Внеклассное мероприятие на тему ?аза? поэзиясыны? алып айсбергі — ?адыр Мырзалиев


I - жүргізуші: Сөзің семсер, ойың орда бұзады.
Өзің едің өлең - жырдың қыраны,
Кітабыңды көрген сәтте сөреден
Желкілдеді көңілімнің құрағы
Көкпарыңды сиясы әлі кеппегенОқымақ боп қолыма алдым еппенен1644015191135Оқығанда атойлаған жырыңд
Жүзім жылып болып кетті от денемII - жүргізуші: Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр МырзаІӘли шығармашылығына арналған «Қазақ өлеңінің-Қадыры» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер
I - жүргізуші: Асыл сөздің абызы. Сезімі ұшқыр, ойы терең, әлеуметтік мүддесі биік, интелектуалдық қарымы кең, сөз патшалығының феномені атанған ақының өмірі мен шығармашылық жолын кітапханашы С.Нургалиева см баяндайды.
Баяндама оқылады.
II - жүргізуші: Туған елден бастапсың - ау жыр басын
Туған жырың сыр айтысар сырласың
Мен неліктен іркілемін жырламай
Асқар таудай алдында сіз тұрғасын
I - жүргізуші: Біздің халқымыздың Атамекені ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Туған жер дегенде қаны қызбайтын, жүрегі елжіремейтін адам баласы бола қоймас. Олай болса ақының туған жер тақырыбындағы поэзиясына кезек береміз.
3 оқушы өлең оқиды.
II - жүргізуші: Ән:
I - жүргізуші: От ішінде, Өрт ішінде жүргенде,
Басыңды име, тізе бүкпе именбе!
Ер еңкейсе еңкейеді жалғыз - ақ
Туған жердің топырағын сүйгенде – деген жолдарда «Туған жер» қасиетінің түсінігі адам тілінің жеткен Хантәңірісі ол патриоттық ұғымның поэзия тілімен берілген асқақ сәулесі, анық.
II - жүргізуші: «Табиғат» деген ұғым халық ұғымында «Туған жер» деген сөзбен мағыналас келеді. Сол табиғат тарылып, өзен – өзекке, теңіз – тұнбаға, орман – шыбыққа айналғанда ақын былайша шырқайды.
3 оқушы өлең оқиды.
II - жүргізуші: Ән:
I - жүргізуші: Тұрғанмен, ана, алшақта,
Ұмытпайды ұлың парызды,
Көңілім менің сен жақтаКомпастың тілі тәрізді – ендігі кезекті ақынның «ана» тақырыбындағы поэзиясына береміз.

II - жүргізуші: Ән: «Асыл әжем»
I - жүргізуші: Махаббат тақырыбы – қай халықтың да есігіне еніп, терезесінен жарық болып түскен ортақ тақырып. Ал қазақтың Қадыры үшін ешқашан тақырыбын жоймас мәңгі тақырып. Оның қай кітабын алсаң да «Махаббат» деген ұғымның жаңа бір ұғымын танығандай боласың.
Қос қарашық мені көріп жанбаса
Бақыт деген бақыт емес далбаса,
Өмірді шын сүйем деген өтірік
Өле сүйген бір адамың болмаса.
II - жүргізуші: Жүрегіңе сен де ие, мен де ие,
Махаббатпен ойнама ол киелі!
Ғашықтықтың азабын тартқан жандыҚатарына қосар ем әулиенің – деген ақын қаламы қызға емес өзіне ғашық қылғандай. Махаббат отына өртенгенін, суығына тоңғанын батыл айтса да байыптан аспаған.
Ендігі кезекті «Махаббат» тақырыбына береміз.
Ғинуаров Думан мен Сарсенова Лидия
I - жүргізуші: Ән:
II - жүргізуші: Адам деген ардақты атты қанаттыға қақтырмай, аяқтыға алдырмай әлдилеу – ақынның ғасыр алдындағы абыройлы ісі іспетті.
I - жүргізуші: Тереңнен тыныстап, ғұмырнамалық мұратын танытады. Әсіресе адамның ар - ождан төңірегіне топтастыра білген толғаулары кім - кімді де еріксіз ойландырады. Ендігі кезекті ақынның философиялық ойларына берейік.
2 оқушы
II - жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі жыр саңлақтары жүрек тұсымыздағы өлең иесі туралы не дейді екен.
II - жүргізуші: Ақынның 1томдық драмалық шығармаларына енген «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан», «Жаралы жолбарыс», «Әмір Темір», «Төле би» либреттасы бар.
Ендігі тамашалайтындарыңыз «Төле би» либреттасы.
Қортынды сөз ауыл кітапханашысы С Нургалиевага берілді
АБАЙ АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