорып қой. Маман би қона жатып қонақасын жеп,енді аттанарда Айым:
Қайнағаның сексен бас үйі тозып,сексен қарлығаш ұяласа бір қарлығаш тұрмайтын болған екен. Бір сары атанға он сегіз өре киіз артып қойдым. Ала кетіңіз,-депті. Маман би серіктеріне ертіп қыр асқан соң қосшысына:
Түсті келіннің өзі жорыды ма? Болмаса Сансызбай айтып жорытты ма? Сынай кеттейік. Сен барып келінге сәлем айт. Орамалы ақ екен, дастарқаны қоңыр екен де. Осыған қайтарған жауабынан өзі жорыған-жорымағаның білеміз, - депті. Сонда Айым Маман бидің қосшысына:
Қайнағаға сіз де сәлем айтыңыз. Орамалым ақ болса,тазалығым шығар, дастарқаным қоңыр болса, мырзалығым шығар, -депті. Маман би қосшысын қайта жіберіп:
Келінге сәлем айт. Келер көктемде адам жіберсін. Келген қонағына сусын болатын жиырма қашар айдатамын,-депті. Маман би қосшысын қайта жіберіп:
Келінге сәлем айт. Келер көктемде адам жіберсін. Келген қонағына сусын болатын жиырма қашар айдатамын,-депті. Содан бері Тау еліндегі қазақтардың сиырының тұқымы сол Маман бидің Сансызбайға берген сиырларынан тұрады деген сөз бар.
22
Бұқар жыраудың толғауы
Қара құлан жүйрік деп,
Құланды жақтай бермеңіз,
Жебе тисе мерт болар,
Мерт болған соң ет болар.
Жалғызға зорлық қылмаңыз,
Жағасынан алмаңыз.
Өзіңіздей жақсы сындарға,
Анау деген ат болар.
Қара құла арыса,
Майы қалың бесті артық,
Баласы жоқ қатыннан
Лақтаған ешкі артық.
Жалғыз туған жігіттен,
Сырым тікен тал артық,
Жарлы болған жігіттен
Бесіктегі бала артық.
Ай не болар күннен соң
Күн не болар айдан соң,
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң,
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бүлген соң.
Төрде отырған қарт бабаң
Төресін жаңылар малдан соң,
Доңғалақ арба жүре алмас,
Қос арысы сынған соң,
Жігіт жақсы бола алмас,
Алғаны жаман болған соң.
Ежелгі дос жау болмас,
Шірнеуіште хаты бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Көңілінде кірдің таты бар.
Ежелгі жау дос болмас,
Айтысқан оның серті бар.
Айтысқан оның серті бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Көңілінде тұтқыр кірі бар
23
Көкірек таза болмаса...
Арзан – өтірік, қымбат-шындық
Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда Абай келіп сәлем береді. Ол кезде Абайдың жас, үйленген шағы екен. Абайдың тапқырлығын, өлең шығаратындығын естіп жүргенде шешен баланы қасына отырғызып:
Шырағым, дүние неге сүйенеді? – деп сұрайды. Абай:
Дүние үмітке сүйенеді.
Көздің көрмесі бола ма?
Көз қабағын көрмейді.
Шам жарығының түспесі бола ма?
Шам жарығы табағына түспейді.
Болат пышақтың кеспесі бола ма?
Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді.
Тамағына тартпайтын мақлұқат бола ма?
Өз тамағына тартпайтын мақлұқат болмайды, - дейді бала Абай.
Жауабына риза болған шешен оған осыны өлең түрінде жазып беруін сұрайды.
Сонда Абай:
Сіз сұңқар самғай ұщқан қиядағы,
Талпынған мен балапан ұядағы,
Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,
Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.
Көз көруі жетпейді қабағына,
Шам жарығы түспейді табағына.
Өз сабын болат пышақ өзі кеспес.
Мақлұқат тартпай қоймас тамағына, - депті.
Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін Абай:
Ата, сізден сұрақ сұрауға бола ма? – дейді.
Е, шырағым, сұрайғой, - депті Жанқұтты.
Ата, арзан не, қымбат не, дауасыз не?-депті Абай.
Жанқұтты:
Шырағым, арзан-өтірік, қымбат-шындық, дауасыз-кәрілік емес пе, жанарыңның оты бар екен-ақындығың шығар, маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халықтың қалаулы азаматы бол, - деп батасын беріпті.
