?дебиет ?.Мырзалиев К?рі ?ыран 8 сынып


Сабақтың тақырыбы: Кәрі қыран
Сабақтың мақсаты:
а) Ақын өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру. “Кәрі қыран” өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
ә) Оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту. Мәтінмен терең жұмыс жүргізу. Үндес шығармалардың оқиғаларын салыстыра пайымдай алуға дағдыландыру.
б) Сұлулық пен еркіндікті танытуға ,адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу. Оқушылардың рухани дүниесін байыту елжандылыққа тәрбиелеу.
.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар,кестелер, бейне роликтер, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: ән,бейнелеу өнері, биология
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау:
І топ. Қ. Ысқақ өмірі, шығармашылығы
ІІ топ. “Қоңыр күз еді” шығармасын сатылай кешенді талдау
ІІІ топ. Шығармадан диалог, монологтарды табу
ІV топ. Шығарманы тест арқылы қорытындылау
Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ
І Қызығушылықты ояту.
“Қыран құс” туралы видео ролик көрсете отырып бүгінгі сабағымыз не жөнінде болатынын сұрау.
ІІ Мағынаны тану
1 Жаңа сабақты түсіндіру:
2 Электронды оқулықтан “Кәрі қыран” өлеңін тыңдау
3 Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіну
4 Сөздікпен жұмыс
Зәбірі артты-азап көрді, жапа шекті
Албасты басқыр-жамандық келсін
Тәрк ету-дүниеден безу
Танымдық тапсырмалар
І топ Қыранға сипаттама беру
ІІ топ “Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы” жоба қорғау
ІІІ топ «Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» өлең шығару
ІV топ Кәрі қыран өлеңін С.Сейфуллиннің “Лашын” өлеңімен салыстыру
Толғаныс
“Қыранша өмір сүргенің- Қандай бақыт!”
Эссе жазу
Үйге тапсырма:
І топ Қ.Мырза Әлі туралы ақын-жазушылардың пікірлері
ІІ топ “Қыран жетпеген жерге қиял жетер” ойтолғау
ІІІ топ өлең мазмұнына сәйкес сурет салу
ІV топ Қ.Мырза Әлі туралы қосымша іздені
Бағалау.
Оқушының аты-жөні Өз бағасы Топ бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға