Конспекты О?ушыларды? к?шеде ж?не жолда ?зін -?зі ?стау ережесі


Жолда жүру ережесі 2.09.2015
Сабақтың тақырыбы: “Оқушылардың көшеде және жолда өзін-өзі ұстау ережелері»
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .                                      2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол  
                                          ережесінің белгілерімен таныстыру                                      3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін                                         сақтауға тәрбиелеу.
 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
 Сабақтың барысы:     1. Ұйымдастыру кезеңі : Кіріспе :
 «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
 Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.
 Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
 Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ? Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
 Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын . ІІ. Негізгі бөлім:
 Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
 Жұмбақтар
 1.  Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,
 Жол тәртібін нұсқаған.                                                    Адам тасып аялайды.
 Өміріңді  күзеткен, (Автобус)
 Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)
 3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,
 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,
 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)
 5. Арқаным бар тым ұзын,
 Ала-алмайсың бір үзім.
 Табыңдаршы, балалар,
 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)
 6. Өзі сөйлей білмейді,
 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
 Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.
 1. Неге ? Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
 2.  Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
 3. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол . 4. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.
 Тақтада
 Қызыл – Тоқта ! Сары  – Сақтан ! Жасыл – Жол ашық!
 Құндызай :  Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем  баспа  алға ! Диана: Сары  көзін ашқанда , Қарап қалма  аспанға ! Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда , Өте  бергін , жасқанба !Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.
 Ән: Бағдаршам
 1.  Көшеде біз сақ болайық , Қаймықпасын ата – ана . Жолда сен бол  лайық,
 Жас ұлан деген  атқа
 Қ- сы : Әрқашан күн  сөнбесін,
 Аспаннан бұлт  төнбесін . Қасымда болсын анам,
 Болайын мен де аман ! 2. Жолда жүру әліппесін
 Білген жөн бес саусақтай.
 Сонда ғана жүре  аласың , Сен өзіңді сау сақтап
 Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
 Инспектор : Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
 Ауырса адамды, аңды да  емдейді . Отырған мынау Медбике апаға
 Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
 (Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
 Инспектор : Апа, қараңыз мына  сұмдықты , Маймақты кім  қыңжылтты ? Мед.бике:
 Маймағым, не  болған өзіңе,
 Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ? Аю:
 Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,
 Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.
 Жармасып бал тасыр машина үстіне
 Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
 Мед.бике:
 Бір асар тәтті бал үшін,
 Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.
 Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
 Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
 Аю.
 Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
 Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?
 Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
 Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
 Инспектор:
 Көреген, дәу қырағы.
 Көшемізде тұрады.
 Оның аты – бағдаршам,
 Жол сілтейді әрқашан.
 Ол бергенде команда,
 Бағынамыз әмәнда.
 Бағдаршам:
 Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
 Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
 Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,
 Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
 Бағдаршам:
 Ашса кезек үш көзін,
 Айтты деп ұқ үш сөзін.
 «Тоқта, сақтан, жол ашық!»
 Жүрме жолға таласып.
 Диана:
 Төрт топтан құралған,
 Белгілер туыстай.
 Жол сілтеп тұрады.
 У-шусыз ұрыспай.
 Сақтандыру , ескерту белгісі :
 Қып – қызыл  үшбұрыш,
 Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.
 Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,
 Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.
 Тыйым салу  белгісі:
 Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
 Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .
 Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,
 Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.
 Міндеттеу белгісі Томирис : Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,
 Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.
 Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
 Абай бол , шартыңды міндетті  орында !
 Ңұсқау белгісі Ислам: Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
 Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.
 Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,
 Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.
 Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
 Қорытындылау : Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
 Ирек – ирек көшелер,
 Көше деген мың ирек.
 Қиындыққа әйтсе де,
 Үйренесің біртіндеп.
 Барар жерге асықпа,
 Бәйге алмайсың бұрын кеп.