24
Шоқан мен Саққұлақ шешен
Жазда ауылына демалысқа келіп жатқан Шоқан саққұлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағылымды әңгімелерін тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосын сұрақ қойып:
Ақсақал, біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды?- дейді.
Шырағым, көнеден сұрайды,-дейді шешен.
Көне адасса, кімнен сұрайды?
Көне адасса, көргендіден сұрайды.
Көргенді адасса, кімнен сұрайды?
Көргенді адасса, көптен сұрайды.
Көп адасса, кімнен сұрайды?
Көп адасса,көп оқығаннан сұрайды.
Көп оқыған адасса,кімнен сұрайды?
Көп оқыған неге адассын ! әлгінде ғана Сатыбалдының Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбеталы жырау туралы дастанынын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың?-дейді шешен. Содан соң:
Асылы, ақыл-адамды аздырмайтын ем.
Білім-таусылмайтын кең.
Адамның басшысы-ақыл,
Жетекшісі-талап,
Шолғыншысы-ой,
Жолдасы -кәсіп,
Қорғаны – сабыр,
Қорғаушысы – мінез.
Біліп туған бала екенсің,
Тумысыңнан дана екенсің,-
дейді Шоқанға риза болған шешен.
Шоқанға берген батасы
Саққұлақ би шешен Шоқанның білімі мен мінезіне қатты риза болып, аттанарда былай деп бата береді.
Біліп тұрған бала екенсің,
Туысыңдағы дана екенсің.
Айла-ақылы дарыған,
Атаң Абылайдың тап өзіндей хан екенсің.
Өсе берсін бақытың,
Үстінде ағар тақыттың!
Сонда Шоқан: «Ақсақал, тақыт дегеніңіз артық болар» деп жымиып, езу тартқан екен. Саққұлақ би шешен оған іркілмей: «Мынаны қазақ тақ дейдіғой, білімпазым» -деп қасында тұрған орындықты көрсетіпті. Бұл – тұғырыңнан таймай өт деген сөзі екен.
25
Аттары аңызға айналған уәзірлер
Қазақ аңыздарының көбісі тарихи адамдардың – белгілі қоғам, өнер қайраткерлерінің айналасына топталған. Оларды кейіпкерлерінің өмір сүрген уақыттарына қарай екі дәуірге: XI-XIV және XIV- XVI ғасырларға бөлуге болады. Біздің дәуірімізге ауызекі және ішінара жазбаша жеткен әдеби мұралардың ең арғысы-Қорқыт,Қожанасыр,Майқы және Аяз би жайындағы аңыз-әңгімелер.
Қорқыт
Ежелден ел аузында келе жатқан қазақ аңыздарының бірі – «Қорқыт». Қорқыт туралы аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: ертеде Сыр елінде Қорқыт есімді бір белгілі адам болыпты. Ол Қазығұрт тауының бауырында, анасынан «мес» болып туады. «Месті» көрген жұрт үрейленіп қалады, тек шошынбайды. «Менің туғаным жанды бала еді ғой» деп «месті» жарып жібергенде ішінен нәресте шығады. Қорқып тарай бастаған жұрт қайта жиналып «бұл өзі дүниеге жұртты қорқыта келдіғой »- деп , атын Қорқыт қояды. Қорқыттың ата тегі – оғыз. Қорқыт жасында түс көреді. Түсінде оған Қыдыр «сен қырық жас жасайсың» деп аян береді. Қорқыт ер жетіп, есейген соң астына желмая мініп, елінен қашады, адамы өлмейтін ел, жер іздейді. Бірақ өлім оның күндіз ойынан, түнде түсінен кетпейді. Қорқыт далада қурап жатқан аң сүйектерін, қирап жатқан ағаштарды, құлап жатқан жартастарды көреді. Қайда барса да алдынан қазулы көр шығады. «Бұл кімнің көрі» деген сұраққа «Қорқыттың көрі» деген жауап естиді. Қорқыттың ажалдан қашып құтылмасына көзі жетеді. Оған бір күні «өлімді аузыңа алмасаң, өлмейсің» деген аян беріледі. Содан кейін Қорқыт өзінің туған еліне, Сырдарияның бойына қайтып келеді. Ағаштан қобыз жасап, оны түйенің көнімен қаптайды, оған жылқының қылынан қос ішек тағады. Сөйтіп өзіне жұбаныш, өнерден қуаныш табады, енді өлімді аузына алмайтын болады, қобызын тартып, ел аралап, ауырғанды емдеп, бейқам жүреді. Қазақтың аңыз-әңгімелері бойынша Қорқыт күй атасы болып есептеледі.
