Математика Ж?здіктермен санау.Мы? 2-сынып


23.02.2015
Келісемін:.............................. Бекітемін:.............................
Сабақтың тақырыбы: Жүздіктермен санау. Мың.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдістері: сұрақ - жауап, көрнекілік, слайдМақсаты:білімдік: Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.дамытушылық: Математикалық тілін, логикалық есептер арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуКөрнекі құралдар: схемаларСабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектену
- Ал, енді қандай баға алатындарыңды айтыңдаршы?Біз білімді баламыз,Күнде бестік аламыз.Жалқаулықты тастаймыз,Жаңа сабақ бастаймыз.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғынОқысаң жалықтыра қоймайтұғынҒылымдар патшасы боп дараланыпМатематика – қызықты тойматұғын – деп математикаға осылай баға берген.
Олай болса бүгінгі математика сабағын бастаймыз.
- Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрадыІ кезең: «Ойна да, ойла»ІІ кезең: « Ақылыңа ақыл қос» ІІІ кезең: « Білгеніңді дәлелде»
ІІІ. Қайталау «Ойна да, ойла»
«Иә» «Жоқ» ойыны1. Азайту қосуға кері амал
2. 1 сағатта 60 минут бар
3. Бір тәулікте 30 сағат
4. 9+7 өрнегінің мәні 17
4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара геометриялық фигураны қалай атаймыз?
5. 1 дм 4см дегеніміз 16 см
6. Қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын периметр деймиз
7.қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні азайтудың компоненттері
8. 1 ғасырда 30 жыл бар
9. 24 бір таңбалы сан
10. 465 санында 5 жүздік бар
Ауызша есептеу
23+56, 100-46, 35+51, 90-28, 32+64, 78-16, 23+77, 78+22, 94-50
Мына жұлдызайдың көңіл-күйі қандай?
Ал сендердің көңіл-күйлерің қандай?
Ендеше осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды жалғастырамыз. Смайликтер тарату
Көркем жазу
Аулада 5 үйрек,Қорада 3 үйрек.1 үйрек тығылды,1 үйрек жығылды.Қалғаны неше үйрек? ( 6 ) орысша, ағылшынша
Жаңа ғана шалғында6 бұзау жүр еді,Әлде шаршап қалды ма,Жатып қапты біреуі,Нешеуі енді жайылып,Айт жүргенін айырып. (5 ) орысша, ағылшынша
6 аламаның 2-уін
  Досың сұрап алады.
  Айтшы сонда нешеуі
  Өз қолыңда қалады.     (4) орысша, ағылшынша
Жазу
а/ Екі таңбалы сандар құрастыру
б/ үш таңбалы сандар құрастыру
Ең кіші үш таңбалы сан?
Ең үлкен үш таңбалы сан?
Неше бірлік, неше ондық, неше жүздік бар?
ІІ кезең: « Ақылыңа ақыл қос»
Жаңа тақырып
999+1=1000
1000 мың саны неше таңбалы сан?
Оқулықпен жұмыс
3 - тен 9 - ға дейін біртіндеп 1 - ді қоса отырып сана;10 - нан 5 - ке дейін біртіндеп 1 - ді азайта отыра сана;20 - дан 70 - ке дейін біртіндеп 10 - ды қоса отырып сана;90 - нан 50 - ге дейін біртіндеп 10 - ды азайта отырып, сана;Екі жүздіктен тоғыз жүздікке дейін біртіндеп 100 - ді қоса отырып сана;
Сергіту сәті.
№3 Мына сандардың әрқайсысында неше жүздік бар.100 200 300 400 500 600 700 800 900Осы сандарды кему ретімен дәптеріне көшіріп жаз. Әр санның жүздігін көрсететін цифрдің астың сыз. Сандарды салыстыр.
№4 Мына сандарды қандай топтарға бөлуге болады?500, 9, 83, 700, 100, 45, 0, 3, 90, 200, 77, 300, 6, 22, 2?Қай топтағы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеуге болады?
№5 Есептерді шығар.Берілгені:Қой - 30Сиыр -? 20 - сы кемЖылқы -? 5 - уі кем.Шешуі: 30 - 20=10 сиыр10 - 5=5 жылқыІІІ кезең: « Білгеніңді дәлелде»1/«Тез есепте» ойыны.Барлық қабырғасы тең екен,Өлшеп көрсем төрт екен.Табуды біз үйрендік,Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?
Бұрыштары тік болса,Қабырғасы төртеуден.Ұзындығы 3 болса,Ені оның 2 - ге тең.Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?
2/ «Адасқан жақшалар»
17 – 11 – 5 = 1175 + 4 – 30 = 4980 – 13 – 5 = 7296 – 40 – 6 = 5019 – 9 + 2 = 1275 – 16 + 4 = 55

3/ Логикалық тапсырмалар
Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг)
Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (көрші)
1. апам ала сиырын сауды. Ол 3 л сүтті бидонға құйды, сонда шелекте 4 л сүт қалды. Ала сиыр қанша литр сүт берген? (7 л)
Кітап 20 тг тұрады. Сәуле осы кітапты сатып алайын десе, 4 тг жетпейді. Сәуленің неше теңгесі бар? (16тг)
1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)
Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар?
Жүздіктермен кім санап береді?
Бүгін біз қандай санмен таныстық?
1000 саны неше таңбалы сан?
Ең үлкен үш таңбалы сан қандай?
235. 649. 876. 104, 550, 170
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл және Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл
Жүрегі қазақ деп соғып тұрған адам осы атаулы мерекеге өз үлесін қосады, ал сендер жақсы оқығандарын қосқан үлестерің болады. Себебі біздің еліміздің болашағы өздеріңсіңдер.
Ал, енді алған жұлдызайларыңды мына Табыс сатысының баспалдағының өздеріңнің таңдауларың бойынша жабыстырасыңдар
Рефлексия
«Табыс сатысы» әдісімен сатының
1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*,
2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*,
3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН*
Бағалау