М?тінді теру ережесі. М?тін бойымен жылжыту
5 сынып«______» «____________» 2016 ж
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WORD PAD мәтіндік редакторымен таныстыру және сол мәтіндік редакторды пайдалана отырып, құжатқа мәтін жазуды үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілеітін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;
Тәрбиелілік: Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктері: компьютер, мультимедиялық тақта, презентация, ілме қағаздар, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Біз өткен сабақта “ PAINT графиктік редакторы ” тақырыбын аяқтадық. Кімнің мүмкіндігі бар, сол оқушылар үйден тапсырма орындап келу керек болатын. Ал қане, жұмыстарыңызды тапсырыңдар... Өткен тақырып бойынша оқушылар тест тапсырмаларына және компьютерде «Менің үйім» атты суретті салып беретін болады.
III.Жан –жақты білімін тексеру
PAINT графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
PAINT графиктік редакторы ағылшын тілінен аударғанда
қандай мағына білдіреді?
PAINT графиктік редакторының терезесі қандай
элементтерден тұрады?
IV. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз WordPad мәтіндік редакторында қандай жұмыс істей аламыз: Mәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен бірге графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады. Соның ішінде бүгін қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту туралы түсінік береміз.
V. Жаңа сабақ
Балалар енді біздер теория мен практиканы ұштастыра отырып, осының ішінде мәтінді енгізуге тоқталып кетеміз. Келесі сабақтарда әрқайсысына жеке- жеке тоқталып кетеміз. Мәтіндік процессор- кез- келген мәтіндік құжаттарды автоматты түрде өңдейтін программалар тобы. Оларды мәтіндік редактор деп те атайды.
WordPad мәтіндік редакторы.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзіндлерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін- біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортиасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерде қысып жазып қоюға да болады.
WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым міәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WordPad бағдарламасын іске қосу.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск- Программы- Стандартные - WordPad . Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көр бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
4754245125730Жолақ
00Жолақ
2319655125730Жылдам қол жеткізу тақтасы
0Жылдам қол жеткізу тақтасы
3170378163225138410916322500
33191452279015Жай- күй жолы0Жай- күй жолы
28194001449705Сызғыш
00Сызғыш
13841081035449WORDPAD батырмасы
0WORDPAD батырмасы
2213448246021237224448549901235252216742
Мәтін теру ережелері:
Бас әріпті немесе символды жоғарғы регисторден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса- Caps Lock пернесін пайдалану керек.
Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
Дефис бос орынсыз қойылады.
Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
Ұзын сызықша алдына да, соңынада бос орынмен қойылады.
Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды.
Enter пернесін абзацтың соңында басады.Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжыту:
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.
Жаңа тақырып бойынша сөзжұмбақ шешейік. W 1 H O M E 6 R C 2 P A G E D O W N A 3 P A G E U P 4 A 7 S H I F T 5 E N D L N O T C E K R 1. Мәтін бойынша жолдың басында қандай пернелермен жылжытуға болады?
2. Мәтін бойынша бір бетке төмен қандай пернелермен жылжытуға болады?
3. Мәтін бойынша бір бетке жоғары қандай пернелермен жылжытуға болады?
4. Қандай пернені абзацтың соңында басады? 5. Мәтін бойынша жолдың соңында қандай пернелермен жылжытуға болады?
6. Бас әріппен бірнеше сөз енгізу үшін қандай перне қолданылады?
7. Бас әріпті немесе символды енгізу үшін қандай перне қолданылады?
Сергіту сәті
Мен информатик болғым келеді! Суретте берілген компьютердің құрылғыларының аттарын жазыңыз.
VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
Практикалық жұмыс
Барлық оқушылар жеке- жеке тапсырмалар орындайды.
Сәйкестендіру. WordPad мәтіндік редакторының батыраларының қызметтерін анықтаңыз.
БатырмаҚызметі
Жаңа құжат құру
Сақталған құжатты ашу
Құжатты сақтау
Құжатты баспаға шығару
Қиып алу
Көшіру
Қою
Қаріп өлшемі
Жартылай қалың
Курсив
Асты сызылған
-788670725170 Қаріп түрі
44780201708150WordPad мәтіндік редакторының терезесін жазып шығыңыз.
1905000139700031172161630330012776201606550
88392015049500
10226011744770
361759548895
15010671350190
33407359525
3754755520700318071525527000
Жылдам қол жеткізу тақтасы2) Жолақ3)Сызғыш4) Жай- күй жолы5) WORDPAD батырмасы
Компьютермен жұмыс
Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде теріп ,жаз.
VII. Бекіту кезеңі.
WORDPAD бағдарламасын қалай іске қосамыз.
2) WORDPAD бағдарламасының терезесінің элементтерін атаңыз?
3) Мәтін теру ережелерін айтыңыз?
Word-та нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз. Барлық оқушылар жеке- жеке айтып шығады.
2755265762000016383007556500
299974018097500175069588900WordPad
00WordPad
841375146050029679909969500
1351915463550027552654635500241546616372700
Сабақта жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, бүгінгі сабаққа қысқаша шолу жасау арқылы сабақты қорытындылау.
Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.
VIII. Үйге тапсырма. §19- 20 тақырыпты оқу, оқулықтан тест тапсырмаларын орындап келу. «Менің мектебім» атты тақырыпта шығарма жазу, WordPad- та мәтінді теру.