26
Аяз би
Қазақ ауыз-әдебиетінде «Аяз би» аңызының алатын орны ерекше. Ол- мазмұны мен көркемдігі жағынан жазба шығармалардан кем түспейтін, біреу де болса бірегей әңгіме. Аяз би туралы қазақ энциклопедиясында былай делінген: «Аяз би, Жаман – қазақтың аңыз-әңгімесінің аты әрі кейіпкері, ел басшысы, қоғам қайраткерлерінің халық қиялынан туған үлгі бейнесі...» Аяз би бейнесі елді қарапайым, ақылды, адал, қайырымды адам басқарса деген ежелгі халық арманын көрсетеді. Бұл аңыздан Аяз бидің Шыңғыс хан шапқыншылығына наразы, шабармандарына қарсы болғаны және халық қамын ойлағаны байқалады. Аяз би сол сапарында Жем өзені бойында отырған Мөңке биге барып сәлемдеседі. Әңгіме арасында Мөңке би:
Хиуа хандығы құрама ел еді, нағыз елің бар ма?-дейді Аяз биге. Аяз би бірден түсініп жауап қайтара қоймаса керек. Сонда Мөңкенің шай құйып отырған қызы:
Өз жұртың күншіл болады, қайың жұртың міншіл болады, нағашы жұртың – нағыз жұртың сыншыл болады. Нағашыңыз қай ел еді деп отыр әкем –дейді ...
Арсыздық неден, аңсыздық неден? – деп сұрайды Мөңке Аяз биден.
Арсыздық жоқтықтан, аңсыздық тоқтықтан шығады,-деп жауап қайырыпты Аяз би. Аңыздан Аяз бидің Хиуа хандығын басқарғандығы, ақылды адам болғандығы, сондай-ақ Мөңке бимен замандас, пікірлестігі аңғарылады. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды – Аяз би бұрынғы Хорезм өлкесінде туып өскен. X-XII ғасырларда өмір сүрген, өзінің даналығымен, парасаттылығымен халық құрметіне, ел басқару дәрежесіне жеткен тарихи қайраткер.
27
Әзірет Әлі шешен
Ғылым артық па, мал артық па?
Әзірет Әлі шешен, әрі білгір адам болған екен. Бірде он жөйіт оны сынамақ болыпты. Біз оған бәріміз бір сұрақ берейік,егер ол шын шешен болса оған он түрлі жауап табар деген екен.
Сөйтіп олар: Ғылым артық па, мал артық па? – деп сұрапты. Сонда Әзірет Әлі былайша он түрлі жауап беріпті:
Біріншіден-ғылым артық. Өйткені,ғылым-әулие-әнбиелердің мирасы, ал мал-перғауын мен Қарынбайдың мирасы.
Екіншіден-ғылым артық. Өйткені, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың.
Үшіншіден –ғылым артық. Өйткені, ғылымның досы көп,ал малдың дұшпаны көп.
Төртіншіден-ғылым артық. Өйткені, ғылымды жұмсасаң арта береді, ал малды жұмсасаң азая береді.
Бесіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал қатты, сараң деген атақ қалдырады.
Алтыншыдан-ғылым артық. Өйткені, ғылым өзін –өзі сақтайды, асырайды, ал малды бағу,күту керек.
Жетіншіден-ғылым артық. Өйткені, ғылым қиямет күн иесіне шапағат қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді.
Сегізіншіден-ғылым артық. Өйткені, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал-қолдың кірі, өледі, жоғалады.
Тоғызыншыдан-ғылым артық. Өйткені, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады; ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деп, дүниеқоңыз етеді.
Оныншыдан- ғылым артық. Өйткені,ғылым құдайға зәһат, таупиық, ғибадат қылады; ал мал иесінің көңіліне тәкаппарлық салады.
Бір ауыз сұраққа он түрлі жауап берген Әзірет Әліге жөйіттер содан соң мойын ұсынған екен дейді.
28
Сөз тапқанға қолқа жоқ.....
