Амалдарды? орындалу т?ртібі та?ырыбында?ы математика п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар (2 сынып)
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Математика Мектеп: Шаған ЖОББМ
Күні: Мұғалім: Мухамбетжанова С.О.
Сынып: 2 Қатысқаны: Қатыспағаны:
Бөлім:2 Менің отбасым және достарымСабақтың тақырыбы: Амалдардың орындалу тәртібі
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
Табыс критерийлері Барлық оқушылар:
екі- үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады, амалдардың орындалу тәртібін біледі:
Көпшілігі:
екі - үш жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады, амалдардың орындалу тәртібін орындай алады
Кейбір оқушылар:
екі - үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады, амалдардың орындалу тәртібін түсіндіре біледі.
Алдыңғы сабақ екі - үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәні, амалдардың орындалу тәртібі
Тілдік мақсат Пәндік лексика және терминология:
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
-Қосылғыштарды тиімді топтауға бола ма?
-Сандарды ретімен және кері ретпен санай аласың ба?
-Жақшасыз берілген екі-үш амалдың өрнектің мәнін қалай табуға болады?
-Жақшалы өрнектің мәнін ше?
-Амалдардың орындалу тәртібін көрсете аласың ба?
Жоспарланған уақыт Жоспар жұмыс Ресурстар
Ширату.
Санамақ арқылы тіл жаттықтыру.
Бас бармағым - атам,
Атам - үйдің данасы.
Балаң үйрек-әжем,
Әжем - үйдің анасы.
Ортаңғы терек - әкем,
Әкем - үйдің панасы.
Шылдыр шүмек - анам,
Анам - үйдің ажары.
Кішкене бөбек – мен,
Мен – бәрінің базары. А-4 қағазы, домино, қима қағаздар, слайдтар,
Қызығушылығын ояту
(Ұ)«Ойлан, тап!» ойыны №1
С Ы О
А Т Б
Алдымен қай әріп қандай таңбамен өрнектелгеніне назар аудар. Төменде берілген таңбалар тізбегіне сәйкес келетін әріптерді орындарына қойып оқысаң, бүгінгі сабақта не туралы үйренетінімізден хабардар боласың.
Шешімі: отбасы. Ендеше бүгін сабағымызда отбасы шежіресі туралы, отбасы мүшелері туралы, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйласымды қарым-қатынасы жайлы болмақ.
Сурет бойынша отбасы туралы мәліметтер беру.№2
Домино арқылы жаңа сабақтың мақсатын ашу.
Мақсат қою.
(МК) Амалдардың орындалу ретін түсіндіру. №3
Топтық жұмыс.
1 топ 2 топ 3 топ
34+23 65+24 52+47
89-65 98-77 99-62
Топтық жұмысты карусель арқылы бірін-бірі бағалайды.
Жұптық жұмыс
100-20-10= 14-(6-4) =
10+(40-20)= ( 40+30)-(10+20) =
Өздік жұмыс.
Жұптық жұмыстың жалғасы болып табылады. Амалдардың орындалу ретін анықтап алған соң, әр оқушы сол берілген өрнектің мәнін өзі табуы қажет.
Қалыптастырушы бағалау.
Бармақ ойыны.
Соңы -Жақшасыз берілген екі-үш амалдың өрнектің мәнін қалай табуға болады?
-Жақшалы өрнектің мәнін ше?
-Амалдардың орындалу тәртібін көрсете аласың ба?
-Отбасы бөлімі бойынша "Мәңгілік ел" идеясының құндылығын ашу.
Кері байланыс.
-Егер жаңа тақырыпты меңгердім, өзім орындай аламын десеңіз,жасыл қарындашты;
-Егер түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін десеңіз,сары қарындашты;
-Егер ешнәрсе түсінбедім, орындауда қиналамын десеңіз, қызыл қарындашты көтере қойыңыз.
Қосымша мәліметтер
Дифференциация
Оқушыларға тапсырмалар барысында қосымша сұрақтар қойып, өз ойын дәлелдеу. Бағалау
Оқушылар сабақтың соңында:
-жақшалы және жақшасыз өрнектің
мәнін табады;
-амалдардың орындалу тәртібін біледі.
Пәндік байланыстар:
Әдебиет, өнер пәндерімен т.б.
Рефлексия
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай
ауытқулар болды ма,неліктен?