Математикалык сайыс Ж?лдызды с?т


Тақырыбы : Жұлдызды сәт. (2- сыныптар арасында математикалық сайыс )
Мақсаты:1. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.2. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.3.Оқушыларды ұйымшылдыққа , нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін- өзі тәрбиелеуге баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, интерактивті тақта.
Түрі: топтық сайыс.
Жоспары:
1. Таныстыру. (топтың аты, ұраны)
2. Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар.
3. Сиқырлы сандарды сөйлет.
4. Бәйге.
5. Кім жылдам?
-Қайырлы күн қадірлі көрермендер! «Жұлдызды сәт» атты математикалық сайысқа қош келдіңіздер! Сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
«Тапқырлар» тобы.
«Алғырлар» тобы.
«Ойшылдар» тобы.
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында,
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлердің біліміне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
1. Таныстыру.
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе,
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт, - деп алғашқы сайысымызға кезек береміз.
2. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
«Тапқырлар» тобы
(57-7)+40 =90
(20+60)-10 =90
(50+9)-40 =99
«Алғырлар» тобы
20+(45-5) =60
60-(39-9) = 30
70+(16-6) = 80
«Ойшылдар» тобы
35-(28-8) = 15
44+(30-10) = 64
80-(67-7) = 20
Әділқазы алқасынан 1- сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Сонау - сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең кемелер.
Жасау үшін бәрін де,
Математика- ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтанда, сондықтанда сол ғылымның тілін біл деп отырған
– деп кезекті «Сиқырлы сандарды сөйлет» сайысына береміз.
3. «Сиқырлы сандарды сөйлет»
1. Ең кіші ондықты ата.
2. 3 онд. 4бірл. Тұратын сан.
3.1 жылда неше ай бар?
4. Уақыт өлшем бірлігі.
5. Салмақ өлшем бірлігін ата.
6.1 дециметрде неше сантиметр бар?
7. 1 ғасырда неше жыл бар?
8. Ең кіші екі таңбалы сан.
9. Ұзындық өлшем бірлігін ата.
10. Бір аптада неше тәулік бар?
Әділқазы алқасының бағасы.
Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра біл қарындаш пен қаламды,
Айыра біл соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті сайысымыз«Бәйге».
4. «Бәйге»
1. Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз,
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
2. 6 алманың 2- уін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
3. Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды,
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек ?
4. 11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 1 ешкі.
2 қоян, 3 түлкі,
Неше болды барлығы?
5. Қолымда 55 алма,
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде?
6. 100 асықтың 30-ын
Досым сұрап алды.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолымда қалды?
7.Аулада жүр балалар,
Самат, Арман, Саша.
Келді және оларға,
Сәуле, Шолпан ойнауға,
Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?
8. Аспанда 3 тауық ұшады,
3-еуі бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік 2-уін
Айтшы тауық нешеуі ?
«Бәйге» кезеңін бағалау.
5. «Кім жылдам?» кезеңі.
«Тапқырлар» тобы 4+7+9-10+30-1+20 =59
«Алғырлар» тобы 12-6+14+30+7-3+16 =80
«Ойшылдар» тобы 6+8+20-2+40-50+8 = 20Қорытынды. Сайыстың жеңімпаз тобын мараппаттау.