Сыр өңірінде ертеректе Дәуітбай деген ауқатты адам өмір сүріпті. Ол қанша дәулетті кісі болса да үйіне келген қонаққа жөнді ас бермейтін сараң екен. Содықтан ел оны «Соқпаның дым бермес Дәуітбайы» деп атап кеткен көрінеді. Бір жолы сол елдің адамдары әйгілі Досбол датқаға келіп:
Шық бермес Шығайбайымыз Дәуітбайды сөзден жығып беріңіз, - деп қолқа салады. «Ел құлағы - елу» дегендей, датқа бастаған бір топ жанның өзіне келе жатқаның естіген Дәуітбай зайыбына:
Әй, кемпір, талайларды сөзбен жыққан Досбол датқа осында келе жатқан көрінеді. Қонақтар келгенде мен қандай дәм дайында десем, соны орында, - деп ескерту жасайды. Досбол серіктерімен Дәуітбайдың үйіне келіп түседі. Амандық-саулық сұрасқан соң Дәуітбай далада жүрген зайыбын шақырып алып:
Әй, қатын, ел сыйлайтын мына Досбол қайның келіп қалдығой. Шәй бермейсін бе, - дейді. Осыдан кейін әйеліне:
Бұл Досбол ел аралап жүріп талай басты құртқан «қу» ғой. Жақсылап сыйлайық, өмірі оның жеп көрмеген дәмі – «ақтүймешті» әзірле, -деп әмір қылады. сыр елінде "ақтүймеш" деп қауынның қағы мен тарының талқанын араластырып, келіге салып түю арқылы дайындалған асты айтады. Былай шыққан соң қазы-қартадан үміткер болған жолдастары Досбол Датқаға:
Жаңағы Дәуітбай бізді қатырдығой. Неге сөзбен қағытып тастамадың? – дегенде:
Ешкімнен сөзден тосылып көрмеген едім. Дәуітбай бай сөзбен жеңіп кеттіғой, оған қалайша қарсы уәж айтпақпын. Қазақта «сөз тапқанға қолқа жоқ....» деген мақал бар емес пе? – деп жауап беріпті.
Тіл байлық-ізгілік мұрат
Бір үлкен жиында Шойынбеттің тапқырлығын сынамақ болған Сыздық төре:
Дәулет артық па?
Бақ артық па?
Өнер артық па?
Тіл байлық артық па? – деп сұрапты.
Сонда Шойынбет:
Дәулет – қолдың кірі жусаң кететін,
Бақ – сел-көшкін уақытпен өлшенген.
Өнер – ризық, несібе таусылмайтын,
Тіл байлық – ізгілік мұрат,
Ұрпаққа сөз қалдыратын, -
деп жауап берген екен.
29
Балаби мен Сырым
Сырым бір жылы орта жүзге барғанда сол елдің Балаби деген биіне кез келеді. Сырым мен балаби екеуі көп әңгімелеседі. Балаби Сырымға бірнеше сұраулар қояды, Сырым жауап береді.
Сіз ағайынды нешеу едіңіз?-дейді Балаби.
Мен ағайынды екеумін,-дейді Сырым.
Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік.
Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенім рас, бірақ та олардың маған қанша керегі бар? Менің ағайынды екеумін дегенім-біреу өзім, екіншісі –халқым.
Сөз анасы не,
Су анасы не,
Жол анасы не? – дейді Балаби.
Сөз анасы – құлақ,
Су анасы –бұлақ.
Жол анасы – тұяқ, -деп жауап береді Сырым.
Өтірік пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар?- дейді Балаби.
Өтірік пен шынның арасы төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеннің арасы неше шақырым деп мені алдамаңыз, дейді Сырым.
Ақылды қандай адамға айту керек?
Ақылды ұққанға айту керек.
Ат не үшін шабады?
Ер не үшін шабады?
Ат шабысына қарай шабады,
Ер намысына қарай шабады.
Бұл дүниеде не тәтті? – дейді Балаби.
Аста тұз тәтті,
Адамда дос тәтті,-дейді Сырым.
30
Сырымның сыннан өтуі
Айшуақ, Есім хандардың тұсында Сырым жаңа атағы шығып келе жатқан жігіт екен. Хандар мен билер Сырымды сынамақ болып бір жиында Сырымды табақ тартып,ет жасау жұмысына қосады. Ол күнде өлген адамға бірнеше мал сойып байлар ас береді екен. Сырым етті жасағанда хандар мен билерге, төрелер мен байларға, балалар мен әйелдерге ішек-қарынды бірдей етіп табаққа салады. Хандар билер,байлар:
Бұл табаққа ішек-қарын салған кім? –деп Сырымды шақыртып алып, - табаққа ішек-қарын салып, бізді әйел дедің бе, немесе мазақ еткің келді ме? Бұл үшін сені айыпқа бұйырамыз, -дейді. Сонда Сырым :
Еркек әйелден шығады, ет ішек-қарыннан шығады. Егерде менің айтқаным дұрыс болса кімдер айыпты болар екен? – дейді. Әкімдер сөзге еш нәрсе дей алмайды. Сырымды іштерінен жаратпай қалады
Мөңкенің сұрағына Сырымның жауабы
Мөңке би Сырымға үш сұрақ қойыпты:
Таудан биік не бар?
Судан терең не бар?
Оттан өткір не бар?
Оған Сырым былай деп жауап қайтарады:
Таудан биік көңіл бар,
Теңізден терең ғылым бар.
Оттан өткір қайғы-зар.
Бір аяқ сусын бір кісінің құны екенғой!
Сырым шөлдеп келе жатып, бір үйден түсіп сусын ішіпті.
Япырай , бір аяқ сусын бір кісінің құны екенғой! – депті Сырым мандайының терін сүртіп.
Жоқ батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып менде өлер едім, - депті үй иесі.
Табалдырықтан биік тау жоқ
Нұралыны шаппақ болып жүргенде, Сырым батырға ағайындары бөгет жасай беріпті. Сонда Сырым: «Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан мықты жау жоқ », - деген екен.
31
Қорытынды
Қазақ шешендік өнерінің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланысты. Оған дәлел халық шешендігінің бастауы қазақтың алғашқы Алаша хандығымен . яғни XII-XIII ғасырлармен тұстас. Бұл кезде өмір сүрген Майқы би мен Аяз билер, біріншіден , алғашқы қазақ хандығын құрысқан қоғам қайраткерлері, екіншіден аттары белгілі алғашқы сөз шеберлері. Қазақ шешендік өнерінің екінші қалыптасу кезеңі әз Жәнібек хандығымен тұстас XIV-XVI ғасырлар. Бұл кезде өмір сүрген Асанқайғы мен Жиренше алдымен хандықты нығайтқан, содан соң өздерінің сыншыл өткір сөздерімен аталған жанрды қалыптастырған, бір саты жоғары көтерген қоғам және өнер қайраткерлері. Өнердің үшінші даму кезеңі үш жүздің басын қосып бірегей хандық құрған Қасым,Тәуке хандармен тұстас. Бұл бір жағынан хандықтың недәуір нығайған, алайда Жоңғар Ойрат хандарының қарақшылық шабуылдары жиілеп тұрған XIII-XVIII ғасырлар болатын. Бұл кезде атағы шыққан үш би: Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендер өздерінің даналық, тапқырлық сөздерімен жауға қарсы халық-азаттық күресін ұйымдастырады, әрі қазақ шешендік өнерін өркендетті. Зерттеуде алғашқы өнер қайраткерлерінің қатарында Қорқыт та аталды. Себебі, ол тек күй атасы ғана емес, түрік тілдес халықтарының, соның бірі қазақтың ертедегі ақындық- шешендік өнерінің негізін салушылардың бірі екені анықталады. Зерттеулі қазақ шешендерінің әлеуметтік рөлі мен әдебиеттік қызметтерін анықтау, солар арқылы қазақ шешендік өнерінің қалыптасу, даму тарихын айқындаумен бірге шешендік сөздердің мәнін, әдеби- көркемдік ерекшеліктерін көрсету көзделген-ді. Сол ниетке орай еңбекте нақтылы ңұскалар да көбірек қамтылады. Халкымыздың көп жылдык тәжірибесі мен білімінің жиынтығы болып табылатын рухани байлығы- ауыз әдбиетінде адамды ең алдымен, жастарды адал еңбекке, ерлікке, адамгершілікке баулитын, жақсы мінез- құлыққа тәрбиелейтін үлгілі сөздер мен мысалдар аз емес. Шешендік сөздерді оқығанда жол үстінде кездесетін, жолаушылар еңкеймей өтпейтін тұнық сулы тұшы бұлақтар еске түседі. Ондай бұлақтардың басын уақытылы тазалап, көзін құм- топырақтан аршып тұрса , одан халыққа пайда көп . Егер қазақ шешендігі жайында жазып, жариялаған зерттеулер халық даналығының сондай бір құнарлы бұлағының көзін аршығандай көпке пайдасы тисе екен.
32